Бокстан Қазақстан ерлер құрамасы Өзбекстанның Янгиабад қаласында бірлескен оқу-жаттығу жиынына қатысып жатыр. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі ҚР ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Аталған жиынға Қазақстаннан бөлек, Өзбекстан, Тәжікстан және Корея құрамалары қатысуда.
Оқу-жаттығу жиынының бағдарламасы бойынша әр елдің боксшылары шеберлігін шыңдап, жалпы дене дайындығына жұмыс жүргізуде.
Айта кетейік, екінші Әлем кубогының кезеңі 15-21 маусым аралығында Қытайдың Гуйян қаласында өтеді.
По сообщению сайта SportInfo