Популярные темы

Юлия Путинцева «Ролан Гаррос» турнирін жігерлі жеңіспен бастады

Дата: сегодня в 10:06 Категория: Новости спорта


Юлия Путинцева «Ролан Гаррос» турнирін жігерлі жеңіспен бастады

Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева (№76 WTA) Франция ашық чемпионатының екінші айналымына сәтті өтті. Бастапқы кездесуде отандасымыз әлемдік рейтингте 58-орында тұрған Австралия өкілі Талия Гибсоннан басым түсті. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Тартысты өткен бәсеке 2 сағат пен 20 минутқа созылды. Алғашқы сетте есе жіберген Путинцева кейіннен нағыз мінез көрсетіп, ойын тізгінін өз қолына алды және келесі екі партияны айқын басымдықпен аяқтады – 4:6, 6:4, 6:1.

Париждегі «Үлкен дулыға» турнирінің келесі кезеңіне өту үшін Юлия Мария Осорио (Колумбия, №86 WTA) және Екатерина Александрова (Ресей, №14 WTA) арасындағы тартыстың жеңімпазымен шеберлік байқасады.

TELEGRAM

По сообщению сайта SportInfo

Тэги новости: Новости спорта
Поделитесь новостью с друзьями