Мальтада футболдан 19 жасқа дейінгі Қазақстан қыздар құрамасы 2025/26 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу ойындарының екінші кезеңін өткізді. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі ҚФФ сілтеме жасап хабарлайды
Қыздарымыз В лигасының 3-тобында өнер көрсетіп, Болгария, Израиль және Мальта құрамаларымен кездесті.
Соңғы ойында Қазақстан WU-19 құрамасы Мальтадан жеңілді.
Қазақстан WU-19 — Мальта WU-19 — 0:1
Голдар: Микаллеф 61’
Қазақстан WU-19: Гук (Қ), Бекқожина (К), Толкачева, Муттари, Ермағамбетова (Цой 84), Мұратжан (Байжанова 65), Медведева, Омарова, Мейманбай (Холбаева 46), Айсаппар (Cұлтан 89), Әсел Жолболат (Максим 84).
Қосалқы құрам: Хайтметова (Қ), Головкова, Зекен, Ахметжан;
Аға бапкер: Ксения Постовая
Мальта WU-19: Мускат (Қ), Галеа, Бартоло (К), Микаллеф, Каллея, Тернер, Фарруджиа (Малия 67), Челесте, Мускат, Май Аззопарди, Францалана.
Қосалқы құрам: М. Мускат (Қ), Аттард, Заммит, Генам, Джайлс, Ш. Фарруджа, Камиллери, С. Мускат
Аға бапкер: Мелания Бажада
Төрешілер: Петра Вайдекова, Мартина Укропова (екеуі де — Словакия), Габриэла Гаджич, Йелена Кумер (екеуі де — Хорватия).
15.04.2026. Мальта, Та-Кали, «Центенари» стадионы
TELEGRAM
По сообщению сайта SportInfo