Қазақстан құрамасы Қытайдың Санья қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы жағажайдағы Азия ойындарында өнер көрсетуін аяқтады. Ұлттық құраманың еншісінде сегіз медаль бар. Оның біреуі — алтын жүлде. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі ҚР ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Алтын медальді 69 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен джиу-джитсу шебері Нұржан Батырбеков жеңіп алды.
По сообщению сайта SportInfo