Популярные темы

Әділет Шері таеквондодан (WT) жастар арасында Әлем чемпионатының қола жүлдегері

Дата: сегодня в 19:16 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Әділет Шері таеквондодан (WT) жастар арасында Әлем чемпионатының қола жүлдегері

Ташкентте таеквондодан (WT) жастар арасындағы Әлем чемпионатында Қазақстан қоржыны тағы бір жүлдемен толықты. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Қазақстан таеквондо (WT) федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жарыстың соңғы күнінде 51 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Әділет Шері қола жүлдені жеңіп алды. 

Жарыстың жартылай финалында ол Тунис спортшысы Малек Макронимен кездесті. 

Айта кетерлігі, бұл Қазақстан қоржынына түскен 5-ші жүлде. 

6 күнге созылған таеквондодан (WT) жастар арасындағы Әлем чемпионатында Айым Серікбаева жеңімпаз атанды. Ерасыл Ерзат, Ислам Медетбай, Алидар Абдукаримов және Әділет Шералы қола жүлдені иеленді. 

Ташкентте өтіп жатқан Әлем біріншілігіне барлығы 119 елден 1000-ға жуық жас даянг шебері қатысуда.

По сообщению сайта SportInfo

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями