Популярные темы

басе: новости — страница 25

Жаңа оператордан не күтеміз және көлік қашан арзандайды? Танымал автоблогер жауап берді 21 января 2022, 17:58

Tengrinews, 21 января 2022 в 18:13

Жаңа оператордан не күтеміз және көлік қашан арзандайды? Танымал автоблогер жауап берді
                21 января 2022, 17:58
Қазақстанда кәдеге жарату төлемі бойынша «Жасыл даму» бірыңғай операторы құрылғаны белгілі. Мемлекет басшысы жаңа операторға ақпанның соңына дейін мөлшерлемелерді қайта қарауды тапсырды. Бұл нені аңғартады? Көлік арзандауын күтуге болаһ ма? Tengrinews.kz тілшісінің сұрақтарына танымал автоблогер Дияс Уәлихан жауап берді.

«Қасіретті қаңтар»: Тоқаев кімдерді сынға алды? 20 января 2022, 13:01

Tengrinews, 20 января 2022 в 13:13

Қазақстанда 2022 жыл жаппай тәртіпсіздікпен басталды. Күні бүгінге дейін елде түрлі кадрлық өзгеріс болды. Тәртіпсіздіктер кезінде сынға қалып, қызметінен босатылғандар да болды. Tengrinews.kz тілшісі жаппай тәртіпсіздік кезінде Президент Тоқаев сынаған шенеуніктер туралы баяндайды. Ең әуелі Президент 11 қаңтарда өткен Мәжіліс отырысында Ұлттық қаіпсіздік комитеті «маңызды қауіпті байқамады» деп сынға алды.

«Басында шошып кеттім». Бойы аласа жігітке тұрмысқа шыққан қыз Желіні тәнті етті 19 января 2022, 15:50

Tengrinews, 19 января 2022 в 16:03

TikTok-та ерекше жұптың видеосы тарады. Видеода қалыңдық өзінен бойы кіші жігітке тұрмысқа шыққаны көрсетілген. Желідегі көптеген адам видеодағы күйеу жігіт оқушы екен деп ойлап қалған. Алайда ол ешқандай да оқушы емес. Видеодағы қалыңдық Гүлзат Әуезбекова 1999, ал жары Ғалымжан Бағытжанов 1996 жылы туған.

Мемлекет басшысының өкімімен Еркін Советбекұлы Ботақанов Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды

Akorda.kz (KZ), 19 января 2022 в 15:16

Мемлекет басшысының өкімімен Еркін Советбекұлы Ботақанов Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды
Қазақстан Республикасы ПрезидентініңҚазақстан Республикасы Президентінің

Мемлекет басшысының өкімімен Руслан Фатихұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы лауазымынан босатылды

Akorda.kz (KZ), 19 января 2022 в 15:06

Мемлекет басшысының өкімімен Руслан Фатихұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы лауазымынан босатылды
Қазақстан Республикасы ПрезидентініңҚазақстан Республикасы Президентінің

«Ең тиімді уақыт — бүгін». Сарапшылар 2022 жылғы тұрғын үй нарығына болжам жасады 19 января 2022, 14:14

Tengrinews, 19 января 2022 в 14:23

Қаңтардағы тәртіпсіздіктерден кейін елдегі жылжымайтын мүлік нарығындағы жағдай екіұшты болып тұр. 2022 жылы құрылыс нарығы қалай өзгереді? Жылжымайтын мүлікті қай кезде сатып алған дұрыс? Tengrinews.kz тілшісі сарашылардан сұрап білді. Танымал қытайлық экономист Мао Юуши Орта Азия қазіргі дағдарыстан алдағы 5 жылда оңай шықпайтынын ескертіп, құрылыс азаятынын болжады.

Жаппай тәртіпсіздік: депутат кәсіпкерлердің барлық қарызын 90 күнге шегеруді ұсынды 19 января 2022, 11:48

Tengrinews, 19 января 2022 в 11:53

Жаппай тәртіпсіздік: депутат кәсіпкерлердің барлық қарызын 90 күнге шегеруді ұсынды
                19 января 2022, 11:48
Депутат Ерлік Өмірғали Мәжіліс отырысында жаппай тәртіпсіздік кеінде зардап шеккен бизнес нысандары мен кәсіпкерлерге байланысты проблеманы көтерді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Депутат сауда орталықтары мен оны жалға алушылар аз уақыттың ішінде жөндеу жұмыстарын жүргізуге, кәсіпкерлік қызметін бастауға тырысып жатқанын, алайда, одан бөлек, ғимараттың инфрақұрылымы зардап шеккенін атап өтті.

«Қазақстан халқына» қоры кімдерге көмектеседі? Маңызды сұрақтардың жауабы 18 января 2022, 12:12

Tengrinews, 18 января 2022 в 12:23

11 қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен «Қазақстан халқына» қоры құрылған болатын. Қор немен айналысады және кімдерге көмектеседі? Tengrinews.kz тілшісі маңызды сұрақтар топтамасын жасады. Қор немен айналысады? Президент «Қазақстан халқына» қоры немен айналысатынын түсіндірді. Қор денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау салаларындағы нақты мәселелерді шешумен айналысады.

«Соңғы штамм болуы екіталай». ДДСҰ омикронға қатысты не деді? 17 января 2022, 13:56

Tengrinews, 17 января 2022 в 14:03

Коронавирустың омикрон штамы дүние жүзіне тарады. Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны бойынша антирекорд тіркеліп жатыр. Омикронға байланысты қазіргі жағдай қандай? ДДСҰ не дейді? Tengrinws.kz тілшісі шолу жасады. Қазақстандағы омикрон Елімізде омикрон штамы 6 қаңтарда анықталды. Бастапқыда Алматыда 7 жағдай, Нұр-Сұлтанда 1 жағдай тіркелді.

Жаңа үкіметте ең жас министр кім? 17 января 2022, 13:03

Tengrinews, 17 января 2022 в 13:13

Жаңа үкіметте ең жас министр кім?
                17 января 2022, 13:03
Жыл басынан бері Қазақстан билігінде бірқатар ауыс-түйіс болды. Үкіметтегі ең жас министр кім? Ал министр қызметінде ең ұзақ отырған кім? Tengrinews.kz тілшісі қызық деректер жинады. Үкімет қанша пайызға жаңарды? Әлихан Смайылов премьер-министр қызметіне тағайындалғанына бір апта ғана болды. Ол басқаратын үкіметте жоғары лауазымдарды атқаратын 22 адам бар: оның ішіне министрлер, премьер-министр орынбасарлары, премьер-министр кеңсесінің басшысы кіреді. Үкімет жаңадан құрылғанымен, сол 22 адамның 14-і қызметінде қалды.

Что стало с участницами группы «Ранетки»

Газета.ru, 15 января 2022 в 22:46

Что стало с участницами группы
Лера Козлова, Аня Руднева, Лена Третьякова, Женя Огурцова«Мой дорогой дневник…» — именно от лица героини Ани Рудневой шло повествование в сериале. Аня — новенькая в столичной школе. После переезда из Екатеринбурга ее родители часто ссорятся, а сама она пытается найти утешение в музыке и завести друзей.

Жаппай тәртіпсіздіктер: Бас прокуратура оқиға хронологиясын айтты 15 января 2022, 21:38

Tengrinews, 15 января 2022 в 21:53

Жаппай тәртіпсіздіктер: Бас прокуратура оқиға хронологиясын айтты
                15 января 2022, 21:38
Бас прокуратурасының қылмыстық қудалау қызметінің басшысы Серік Шалабаев Қазақстандағы тәртіпсіздіктердің хронологиясын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оның айтуынша, 1 қаңтарда Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында сағат 17.20-да қала әкімдігінің жанында қала тұрғындары жиналған. «Сұйытылған газ бағасын төмендету талабымен ел басшылығының атына бейнеөтініш жазған соң сол күні сағат 18.00-де халық тарады. Құқық қорғау органдары қару қолданған жоқ.

«Вы дали слово». Баян Максаткызы встала на защиту Куата Хамитова и обратилась к Касым-Жомарту Токаеву

Sports.kz, 14 января 2022 в 19:49

«Вы дали слово». Баян Максаткызы встала на защиту Куата Хамитова и обратилась к Касым-Жомарту Токаеву
Известный казахстанский продюсер Баян Максаткызы опубликовала обращение к президенту Касым-Жомарту Токаеву, передает Sports.kz со ссылкой на КазТАГ.«Уважаемый господин президент! Хочу обратиться к вам, как неравнодушный гражданин нашей страны. У всех перед глазами события последних дней, а у алматинцев еще и шум взрывов, стрельбы и криков в ушах.

Тәртіпсіздіктер кезінде халық алдына шығып, басу айтқан әкімдер кім? 14 января 2022, 16:18

Tengrinews, 14 января 2022 в 16:33

Тәртіпсіздіктер кезінде халық алдына шығып, басу айтқан әкімдер кім?
                14 января 2022, 16:18
Қаңтар елімізде жаппай тәртіпсіздіктерден басталды. Бірнеше қалада сұйытылған газ бағасының өсуіне байланысты бейбіт басталған шерулер тәртіпсіздікке ұласты. Бүгінде наразылық шаралары өткен біраз аймақ қалыпқа келтіріле бастады. Шерулер қызып тұрған шақта өңір әкімдері қалай әрекет етті? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі материалында.

Алматыда Pfizer-ді ақылы түрде салу қарастырылып жатқан жоқ 14 января 2022, 11:41

Tengrinews, 14 января 2022 в 11:53

Алматыда Pfizer-ді ақылы түрде салу қарастырылып жатқан жоқ
                14 января 2022, 11:41
Алматыда Pfizer-ді ақылы түрде салу мәселесі қарастырылып жатқан жоқ. Бұл туралы қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы, қаланың бас мемлекеттік санитария дәрігері Қарлығаш Әбдіжаббарова айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Әбдіжаббарованың сөзінше, Pfizer-ді ақылы түрде жеткізу бойынша қажет келіссөздер жүргізілген.

Алматыда эпидахуал күрт нашарлады — Әбдіжаббарова 14 января 2022, 11:12

Tengrinews, 14 января 2022 в 11:23

Алматыда эпидахуал күрт нашарлады - Әбдіжаббарова
                14 января 2022, 11:12
Алматы қаласындағы коронавирус бойынша жағдай күрт нашарлады. Бұл туралы қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы, қаланың бас мемлекеттік санитария дәрігері Қарлығаш Әбдіжаббарова айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Әбдіжаббарова Алматы эпиджағдайды бағалау матрицасы бойынша үш күннен бері «қызыл» аймақта орналасқанын атап өтті.

Бүлік кезінде жоғалып кеткендерді қалай іздеу керек? Заңгер түсіндірді 14 января 2022, 09:38

Tengrinews, 14 января 2022 в 09:53

Бүлік кезінде жоғалып кеткендерді қалай іздеу керек? Заңгер түсіндірді
                14 января 2022, 09:38
Еліміздегі жаппай тәртіпсіздіктер кезінде із-түссіз жоғалып кеткендер бар. Оларға жақындары мен туыстары іздестіріп жатыр. Одан бөлек, шеруге шықпасаң да «митингіге бардың» деп айып тағылған жағдай да не істеу керек? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Халықаралық заң компаниясының бас директоры Өмірбек Ғабит түсіндіріп берді.

Бүліктен билік қандай сабақ алды? Бердібек Сапарбаевпен үлкен сұхбат 13 января 2022, 15:10

Tengrinews, 13 января 2022 в 15:13

Бүліктен билік қандай сабақ алды? Бердібек Сапарбаевпен үлкен сұхбат
                13 января 2022, 15:10
Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Tengrinews.kz тілшісіне эксклюзив сұхбат берді. Өңір басшысы аймақтағы қазіргі ахуал, қаза болған генерал, құрықталған лаңкестер туралы сұрақтарға жауап берді. Сондай-ақ, әкім Президентпен не туралы сөйлескенін баяндады. TN: Бердібек Мәшбекұлы, Жамбыл облысында болған дүрбелең неден басталды?

Қазақстандағы тәртіпсіздіктер: қаза болған жоғары лауазымды шенділер 13 января 2022, 12:51

Tengrinews, 13 января 2022 в 13:03

Қазақстандағы тәртіпсіздіктер: қаза болған жоғары лауазымды шенділер
                13 января 2022, 12:51
Кейінгі күндері Қазақстанда бірнеше жоғары лауазымды шенді қаза болды. Бірі атыс кезінде қаза тапса, бірінде инфаркт болған, енді бір полковник өз үйінде өлі табылған. Tengrinews.kz тілшісі таяуда өмірден өткен шенділер туралы баяндайды. Дастан Әділбай Жамбыл облысы ҰҚКД Терроризмге қарсы орталығының бөлім бастығы подполковник Дастан Әділбай қаскөйлер қолынан қаза тапты.

«Мұндай жетім күйді ешқашан кешпеппін» — тәртіпсіздік кезінде Түркиядан қайта алмаған қазақстандық журналист 13 января 2022, 11:50

Tengrinews, 13 января 2022 в 12:03

Динар Керім — Egemen Qazaqstan газетінің Интернет бөлімінің басшысы. Ол Қазақстандағы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде Түркиядан елге қайта алмай қалды. Күні кеше елге оралды. Төрт күндей Түркиядағы әуежай мен үйдің арасында жүрген. Оның айтуынша, елде көмек қолын созғандар да аз болмаған. «Түркияға аяқасты барғым келді. Ұшуға 2-3 күн қалғанда билет алдым. Ішкі түйсігім сол жаққа асығып тұрды.

«Не керегін өздері білмейді» — Сапарбаев Тараздағы тәртіпсіздіктер кезінде қайда болғанын айтты 13 января 2022, 11:26

Tengrinews, 13 января 2022 в 11:33

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Tengrinews.kz тілшісіне 5 қаңтарда Таразда митинг пен тәртіпсіздіктер кезінде қайда болғанын баяндап берді. 5 қаңтарда Бердібек Сапарбаевқа Қауіпсіздік департаментінен бейбіт митингіге арандатушылар, бұзақылар қосылмақ деген хабар түскен. «Сосын шұғыл штаб отырысын өткіздім.

Миллионные убытки подсчитывают пассажироперевозчики Шымкента

Vera.kz, 12 января 2022 в 19:59

Миллионные убытки подсчитывают пассажироперевозчики Шымкента
Пассажироперевозчики Шымкента подсчитывают миллионные убытки, сообщает vera.kzТранспортные компании терпят убытки после беспорядков в Шымкенте.Во время действия чрезвычайного положения городские автобусы перевозили пассажиров бесплатно. Перевозить им приходилось и сотрудников правоохранительных органов, и военных.

Алматыда наразылар бұқа инсталляциясын неге сүйреген? 12 января 2022, 13:18

Tengrinews, 12 января 2022 в 13:23

Алматыда наразылар бұқа инсталляциясын неге сүйреген?
                12 января 2022, 13:18
Алматыда бүлік болған күндері наразы топтар бұқаның инсталляциясын көше бойына шығарып қойған. Мүсін қаладағы атақты мейрамхананың алдында тұрған. Бұқаны қалаға сыйға тартқан қаржыгер мен мейрамхана қожайыны Tengrinews.kz тілшісіне инсталляция қайдан келгенін айтып берді. Мейрамхана қожайының айтуынша, Әуезов пен Төле би көшелерінде тұрған бұқа мүсіні екі ай бұрын қойылған.

В Казахстане задержан боец ММА Хамитов

Газета.ru, 12 января 2022 в 01:06

В Казахстане задержан боец ММА Хамитов
Сестра казахстанского бойца смешанного стиля (ММА) Куата Хамитова заявила, что спортсмен был задержан местным ОМОНом.«Помогите пожалуйста. Только что из дома забрали братишку спортсмена Куата Хамитова. Десять омоновцев избили, связали руки и ноги», — написала родственница атлета в Instagram.Позднее более подробно процесс задержания бойца описала его мать, находившаяся в этот момент рядом.«Зашли десять человек ОМОНа и два человека в гражданской одежде.

Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде дүкенге шыққан зейнеткер 5 күннен бері табылмай жатыр 11 января 2022, 18:10

Tengrinews, 11 января 2022 в 18:23

Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде дүкенге шыққан зейнеткер 5 күннен бері табылмай жатыр
                11 января 2022, 18:10
Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде зейнеткер дүкенге кетіп, із-түссіз жоғалған. Үйден шығып кеткеніне бес күн болған. Балалары әлі күнге іздестіріп жатыр. Tengrinews.kz тілшісі баласы Асыл Мұхаметәлиевпен сөйлесіп, жағдайдың мән-жайын білді. Асылдың әкесі Исын Мұхаметәлиев 6 қаңтарда түскі уақытта дүкенге шығып кеткен.

Дельтакрон жаңа штамм ба? Ғалымдардың жауабы 11 января 2022, 16:00

Tengrinews, 11 января 2022 в 16:03

Дельтакрон жаңа штамм ба? Ғалымдардың жауабы
                11 января 2022, 16:00
Коронавирустың жаңа штамы пайда болды. Оған «дельтакрон» деген атау берілді. Алайда оны «жаңа штамм» деп айтуға әлі ерте сияқты. Себебі вирустың жаңа нұсқасына қатысты мамандардың ойы екіге бөлініп отыр. Бірі бұл вирустың жаңа штамы десе, енді бірі бөлек штамм деп қарастыруға болмайтынын айтады. Дельтакрон туралы не белгілі?

Утильсбор, LRT и фонд для помощи казахстанцам. Полная речь Президента Токаева 11 января 2022, 15:20

Tengrinews, 11 января 2022 в 15:23

Утильсбор, LRT и фонд для помощи казахстанцам. Полная речь Президента Токаева
                11 января 2022, 15:20
Акорда опубликовала полный текст выступления Президента Касым-Жомарта Токаева на заседании Мажилиса, передает Tengrinews.kz. Текст опубликован на казахском и русском языках. «Тәуелсіздік тарихында біз алғаш рет аса күрделі және қатерлі кезеңге тап болдық. Ел басына түскен осындай сынақты қайыспай біртұтас ел болып еңсере білдік.

Тағайындау, жалақы және халық жағдайын жақсарту. Тоқаев Мәжілісте не айтты? 11 января 2022, 12:32

Tengrinews, 11 января 2022 в 12:43

Тағайындау, жалақы және халық жағдайын жақсарту. Тоқаев Мәжілісте не айтты?
                11 января 2022, 12:32
Бүгін Мәжіліс отырысы онлайн өтті. Отырысқа Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты. Tengrinews.kz тілшісі Президенттің отырыс барысында маңызды мәлімдемелерін жинады. Ең алдымен Тоқаев Әлихан Смайыловты премьер-министр қызметіне ұсынды. Депутаттар Әлихан Смайыловтың кандидатурасын талқылап, бір ауыздан қолдады.

Тасмағамбетов мәлімдеме жасады: Жомарт Тоқаевқа қолдау көрсетуге шақырамын! 10 января 2022, 09:40

Tengrinews, 10 января 2022 в 09:43

Тасмағамбетов мәлімдеме жасады: Жомарт Тоқаевқа қолдау көрсетуге шақырамын!
                10 января 2022, 09:40
Иманғали Тасмағамбетов қазақстандықтарға үндеу жасады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Үндеу Abai.kz сайтында жарияланды. «Ағайындар, бауырлар, азаматтар! Осынау қаңтардың қаһарлы күндері елімізде, оның ішінде айналайын ақ Алматымыздың басына түскен қаралы күндері орын алған дүрбелеңде Өздеріңізге үн қатуды азаматтық парызым деп білемін. Өкінішке орай, осы күндері қаза тапқан азаматтар аз емес.
Показано 30 новостей из 1 009