Популярные темы

Екі қазақстандық балуан Азия чемпионатының қола медалі үшін күреседі

Дата: вчера в 18:16 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Екі қазақстандық балуан Азия чемпионатының қола медалі үшін күреседі

Бішкектегі (Қырғызстан) Азия чемпионаты аясында әйелдер күресінен алғашқы жартылай финалдық белдесулер өтті. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz сілтеме жасап хабарлайды. 

Бүгін, 8 сәуірде бұл кезеңге дейін Қазақстан құрамасының екі өкілі жетті.

50 келіге дейінгі салмақта Марал Тәңірбергенова Олимпиада чемпионы Юи Сусаки (Жапония) қарсы белдесуде мерзімінен бұрын жеңіліп қалды.

76 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Гүлмарал Еркебаева моңғолиялық Даваанасан Энх-Амарға жол берді.

Осылайша, екі спортшы да қола жүлде үшін күреседі. Белдесулер 9 сәуірде өтеді. Дәл осы күні жұбаныш белдесуінде Елена Шалыгина (68 келіге дейін) сынға түседі.

По сообщению сайта SportInfo

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями