Arna Press,
08 сентября 2026
в 17:48
4-7 қыркүйек аралығында Ақтөбе қаласында таеквондодан 21 жасқа дейінгі спортшылар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Байрақты бәсекеге еліміздің түкпір-түкпірінен үздік спортшылар жиналып, WT (World Taekwondo) нұсқасында бақ сынады. Қазақстанда екінші рет ұйымдастырылған чемпионатта Абай облысының намысын қорғаған Ильяс Қайратов 68 келі салмақ дәрежесінде ІІ орын иеленді.
Arna Press,
07 сентября 2026
в 16:18
4–6 қыркүйек аралығында Абай облысының аумағында мотоцикл, мопед және өзге де мотокөлік құралдарының қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған «Мотоцикл» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді, деп хабарлайды Arnapress.kz ПД сілтеме жасап. Іс-шараның негізгі мақсаты — екі дөңгелекті көлік құралдарын басқаратын жүргізушілердің жол қозғалысы ережелерін сақтауын қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және жол қауіпсіздігін арттыру.Полиция қызметкерлері мотокөлік құралдарының: тіркелуін және мемлекеттік нөмірінің болуын; қажетті құжаттарының болуын; жүргізушінің көлік басқару құқығын; техникалық жағдайын; мотошлем мен қауіпсіздік талаптарының сақталуын тексерді.Іс-шара қорытындысы бойынша 288 құқық бұзушылықтың жолы кесілді.
Arna Press,
07 сентября 2026
в 14:28
Павлодар облысында жүктілік туралы жалған медициналық анықтаманы пайдалану фактісі анықталды, деп хабарлайды Arnapress.kz ҚР Бас прокуратураға сілтеме жасап. Аталған құжат мас күйінде жол-көлік оқиғасын жасаған әйелге әкімшілік қамақтан жалтаруға мүмкіндік берген.Прокуратура жүргізген тексеру барысында анықтаманың жалған екені анықталып, нәтижесінде сот әйелді 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алды.Жалған медициналық құжатты рәсімдеуге байланысты пара алу және дәлелдемелерді бұрмалау фактілері бойынша кінәлі тұлға сотталды.
SportInfo,
05 сентября 2026
в 11:16
VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының аралық қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте бірінші орында тұр. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Астана қаласының Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 4 қыркүйектегі жағдай бойынша, ел спортшылары 55 медаль жеңіп алды.
Arna Press,
03 сентября 2026
в 14:18
Облыс әкімі Берік Уәли Семей қаласындағы қалалық маршруттарға қызмет көрсету үшін сатып алынған жаңа жолаушылар автобустарымен танысты, деп хабарлайды Arnapress.kz облыс әкімдігі баспасөзіне сілтеме жасап.«Таксомоторный парк» ЖШС әлеуметтік маңызы бар №1, 3, 16, 18, 22, 24, 26, 28, 29, 34, 36, 52 және №55 бағыттарға қызмет көрсетеді.
Arna Press,
31 августа 2026
в 14:48
VI республикалық «100 ӨЛЕҢ» көркемсөз оқу байқауында мыңдаған қатысушының арасынан суырылып шыққан жеңімпаз, автокөлік иегері Айгүл Бейсенбина додаға дайындық кезіндегі қиындықтары мен қызықтары жайлы айтып берді, деп хабарлайды Arnapress.kz Биылғы байқаудың бас жүлдесін Астана қаласы әкімдігінің №107 жалпы орта білім беретін мектебінің директоры, педагог-шебер, Ыбырай Алтынсарин төс белгісінің иегері Айгүл Бейсенбина иеленді.Айгүл Базарбайқызы 100 күн ішінде қазақ ақындарының 100 өлеңін жаттап, нағыз көркемсөз оқу шеберлігін көрсетті.«Биылғы «100 ӨЛЕҢ» байқауы ауқымымен де, қатысушылар құрамының ерекшелігімен де есте қалды.
SportInfo,
31 августа 2026
в 12:27
15 жастағы қазақстандық шахматшы Сауат Нұрғалиев Испаниядағы XXVII Open Internacional de Sants – Ciutat de Barcelona турнирінде екінші орынды иеленді, сондай-ақ екінші гроссмейстерлік норманы орындады. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Қазақстан шахмат федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Arna Press,
24 августа 2026
в 12:38
Семейдегі аспалы көпірде болған жол апаты видеосы әлеуметтік желіде таралды. Осы жөнінде Абай облысының Полиция департаменті ресми ақпарат берді, деп хабарлайды Arnapress.kzПД хабарлауынша, 23 тамыз күні сағат 23:00 шамасында Семей қаласындағы аспалы көпірде Mitsubishi Pajero және Lada Priora автокөліктерінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды.Алдын ала мәлімет бойынша, Mitsubishi Pajero автокөлігінің жүргізушісі көлік құралын басқара алмай, жолдағы қоршауға соғылған.
SportInfo,
21 августа 2026
в 15:56
Алматылық дзюдошы Әділжан Нұрбекен Эквадордың Гуаякиль қаласында өтіп жатқан кадеттер арасындағы әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алды. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Алматы қаласы Спорт басқармасының өкілдеріне сілтеме жасап хабарлайды. 50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Әділжан турнир барысында сәтті өнер көрсетіп, әлем біріншілігінің финалына шықты.
SportInfo,
21 августа 2026
в 15:07
Алматыдағы «Gorky Tennis Park» кешенінің топырақ корттарында 16 жасқа дейінгі теннисшілер арасында «Roland Garros Junior Series by Renault – Qualifications West and Central Asia» халықаралық іріктеу турнирі жалғасуда. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Arna Press,
21 августа 2026
в 10:18
Семей қаласында өнегелі өмірімен ұрпаққа үлгі болып жүрген отбасыларды дәріптейтін «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының облыстық кезеңі қорытындыланып, жеңімпаздар марапатталды, деп хабарлайды Arnapress.kz облыс әкімдігінің баспасөзіне сілтеме жасап. Салтанатты шараға Абай облысының әкімі Берік Уәли қатысты.«Мерейлі отбасы» – отбасы мәртебесін арттырып, ата-ананың бала тәрбиесіндегі рөлін айшықтауға және адамгершілік құндылықтарды дәріптеуге бағытталған маңызды жоба.
SportInfo,
20 августа 2026
в 11:47
Астанада 12 жасқа дейінгі теннисшілер арасындағы командалық Қазақстан Кубогы жалғасуда. Биыл оныншы рет ұйымдастырылып отырған мерейтойлық жарыс Beeline Arena Ұлттық теннис орталығының ашық хард корттарында өтіп жатыр және 22 тамызда аяқталады. Турнирге еліміздің 16 өңірінің құрамалары қатысуда. Әр команданың құрамында үш ұл, үш қыз және екі капитан бар.
Arna Press,
17 августа 2026
в 13:38
16 тамыз күні Мақаншы ауданындағы Қарабұлақ ауылдық округінің ашық аумағында құрғақ шөптің жануы орын алды, деп хабарлайды Arnapress.kz ТЖД сілтеме жасап.Өртті жоюға ТЖД, Шекара қызметінің, жергілікті атқарушы органдардың күштері мен құралдары және «Ауыл құтқарушылары» тартылды.Барлығы 77 адам және 10 техника жұмылдырылды.Жағдай бақылауда. Өрттің одан әрі таралуына жол бермеу бойынша қажетті шаралар қабылдануда. Өрттің ҚР мемлекеттік шекарасына өту қаупі жоқ.Фото: ТЖД видеосынан скрин
Arna Press,
17 августа 2026
в 11:38
2023 жылы «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты аумағында болған алапат өрт ел жадында ауыр із қалдырғаны белгілі. Қызметтік міндетін атқару барысында 15 орман қызметкері қаза тапқан қайғылы оқиға табиғи апаттың ауқымын ғана емес, адам өмірінің қаншалықты қымбат екенін де көрсетті. Осы қасіретті оқиға «38.
Arna Press,
14 августа 2026
в 16:18
Абай облысында жол апаттары салдарынан 1 адам қаза тауып, 13 адам түрлі дене жарақатын алды6, деп хабарлайды Arnapress.kz ПД сілтеме жасап. Оқиғалардың төртеуі Аягөз ауданында болып, 8 адам зардап шеккен. Сонымен қатар Бесқарағай, Жаңасемей, Жарма және Үржар аудандарында бір-бірден жол-көлік оқиғасы тіркелді. Үржар ауданындағы апатта бір адам көз жұмды.Мұндай қайғылы жағдайлардың басты себептерінің бірі — малдың қараусыз жайылуы.
Sports.kz,
12 августа 2026
в 20:59
Чемпион UFC в полусреднем весе Ислам Махачев отреагировал на громкие заявления своего следующего соперника Иэна Гэрри, передает Sports.kz со ссылкой на UFC Eurasia.Перед титульным поединком ирландец вспомнил знаменитый нокаут Конора Макгрегора в бою с Жозе Алдо. Гэрри отметил, что Макгрегор тогда встретился с первым номером рейтинга P4P, который не проигрывал десять лет, и нокаутировал его за 13 секунд.
Arna Press,
04 августа 2026
в 12:38
Ішкі істер министрлігі интернет пен әлеуметтік желілерде заңсыз контент таратқан стримерлерге қатысты бақылауды күшейтіп, республика бойынша 20-дан астам азаматтың жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Arnapress.kz ІІМ сілтеме жасап.Ведомствоның мәліметінше, көп қаралым, лайк және донат жинауды мақсат еткен кейбір стримерлер тікелей эфир барысында балағат сөздер айтып, әдепсіз әрекеттер көрсеткен, қауіпті пранктер ұйымдастырып, өзге азаматтарды қорлаған.
Arna Press,
03 августа 2026
в 13:38
Жарма ауданына қарасты Үкілі ауылы ресми түрде «Алкогольсіз ауыл» мәртебесіне ие болды, деп хабарлайды Arnapress.kz Абай облысы Полиция департаментіне сілтеме жасап.Бұл — ауыл тұрғындарының қоғамдық тәртіпті нығайтуға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға және қауіпсіз орта құруға бағытталған ортақ бастамасының нәтижесі.51 тұрғыны бар, 17 шаңырақтан тұратын ауыл халқы алкоголь өнімдерінен саналы түрде бас тартып, татулық пен бірліктің үлгісін көрсетіп отыр.
Arna Press,
28 июля 2026
в 16:08
Семей қаласының әкімі Әділет Нұрсағатұлы әкімдік отырысын өткізіп, шаһардағы тазалық пен абаттандыру мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Arnapress.kz қала әкімдігінің баспасөзіне сілтеме жасап. Жиынға қала әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары, әкім инспекторлары және мердігер ұйымдардың өкілдері қатысты.Отырыс барысында қала басшысы саябақтар, гүлзарлар, көшелер мен қоғамдық орындардың күтімінде бірқатар кемшіліктер бар екенін атап өтті.
Arna Press,
27 июля 2026
в 10:28
2026 жылғы 24 шілдеде Семей қаласының Пединститут ауданында 8 жасар баланың суға кетуіне байланысты қайғылы оқиға орын алды, деп хабарлайды Arnapres.kz ТЖД сілтеме жасап.Оқиға орын алған аумақ суға түсуге қауіпті учаске болып табылады. Аталған жерде қауіп туралы ескертетін арнайы белгі орнатылған болатын.
Sports.kz,
22 июля 2026
в 02:19
Первый номер рейтинга полусреднего веса UFC Иэн Мачадо Гэрри высказался о предстоящем титульном поединке против чемпиона дивизиона Ислама Махачева, передает Sports.kz со ссылкой на MMA Junkie.Бой возглавит турнир UFC 330, который пройдет 15 августа на арене Xfinity Mobile Arena в Филадельфии. На кону будет принадлежавший Махачеву пояс чемпиона UFC в полусредней весовой категории.
SportInfo,
20 июля 2026
в 14:36
Венгрия астанасында 15-19 шілде аралығында өткен Имре Поляк, Янош Варга және Иштван Козма мемориалы мәресіне жетті. United World Wrestling күнтізбесіне енген маусымның қорытынды рейтингтік турнирінде Қазақстан құрамасы еркін, әйелдер және грек-рим күресінен барлығы 12 медаль – 2 алтын, 3 күміс және 7 қола жүлде иеленді.
Arna Press,
13 июля 2026
в 16:48
Әр баланың бойындағы талантты дер кезінде байқап, оны шыңдау — ең алдымен ата-ананың қолдауынан басталады. Ы.Алтынсарин атындағы №37 мектептің 5 «В» сынып оқушысы Азиза Касенова – жастығына қарамастан халықаралық, республикалық және облыстық байқауларда топ жарып жүрген дарынды оқушылардың бірі. Оның шығармашылық жолы, жетістіктері мен армандары туралы анасы Айнұр Касымжанова Arnapress.kz тілшісіне әңгімелеп берді.Айнұрдың айтуынша, Азиза кішкентай кезінен өнерге жақын болып өскен. Ән айтуға, музыка тыңдауға ерекше қызығушылық танытып, кейін жетіген аспабын меңгеруге бел буған.
SportInfo,
08 июля 2026
в 13:17
Қазақстандық гроссмейстер Алишер Сүлейменов Бразилияның Матиньюс қаласында 28 маусым мен 5 шілде аралығында өткен X Torneio Internacional de Xadrez SESC Caiobá халықаралық турнирінің жеңімпазы атанды. Турнирге Оңтүстік Американың жетекші шахматшылары қатысқан 150 спортшы жиналды. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Қазақстан шахмат федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Arna Press,
07 июля 2026
в 11:08
Семей қаласында жол қозғалысының қауіпсіздігін арттыру және көлік кептелістерінің алдын алу мақсатында екі ірі қиылысқа жаңа «вафельді» жол таңбасы енгізілді, деп хабарлайды Arnapress.kz қала әкімдігінің баспасөзіне сілтеме жасап. Жаңа таңба мына мекенжайларда пайда болды:Шәкәрім даңғылы — Қабанбай батыр көшесі және Қабанбай батыр көшесі — Қаржаубайұлы көшесінің қиылысы.«Вафельді» жол таңбасы нені білдіреді?Сары түсті тор көзді таңба жүргізушілерге қиылысқа тек оны толық кесіп өте алатынына сенімді болған жағдайда ғана кіруге болатынын ескертеді.
SportInfo,
07 июля 2026
в 07:16
Қазақстандық теннисші Дамир Жалғасбай жасөспірімдер арасындағы Уимблдон турнирінің жұптық сынының бірінші айналымында жеңіске жетті. Бұл туралы Sportinfokz ақпарат агенттігі ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Шөп төсенішіндегі турнирде қазақстандық спортшы америкалық Джейк Секордпен жұптасып өнер көрсетуде.
Sports.kz,
05 июля 2026
в 22:39
Казахстанская теннисистка Анна Данилина в дуэте с американцем Джеймсом Трейси неудачно выступила на Уимблдоне-2026 в смешанном парном разряде, сообщает Sports.kz.На стадии 1/8 финала Данилина и Трейси встретились с парой Гвидо Андреоцци (Аргентина) / Алдила Сутджиади (Индонезия) и проиграли им в трех сетах — 6:7, 7:5, 3:6.
SportInfo,
05 июля 2026
в 10:36
Қазақстанның әйелдер арасындағы жұптық сындағы бірінші ракеткасы Анна Данилина сербиялық Александра Круничпен бірге Уимблдон-2026 турнирінің 1/8 финалына жолдама алды. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Екінші айналымда қазақстандық-сербиялық жұп украиналықтар Ангелина Калинина мен Даяна Ястремскаға қарсы ойнады.
Vesti.kz,
04 июля 2026
в 21:12
Лучшая теннисистка Казахстана в парном разряде Анна Данилина одержала победу в миксте на Уимблдоне-2026, передают Vesti.kz.Казахстанка в тандеме с американцем Джеймсом Трейси обыграла в первом круге представителей Великобритании Люка Джонсона и Эмили Эпплтон со счетом 7:5, 6:4.Встреча длилась 1 час 12 минут.
SportInfo,
04 июля 2026
в 10:36
Таиландтың Паттайя қаласында өтіп жатқан U20 жас санатындағы Азия чемпионатында әйелдер күресінен бәсекелер аяқталды. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі ҚР ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Қазақстандық балуан қыздар сары құрлық біріншілігінде екі күміс және үш қола медаль жеңіп алды.