Arna Press,
02 марта 2026
в 20:38
Шығыс Қазақстандағы Алтай ауданы Октябрьский кентінде екінші республикалық «Бұқтырма балықшысы – 2026» мұз үсті балық аулау фестивалі өтті деп хабарлайды Arnapress.kz облыстың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Ауқымды шараға 300-ден астам адам жиналса, жарысқа ресми түрде 250 балықшы қатысты. Қатысушыларды Нұрымбет Сақтағанов құттықтап, өңірде ішкі туризмді дамыту мен бұқаралық спортты қолдаудың маңызын атап өтті.Жарыс қорытындысы бойынша бас жүлдені Роман Иванов иеленіп, 500 мың теңге ұтып алды.
SportInfo,
26 февраля 2026
в 05:36
25 ақпан Чемпиондар Лигасында 1/16 финалдың екінші матчтары өтті. Аталанта, ПСЖ, Реал Мадрид пен Галатасарай келесі кезеңге жолдама алды! Автор: Дамир Кульбаев. Ойын күнінің басты сенсациясы — «Аталанта»! Италиялық клуб алғашқы минуттардан бастап тізгінді өз қолына алып, екі матчтың қорытындысы бойынша есепті теңестіріп қана қоймай, алға да шықты. «Боруссия Дортмунд» таразы басын қайта теңестіргенімен, матчтың драмалық шешімі соңғы сәттерде белгілі болды — қосымша уақытта белгіленген пенальти «Аталантаға» 1/8 финалға жолдама сыйлады. «ПСЖ» — «Монако» және «Реал» — «Бенфика» текетірестерінде сенсация тіркелген жоқ.
SportInfo,
25 февраля 2026
в 04:46
Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіндегі қарымта кездесулердің алғашқы ойын күні мәресіне жетті. Автор: Кульбаев Дамир. Келесі айналымға «Атлетико», «Буде-Глимт», «Байер» және «Ньюкасл» жолдама алды. Өткен маусымның финалисі «Интер» үшін еурокубоктік дода аяқталды. Ал биылғы турнирдің тосын клубы саналатын «Буде-Глимт» сенсациялық серпінін жалғастырып келеді: әуелі «Атлетико», кейін «Манчестер Сити», енді міне миландықтар да олардың қарқынына төтеп бере алмады. «Ньюкасл» мен «Карабах» арасындағы текетіресте күтпеген жағдай тіркелген жоқ.
Arna Press,
24 февраля 2026
в 15:48
2026 жылғы 21 ақпан мен 2 наурыз аралығында Астана қаласында грек-рим, еркін және әйелдер күресінен U17 жас санаты бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Arnapress.kz.Ел біріншілігі жас спортшылар үшін үлкен сын әрі тәжірибе алаңы болды. Байрақты бәсекеде Абай облысының балуандары ел біріншілігінде жоғары деңгейде өнер көрсетіп, қайсар мінезі мен табандылығын дәлелдеді.
Arna Press,
24 февраля 2026
в 14:28
Кәсіпкер Арсен Томский Милан – Кортина қысқы Олимпиадасы чемпионы Михаил Шайдоровтың әкесі, алғашқы жаттықтырушысы Станислав Шайдоровқа уәде еткен Audi Q8 автокөлігін табыстады деп хабарлайды Аrnapress.kz кәсіпкердің әлеуметтік желісіне сілтеме жасап.Оның айтуынша, Олимпиада чемпионының тарихи жеңісінің артында жылдар бойғы тынымсыз еңбек, темірдей тәртіп пен үлкен құрбандық жатыр.«Мен Audi Q8 көлігін Станислав Шайдоровқа – Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровтың әкесіне, алғашқы жаттықтырушысына және осы жеңістің бастауында тұрған адамға сыйға тарттым.
SportInfo,
23 февраля 2026
в 12:36
Жезқазғанда Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 20 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы шахматтан чемпионаты өтті. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Қазақстан шахмат федерациясы сілтеме жасап хабарлайды. Жарыс үш түрден тұрды: классика, рапид және блиц. Жас жігіттер мен қыздар бөлек сайысты.
SportInfo,
21 февраля 2026
в 21:36
Конькимен жүгіруден Қазақстан құрамасының өкілі Елизавета Голубева Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарының жартылай финалында өнер көрсетті. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz сілтеме жасап хабарлайды. Спортшы әйелдер арасындағы масс-старт жарысында ел намысын қорғауда.
SportInfo,
18 февраля 2026
в 06:46
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарында қысқа бағдарламада өнер көрсетті. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz сілтеме жасап хабарлайды. Отандасымыз төрешілердің шешімімен 68.47 ұпай еншілеп, аралық 12-орынға тұрақтады.
Arna Press,
16 февраля 2026
в 11:58
Түркістан облысының Қазығұрт ауданына қарасты Алтынтөбе ауылында ерекше қабілетімен көзге түскен бүлдіршін өсіп келеді. Небәрі 4 жастағы Әли Адамбек ойша күрделі есептер шығарып, екі және үш таңбалы сандарды қиналмай есептейді. Көбейту амалдарын қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде еркін орындайтын балақайдың дарыны көпшілікті тәнті еткен.
SportInfo,
15 февраля 2026
в 01:56
Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындары аясында шаңғымен биік тұғырдан секіру жарысы аяқталды. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz сілтеме жасап хабарлайды. Ақтық бәсекеде ел намысын Илья Мизерных пен Данил Васильев қорғады. Нәтижесінде Илья Мизерных 281,6 ұпай жинап, 8-орынмен жарысты аяқтаса, Даниль Васильев 235,9 ұпай жинап, 27-орынға тұрақтады.
Arna Press,
13 февраля 2026
в 19:38
Ұлыстың ұлы күні қарсаңында ерекше әлеуметтік бастама қолға алынбақ. Журналист Нұрсейіт Жылқышыбай өзінің Facebook парақшасында жариялаған игі шара туралы Arnapress.kz тілшісіне айтып берді.Оның сөзінше, өзі басқарып отырған компания наурыз айында дүниеге келген және ұлына Кенесары есімін берген алғашқы он отбасыға 400 мың теңге көлемінде жөргекпұл табыстауды жоспарлап отыр.«Алда наурыз айы, Ұлыстың ұлы күні де жақындап келеді.
SportInfo,
13 февраля 2026
в 18:36
Шаңғы жарысынан Қазақстан ерлер құрамасының өкілдері Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарында кезекті мәрте жарыс жолына шықты. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz сілтеме жасап хабарлайды. Наиль Башмаков, Әмірғали Мұратбеков және Виталий Пухкало 10 шақырымдық жеке уақыт бойынша жарыста өнер көрсетті.
Arna Press,
13 февраля 2026
в 16:58
2026 жылғы 12 ақпанда Семей қаласындағы №51 мектепте 1-4 сынып оқушыларының аналар командасы арасында волейболдан жарыс өтті. Спорттық шараның негізгі мақсаты — ата-аналар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, бірлік пен ынтымақтастықты арттыру.Жарыстың ашылу салтанатында мектеп директоры сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тілеп, мұндай бастамалардың мектеп пен ата-ана байланысын нығайтудағы маңызын атап өтті.Сайысқа 1–4 сыныптан 54 аналар белсенді қатысып, командалар өзара келісім негізінде құрылды.
SportInfo,
13 февраля 2026
в 12:26
Сауд Арабиясында өтіп жатқан шосседегі пара велоспорттан Азия чемпионатының алғашқы жарыс күнінде еліміздің спортшылары 1 алтын, 4 күміс және 1 қола медаль еншіледі. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы сілтеме жасап хабарлайды.
SportInfo,
11 февраля 2026
в 21:36
Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарында биатлоннан әйелдер арасындағы жекелей сайыс өз мәресіне жетті. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz сілтеме жасап хабарлайды. 15 шақырымдық қашықтықта Қазақстан құрамасының атынан Милана Генёва мен Айша Ракишева бақ сынады.
Arna Press,
11 февраля 2026
в 18:18
Милан–Кортинада өтіп жатқан қысқы Олимпиада ойындарында фристайл-могулдан Қазақстан құрамасының қыздары финалдық кезеңге шықты деп хабарлайды Arnapress.kz Qazsport-қа сілтеме жасапЕкінші іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша Юлия Галышева 5-орын, Анастасия Городко 7-орын иеленді. Ал Аяулым Әмренова 10-сатыға тұрақтады.
Arna Press,
11 февраля 2026
в 17:08
Керекулік 9 тіл меңгерген, полиглот Айханым Окасова 17 жасында өз еңбегі арқылы бастапқы жарна жинап, Астана төрінен пәтер алғанын Arnapress.kz тілшісіне айтып берді. Айханым өз қуанышымен және алдағы жоспарларымен бөлісті.«Мен қарапайым отбасында өстім. Бүгінгі жетістіктерімнің артында үлкен еңбек пен отбасымның, әсіресе анамның қолдауы тұр.
SportInfo,
10 февраля 2026
в 22:06
Фристайл-могулдан Қазақстан құрамасының өкілі Анастасия Городко 2026 жылғы Олимпиада ойындарындағы алғашқы іріктеу кезеңіндегі өнеріне баға берді. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz сілтеме жасап хабарлайды. Еске сала кетейік, отандасымыз бірінші іріктеуде 12-орынға ие болып, финалға тікелей жолдама ала алмады.
SportInfo,
10 февраля 2026
в 00:06
Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарында конькимен жүгіру жарыстары жалғасуда. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz сілтеме жасап хабарлайды. 9 ақпанда әйелдер арасында 1000 метр қашықтықта медальдар сарапқа салынды. Бұл сайысқа Қазақстан атынан үш спортшы қатысты. Отандастарымыздың ішінде ең үздік нәтиже көрсеткен — Надежда Морозова.
Arna Press,
04 февраля 2026
в 11:08
Астана қаласындағы Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрында 2025 жылғы «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты жайлы өз әсерімен, жеңісімен Әсем Ережеқызы Аrnapress.kz тілшісіне бөлісті.ҚР Премьер-министрінің орынбасары — ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Қазақстан Жазушылар одағы Басқармасының Төрағасы Мереке Құлкенов қатысуымен өткен салтанатты кеш есте қаларлық болды. «Биыл «Айбоз» сыйлығына жеті номинация бойынша 180-ге жуық өтінім түскен.
SportInfo,
02 февраля 2026
в 13:46
Көне Түркістан нағыз Қазақстан шахматының астанасына айналды. 2026 жылғы 20–30 қаңтар аралығында мұнда, Олимпиада резервін даярлау орталығында, 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Елдің барлық 17 облысы мен республикалық маңызы бар үш қаладан келген мыңға жуық бала мен жасөспірім бағдарламаның үш түрі бойынша — классикалық шахмат, рапид және блиц — жүлделер үшін таласты.
Arna Press,
30 января 2026
в 11:58
Абай облысында тоғызқұмалақ федерациясы қайта жанданып, өңірде ерлер мен әйелдер арасында тоғызқұмалақтан біріншілік өтті. Осы жөнінде Arnapress.kz тілшісі тоғызқұмалақтан Абай облысының аға жаттықтырушысы Жарас Исахановпен сұхбаттасып, жетістіктері жайлы сұраған еді. «Қатысушылардың деңгейі жоғары дәрежеде болып, тартысты ойындар көрсетті.
SportInfo,
27 января 2026
в 12:06
2026 жылғы 26 қаңтарда Алматы қаласы FIFA™ футболдан әлем чемпионаты кубогының жаһандық туры аясындағы қалалардың біріне айналды. Кубокты FIFA-ның ресми өкілдері мен әлемдік футбол аңызы Марко Матерацци алып жүрді, бұл іс-шараның ерекше тарихи маңызын көрсетті. Қатаң күзетпен жеткізілген трофей Республика сарайында қойылды.
Arna Press,
27 января 2026
в 11:29
Семейдегі «Абай атындағы театр» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның жаңа директоры тағайындалғаны белгілі. Өңірдегі өнер ордасының бүгінгі ахуалы мен алдағы жоспары жайында білу үшін Arnapress.kz тілшісі театр басшысы Нартай Сарсенбаевтың жұмыс орнына барып, тілдесіп қайтты. Нартай Сарсенбаев қазақ кино әлеміне жаңа леп әкелген «Құнанбай», «Ұлы дала таңы», «Ахмет. ұлы ұстаз» сынды фильм, сериалдарда басты рөлді шебер сомдап, өзгеше қырынан танылды.
Arna Press,
26 января 2026
в 14:08
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Қаракөл орта мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімі. Сонымен қатар Қызылқоға аудандық «Ұлан» балалар мен жасөспірімдер клубында «Бес асық» ұлттық ойыны бойынша жаттықтырушы Қайрат Өміргүл Қайратқызының истаграм желісінде асық үйреткен видеосын көріп Arnapress.kz тілшісі байланысқа шығып, сұхбаттасты. «Ұлттық спорт түрі — бес асықты 2023 жылдан бастап жүйелі түрде үйретіп келемін.
Arna Press,
24 января 2026
в 15:48
Шаңғышы Әмірғали Мұратбеков алдағы Олимпиада ойындарында ел намысын қорғайды, деп хабарлайды Arnapress.kz Абай облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Екі аптадан кейін Италияның Милан және Кортина д’Ампеццо қалаларында XXV қысқы Олимпиада ойындары басталады. Бұл дүбірлі додаға Қазақстан атынан 36 спортшы жолдама алды.
Arna Press,
24 января 2026
в 14:28
КММ «Су және ойын спорт түрлері бойынша балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» 2025 жылдың сәуір айында Абай облысының әкімі Берік Уәлидің қаулысымен құрылды деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Мектептің негізгі мақсаты — балалар мен жасөспірімдерді спортқа баулу, олардың дене шынықтыруын дамыту және халықаралық деңгейдегі спортшылар даярлау.«Қазіргі таңда мектепте 7 спорт бөлімі жұмыс істейді: ескек есу слаломы, су добы (водное поло), жүзу, футбол, баскетбол, волейбол және футзал.
Arna Press,
23 января 2026
в 16:00
«Абай Жастары» бағдарламасы арқылы 30 үміткер пәтер алуға мүмкіндік алды, деп хабарлайды Arnapress.kz Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. Семей қаласында 2022 жылдан бері 35 жасқа дейінгі жастарға арналған «Абай Жастары» өңірлік тұрғын үй бағдарламасы жүзеге асырылып келеді. Аталған бастама өңір жастарын әлеуметтік қолдауға және тұрғын үйге қолжетімділікті арттыруға бағытталған.Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында Семей қаласының тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Маржан Мақсутхан мәлімдеді.Оның айтуынша, бағдарламаның басты артықшылықтарының бірі — жастарға арналған жеңілдетілген қаржылық шарттардың ұсынылуы.
Arna Press,
23 января 2026
в 15:58
Қалалық спорт жарысынан жеңімпаз атанған оқушылар облыстық сынға жолдама алды деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен жыл сайын 5–11 сынып оқушылары арасында өтетін Ұлттық мектеп лигасы – жасөспірімдер спортының дамуына серпін беретін ауқымды жоба.
SportInfo,
09 января 2026
в 04:56
«Реал Мадрид» Испания Суперкубогының финалына шықты. Автор: Дамир Кульбаев. Испания Суперкубогының жартылай финалында мадридтік дерби өтті. «Реал Мадрид» пен «Атлетико Мадрид» арасындағы кездесуде «королдік клуб» 2:1 есебімен турнирдің финалына жолдама алды. Матчтың 2-інші минутында Федерико Валверде есеп ашты.