Популярные темы

Абай облысында шаруаларды қолдау мақсатында пилоттық жоба іске қосылды

Дата: 08 февраля 2023 в 12:58 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Абай облысында шаруаларды қолдау мақсатында пилоттық жоба іске қосылды
Стоковые изображения от Depositphotos

Абай облысының әкімдігінде кеңейтілген кеңес өтіп, онда шаруаларды қолдау шаралары мен фермерлерге жеңілдетілген несие мен субсидия беру мәселесі қаралды. Мемлекеттік қолдау бағдарламаларының арқасында Абай облысында АӨК көрсеткіштерінің тұрақты өсімі қалыптасқаны атап өтілді, деп хабарлайды Arbapress.kz тілшісі облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атап айтқанда, 2022 жылдың соңында «Іскер» бағдарламасы бойынша Абай облысына АӨК саласындағы жобалар үшін шағын несие беру бағдарламасы бойынша 1,9 млрд.теңге бөлінді.

«6 ақпандағы жағдай бойынша бөлінген қаражаттың 586 млн. теңгесі игерілді. 41 жаңа жұмыс орны құрылды, 14 стартап жоба іске қосылды. Өңір шаруалары рәсімдеген несиеге 3353 бас ауыл шаруашылығы жануары сатып алынды», − деп атап өтті Абай облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Анзор Абаев.

Жамбыл облысының тәжірибесі жан-жақты талданып, ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтудың басты жолының бірі қосалқы шаруашылықтарды қолдау және дамыту екені анықталды.

Абай облысының әкімдігі «Ауыл тұрғындарының табысын арттыру» пилоттық жобасын жүзеге асыру бойынша кәсіби біліктілігін жетілдіру үшін сала мамандарын Жамбыл облысының жергілікті фермерлерімен кездесуге жіберді.

Бұған қоса, өңір әкімдігінде әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар арқылы инвестициялық жобаларды қаржыландыру бойынша Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесін іске асыруды қаралуда. Қолда бар ресурстар негізінде аймақта жаңа заманауи тауарлы-сүт фермаларын салу, жаңа суармалы жерлерді көбейту, ірі көкөніс қоймаларын салу, сонымен қатар, жеке қосалқы шаруашылықтарды дамыту арқылы ауылда жұмыспен қамтуды ынталандыру есебінен мал шаруашылығының тұрақты дамуын қамтамасыз етудің барлық мүмкіндігі қаузалды.

Фото: dnr-news.ru, Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями