Популярные темы

Полицейлер Өскемен қаласының тұрғынынан жарты келі гашиш тапқан

Дата: 14 февраля 2023 в 12:18 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Полицейлер Өскемен қаласының тұрғынынан жарты келі гашиш тапқан
Стоковые изображения от Depositphotos

Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Ертіс полиция бөлімінің полиция қызметкерлері есірткі сақтаған деген күдікпен қала тұрғынын ұстаған, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ШҚО Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жеке тінту жүргізу кезінде ұсталған адамның қалтасынан тәртіп сақшылары спецификалық иісі бар қоңыр-жасыл түсті ұнтақ түріндегі зат 2 қағаз ораманы және трамадолдың 1 пластинкасын тауып  алған.

Кейін, күдіктінің тұрғылықты жерін мұқият тінту барысында жедел уәкілдер полимер орамалардағы ұнтақ түріндегі заттарды, сондай-ақ өсімдік тектес заттар мен тұқым салынған орамаларды тапқан.

«Тәркіленген заттай дәлелдемелерді сараптамаға жіберген, оның нәтижесі бойынша күдікті үйде 534 грамнан астам гашиш пен 9 граммға жуық кептірілген марихуананы сақтаған, ал орамдағы тұқымдар «қарасора» тұқымдас өсімдіктің жемісі болып шыққан», — деп хабарлады ШҚО Полиция Департаментінің қызметкерлері

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігімен  сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдіктіні үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы күтіп тұр.

Фото: ШҚО Полиция Департаментінің баспасөз қызметі

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями