Популярные темы

ақпарат: новости — страница 3

Қазақстан WU-16 құрамасының Халықаралық даму турниріне қатысатын құрамы анықталды

SportInfo, 28 апреля 2026 в 14:16

Қазақстан WU-16 құрамасының Халықаралық даму турниріне қатысатын құрамы анықталды
16 жасқа дейінгі Қазақстан қыздар құрамасы Талғар қаласында өтетін Халықаралық даму турниріне қатысады. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі ҚФФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Турнирге Қазақстаннан бөлек Эстония, Израиль және Өзбекстан қыздар құрамалары қатысады. Матчтар 3, 5 және 8 мамыр күндері Талғардағы ҚФФ Ұлттық құрамалар базасында өтеді.

Қазақстан ескек есуден Қытайдағы Азия чемпионатында 16 медаль жеңіп алды

SportInfo, 28 апреля 2026 в 11:06

Қазақстан ескек есуден Қытайдағы Азия чемпионатында 16 медаль жеңіп алды
Қытайдың Хэфэй қаласында байдарка мен каноеде ескек есуден Азия чемпионаты аяқталды. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі ҚР ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Ұлттық құрама бұл байрақты бәсекеде 16 медаль жеңіп алды. Алтын медальдар. Стелла Суханова – байдарка-бірлік, 1000 м. Ольга Шмелева – байдарка-бірлік, 200 м.

Бородулиха ауданындағы шахтада қайғылы оқиға болды

Arna Press, 28 апреля 2026 в 10:38

Бородулиха ауданындағы шахтада қайғылы оқиға болды
Абай облысының Бородулиха ауданында орналасқан Орлов өндірістік кешенінің шахтасында таудың опырылуы орын алды, деп хабарлайды Arnapress.kz полиция департаментіне сілтеме жасап. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, үйінді астында екі жұмысшы қалған. Құтқару жұмыстары барысында олардың бірі оқиға орнында көз жұмғаны анықталды.Екінші жұмысшы табылып, оған қажетті медициналық көмек көрсету үшін дәрігерлерге тапсырылды.Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.Фото: ЖИ

Қазақстандық пара жеңіл атлеттер әлемдік Гран-При сериясында 11 медаль еншіледі

SportInfo, 27 апреля 2026 в 17:36

Қазақстандық пара жеңіл атлеттер әлемдік Гран-При сериясында 11 медаль еншіледі
Марокконың Рабат қаласында пара жеңіл атлетикадан Гран-приде қазақстандық пара спортшылар 1 алтын, 4 күміс және 6 қола медаль жеңіп алды. Атап айтқанда, диск лақтырудан F-53 класында өнер көрсеткен Махамбет Серикалиев жеңімпаз, ал Санат Есмахамбет қола жүлдегер атанды. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстанның жасөспірімдері әлем чемпионатында 21 медаль жеңіп алды

SportInfo, 21 апреля 2026 в 12:26

Қазақстанның жасөспірімдері әлем чемпионатында 21 медаль жеңіп алды
Әр алтын медаль — бөлек спортшыға тиесілі. Бірде-бір қайталау, тоғыз түрлі есім, бір құрамада тоғыз әлем чемпионы. Міне, сербиялық Врнячка-Баня қаласында өткен рапид және блиц бойынша әлем чемпионатында қазақстандық жасөспірімдердің көрсеткен нәтижесі осындай. Бұл — осындай турнирлер тарихындағы еліміздің ең үздік медальдық көрсеткіші.

Мұхтар Шахановтың соңғы аманаты

Arna Press, 20 апреля 2026 в 11:18

Мұхтар Шахановтың соңғы аманаты
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі әйгілі қазақ ақыны, драматург, қоғам қайраткері, Қазақстанның Еңбек Ері, Халық жазушысы Мұхтар Шахановтың өмірден өтуіне байласты отбасы мен туған-туыстарына, жақындарына, қалың қазақ жұртына қайғыра көңіл айтады, деп хабарлайды Arnapress.kz Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап. Қазақстанның халық жазушысы, көрнекті ақын Мұхтар Шахановтың жары Ханшайым Шаханова мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа ашық хат жолдап, ақынның соңғы тілегін орындауға қолдау көрсетуді сұрады

Аида Балаева: «Қазақстанда грант алу үшін ҰБТ-ны екінші рет тапсыру мүмкіндігі жойылуы керек»

Arna Press, 18 апреля 2026 в 17:49

Аида Балаева:
Қазақстанда мемлекеттік грант алу үшін Ұлттық бірыңғай тестілеуді екі рет тапсыру мүмкіндігі жойылады. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәлімдеді, деп хабарлайды Arnapress.kz. Оның айтуынша, тестілеуді бірнеше рет тапсыру абитуриенттерді сапалы іріктеу мәселесін толық шеше алмайды.«ҰБТ-ны тұтастай өзгерту қажет.

Ауа райына байланысты Семейде автожолдар жабылды

Arna Press, 18 апреля 2026 в 17:49

Ауа райына байланысты Семейде автожолдар жабылды
17 сәуір күні сағат 09:00-ден бастап ауа райының күрт нашарлауына (қалың қар, көктайғақ) байланысты республикалық маңызы бар бірқатар автожолдарда қозғалысқа уақытша шектеу енгізілді, деп хабарлайды Arnapress.kz полиция департаменті баспасөзіне сілтеме жасап. Шектеу жол қызметтерінің арнайы техникасынан басқа барлық көлік түрлеріне қатыстыАтап айтқанда, KAZ07 тасжолының Семей – Қалбатау (756–906 км) және Қалбатау – Көкпекті (910–1002 км) учаскелері жабылды.

Air Astana мен FlyArystan-ға айыппұл салынды: авиаотын деректері бұрмаланған

Arna Press, 18 апреля 2026 в 17:48

Air Astana мен FlyArystan-ға айыппұл салынды: авиаотын деректері бұрмаланған
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі авиаотынмен қамтамасыз ету мәселелері бойынша жүргізілген тексеру нәтижесінде «Air Astana» АҚ және «FlyArystan» АҚ компаниялары тарапынан мәліметтерді бұрмалау фактілері анықталғалды, деп хабарлайды Arnapress.kz Көлік министрлігіне сілтеме жасап. Ведомствоның мәліметінше, авиакомпаниялар авиаотын көлеміне қатысты есептерде нақты емес ақпарат көрсеткен.

Әділет Шері таеквондодан (WT) жастар арасында Әлем чемпионатының қола жүлдегері

SportInfo, 17 апреля 2026 в 19:16

Әділет Шері таеквондодан (WT) жастар арасында Әлем чемпионатының қола жүлдегері
Ташкентте таеквондодан (WT) жастар арасындағы Әлем чемпионатында Қазақстан қоржыны тағы бір жүлдемен толықты. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Қазақстан таеквондо (WT) федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Жарыстың соңғы күнінде 51 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Әділет Шері қола жүлдені жеңіп алды.

Әділет Алмат дзюдодан Азия чемпионатының алтыны үшін айқасады

SportInfo, 17 апреля 2026 в 14:26

Әділет Алмат дзюдодан Азия чемпионатының алтыны үшін айқасады
Ордоста (ҚХР) өтіп жатқан дзюдодан Азия чемпионатында Ұлттық құрама спортшысы Әділет Алмат финалға шықты. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Ерлер арасындағы 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің жартылай финалында отандасымыз тәжікстандық Бехрузи Ходжазоданы жеңіп, кем дегенде күміс жүлдені қамтамасыз етті.

Қазақстан WU-19 құрамасы ЕУРО-25/26 іріктеуін аяқтады

SportInfo, 16 апреля 2026 в 10:46

Қазақстан WU-19 құрамасы ЕУРО-25/26 іріктеуін аяқтады
Мальтада футболдан 19 жасқа дейінгі Қазақстан қыздар құрамасы 2025/26 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу ойындарының екінші кезеңін өткізді. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі ҚФФ сілтеме жасап хабарлайды Қыздарымыз В лигасының 3-тобында өнер көрсетіп, Болгария, Израиль және Мальта құрамаларымен кездесті.

Қазақстан WU-19 құрамасы Израильден жеңілді

SportInfo, 13 апреля 2026 в 12:56

Қазақстан WU-19 құрамасы Израильден жеңілді
19 жасқа дейінгі Қазақстан қыздар құрамасы 2026 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Израиль құрамасына қарсы матч өткізді. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі ҚФФ сілтеме жасап хабарлайды. Кездесу Израиль құрамасының пайдасына 3:0 есебімен аяқталды. Голдарды Тамар (10), Аркоби (15) және Рот Хазан (26) соқты.

Бокстан Азия чемпионаты: Сабыржан Аққалықов алтын медаль жеңіп алды

SportInfo, 10 апреля 2026 в 13:36

Бокстан Азия чемпионаты: Сабыржан Аққалықов алтын медаль жеңіп алды
Қазақстандық боксшы Сабыржан Аққалықов Ұлан-Батырда (Моңғолия) өтіп жатқан Азия чемпионатында жеңімпаз атанды. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz сілтеме жасап хабарлайды. Жерлесіміз 75 келіге дейінгі салмақтың ақтық сынында өзбекстандық Жавохир Абдурахимовпен қолғап түйістірді. Бірінші үшминуттықта Сабыржан 4:1 есебімен басым түсті.

Қазақстан WU-19 құрамасы Болгарияға жол берді

SportInfo, 10 апреля 2026 в 10:56

Қазақстан WU-19 құрамасы Болгарияға жол берді
19 жасқа дейінгі Қазақстан қыздар құрамасы 2026 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Болгария құрамасына қарсы матч өткізді. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі ҚФФ сілтеме жасап хабарлайды. Кездесу Болгария құрамасының пайдасына 5:1 есебімен аяқталды. Қазақстан құрамасы сапынан Елизавета Медведева көзге түсті.

Гүлмарал Еркебаева — Азия чемпионатының қола жүлдегері

SportInfo, 09 апреля 2026 в 21:06

Гүлмарал Еркебаева - Азия чемпионатының қола жүлдегері
Қырғызстан астанасы Бішкекте өтіп жатқан күрестен Азия чемпионатында Қазақстан әйелдер командасының қоржынына қола жүлде түсті. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Аса ауыр салмақтағы (+76 кг) Гүлмарал Еркебаева кіші финалда Оңтүстік Корея палуаны Хван Ын Джудан мықты екенін дәлелдеді.

«Классик» Ибрагим Магомадов Азия чемпионатында қола жүлдеге ие болды

SportInfo, 08 апреля 2026 в 21:16

«Классик» Ибрагим Магомадов Азия чемпионатында қола жүлдеге ие болды
Қазақстандық балуан Ибрагим Магомадов грек-рим күресінен Бішкекте (Қырғызстан) өтіп жатқан Азия чемпионатында қола жүлдегер атанды. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz сілтеме жасап хабарлайды. Отандасымыз 82 келіге дейінгі салмақта қытайлық Руи Люмен қола медальді сарапқа салды. Алғашқы үшминуттықта Қытай балуаны 1:0 есебімен басым түсті.

Екі қазақстандық балуан Азия чемпионатының қола медалі үшін күреседі

SportInfo, 08 апреля 2026 в 18:16

Екі қазақстандық балуан Азия чемпионатының қола медалі үшін күреседі
Бішкектегі (Қырғызстан) Азия чемпионаты аясында әйелдер күресінен алғашқы жартылай финалдық белдесулер өтті. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz сілтеме жасап хабарлайды. Бүгін, 8 сәуірде бұл кезеңге дейін Қазақстан құрамасының екі өкілі жетті. 50 келіге дейінгі салмақта Марал Тәңірбергенова Олимпиада чемпионы Юи Сусаки (Жапония) қарсы белдесуде мерзімінен бұрын жеңіліп қалды.

Қазақстан WU-17 құрамасы Черногорияны ірі есеппен жеңіп, Еуро іріктеуінің А лигасына жолдама алды

SportInfo, 08 апреля 2026 в 10:56

Қазақстан WU-17 құрамасы Черногорияны ірі есеппен жеңіп, Еуро іріктеуінің А лигасына жолдама алды
Қазақстанның 17 жасқа дейінгі қыздар құрамасы 2025/2026 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Черногория құрамасын жеңді. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі ҚФФ сілтеме жасап хабарлайды. Кездесу Юлия Мамонова шәкірттерінің пайдасына 4:1 есебімен аяқталды. Қазақстан құрамасы сапында Ботагөз Жұмажанова дубль авторы атанса, Софья Ягудина мен Балжан Төлеміс бір-бір голдан соқты.

Нұрсұлтан Тұрсынов Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

SportInfo, 07 апреля 2026 в 20:16

Нұрсұлтан Тұрсынов Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды
Қырғызстан астанасы Бішкекте өтіп жатқан грек-рим күресінен Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы жүлде түсті. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Тәжірибелі отандасымыз Нұрсұлтан Тұрсынов (-87 кг) қола медаль үшін белдесуде түркіменстандық Довлетмұрат Байрамовты жығып, үздік үштікті түйіндеді.

Көркем гимнастикадан Гран-при турнирі: Францияда өнер көрсететін қазақстандықтар анықталды

SportInfo, 02 апреля 2026 в 11:16

Көркем гимнастикадан Гран-при турнирі: Францияда өнер көрсететін қазақстандықтар анықталды
Қазақстан құрамасы көркем гимнастикадан Францияның Тье қаласында өтетін Гран-при сериясының үшінші кезеңіне қатысады. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz сілтеме жасап хабарлайды. Жекелей жаттығулар бағдарламасында еліміздің атынан Ақмарал Ерекешева өнер көрсетеді. Сонымен қатар Қазақстан топтық жаттығуларда да бақ сынайды. Құрамға Аида Хәкімжанова, Жасмин Жүнісбаева, Мадина Мырзабай, Айзере Кеңес, Айзере Нұрмағамбетова және Кристина Чепульская енгізілді.

Türkiye Open: Батырхан Төлеуғали соңғы жарыс күнінде Қазақстан қоржынына алтын медаль салды

SportInfo, 01 апреля 2026 в 11:06

Türkiye Open: Батырхан Төлеуғали соңғы жарыс күнінде Қазақстан қоржынына алтын медаль салды
Кеше Түркияның Анталья қаласында таеквондодан Türkiye Open халықаралық турнирі мәресіне жетті. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Фейк ақпарат пен алаяқтық: Алматыда қоғам белсендісі ұсталды

Arna Press, 31 марта 2026 в 15:38

Фейк ақпарат пен алаяқтық: Алматыда қоғам белсендісі ұсталды
Алматы қаласында қылмыстық іс аясында күдікті ұсталды. Бұл туралы Қазақстан Бас прокуратурасы мәлімдеді деп хабарлайды Arnapress.kz.Ведомствоның хабарлауынша, тергеу әрекеттері барысында ҚР ҚПК-нің 128–131-баптарына сәйкес С. Бокаев ұсталған.Алдын ала мәліметтерге сәйкес, ол әлеуметтік желілерде жалған ақпарат таратып, қоғамда теріс пікір қалыптастыру мақсатында бейнематериалдар жариялаған деген күдікке ілінді.

Софья Самоделкина әлем чемпионатында өнер көрсетуін аяқтады

SportInfo, 28 марта 2026 в 11:26

Софья Самоделкина әлем чемпионатында өнер көрсетуін аяқтады
Мәнерлеп сырғанаудан Прагада (Чехия) өтіп жатқан әлем чемпионаты аясында әйелдер арасында жарыс аяқталды. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz сілтеме жасап хабарлайды. Қазақстан атынан Софья Самоделкина өнер көрсетті. Қысқа бағдарламадан кейін ол 12-орында тұрған еді. Еркін бағдарламадағы өнері үшін мәнерлеп сырғанаушы төрешілерден 120.58 ұпай алды.

Семейде театр күніне орай Көркемдік кеңес құрылды

Arna Press, 27 марта 2026 в 19:38

Семейде театр күніне орай Көркемдік кеңес құрылды
2026 жылғы 27 наурызда Семей қаласындағы Абай театры сахнасында Халықаралық театр күніне орай бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен баспасөз конференциясы өтті, деп хабарлайды Arnapress.kzАйтулы күн аясында Абай облысы әкімдігі қолдауымен театр өнерін дамытуға бағытталған жоғары Көркемдік кеңестің құрылғаны жария етілді.

Қазақстандық пара велошабандоздар Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды

SportInfo, 26 марта 2026 в 15:36

Қазақстандық пара велошабандоздар Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды
Филиппинде пара велоспорттан Азия чемпионатында қазақстандық пара велошабандоздар Кенжеғұл Сейтжан (стокер), Сұлтанмұрат Миралиев (пилот), Анастасия Калаус (стокер), Полина Братчикова (пилот) командалық микс дисциплинасында күміс жүлдегер атанды. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығына сілтеме жасап хабарлайды. «Азия біріншілігі рейтингтік жарыс болып табылады.

Нұрқанат Серікбаев Грузиядағы Grand Slam турнирінің чемпионы атанды

SportInfo, 20 марта 2026 в 23:16

Нұрқанат Серікбаев Грузиядағы Grand Slam турнирінің чемпионы атанды
Қазақстандық дзюдошы Нұрқанат Серікбаев Тбилисиде (Грузия) өтіп жатқан Grand Slam турнирінде алтын медаль жеңіп алды. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz сілтеме жасап хабарлайды. Нұрқанат 66 келіге дейінгі салмақтың финалында әзірбайжандық Туран Байрамовпен кездесті. Тартысты өткен белдесуде отандасымыз соңғы секундтарда ұтымды әдіс жасап, «юко» ұпайына ие болды.

Қазақстан құрамасының FIFA Series 2026 турниріне шақырылған ойыншылар тізімі белгілі болды

SportInfo, 20 марта 2026 в 03:26

Қазақстан құрамасының FIFA Series 2026 турниріне шақырылған ойыншылар тізімі белгілі болды
Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов наурыз айында өтетін FIFA Series 2026 турниріне арналған ойыншылардың нақты тізімін жариялады. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі ҚФФ-ға сілтеме жасап хабарлайды. Тізімге 26 футболшы енді: Қақпашылар: Темірлан Анарбеков («Қайрат»), Мұхамеджан Сейсен («Астана»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»). Қорғаушылар: Сергей Малый («Ордабасы»), Александр Мрынский, Александр Широбоков, Еркін Тапалов (бәрі – «Қайрат»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Ян Вороговский, Әлібек Қасым (екеуі де – «Астана»), Арсен Әшірбек («Елімай»), Мейрамбек Қалмырза («Тобыл»), Әділет Кеңесбек, Сағи Совет (екеуі де – «Қайсар»).

Жүргізуші куәлігін заңсыз алу схемасы: бірқатар өңірде жемқорлық фактілері ашылды

Arna Press, 19 марта 2026 в 14:08

Жүргізуші куәлігін заңсыз алу схемасы: бірқатар өңірде жемқорлық фактілері ашылды
Ұлттық қауіпсіздік комитеті мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы сыбайлас жемқорлық фактілерін анықтау және олардың жолын кесу бағытындағы жұмыстардың нәтижесін жариялады, деп хабарлайды Arnapress.kz. комитетке сілтеме жасапВедомство мәліметінше, 2026 жылдың басынан бері Астана қаласында, Ақмола және Павлодар облыстарында автомектеп қызметін ұйымдастыру және жүргізуші куәліктерін рәсімдеу барысында заңсыз сыйақы алу мен қызметтік өкілеттіктерді теріс пайдалану деректері тіркелген.Атап айтқанда, Астанада Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы басшысының бұрынғы орынбасары азаматтарға жүргізуші куәлігін алуға және емтиханнан өтуге көмектесу үшін жүйелі түрде пара алып отырған.

Тоқаев жаңа Конституцияны іске асыру жөніндегі шаралар туралы жарлыққа қол қойды

Arna Press, 17 марта 2026 в 16:18

Тоқаев жаңа Конституцияны іске асыру жөніндегі шаралар туралы жарлыққа қол қойды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Конституциясына және «2026 жылғы 15 наурызда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған Аrnapress.kz хабарлайды.Жарлықтың мәтіні Ақорда сайтында жарияланды.«2026 жылғы 15 наурыздағы республикалық референдумда Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылдануына байланысты ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:1.
Показано 30 новостей из 382