Популярные темы

Семейде Бейбітшілік аралына апаратын көпір салынуы мүмкін

Дата: 26 января 2023 в 21:18


Семейде Бейбітшілік аралына апаратын көпір салынуы мүмкін
Стоковые изображения от Depositphotos

Семейде Бейбітшілік аралына апаратын қосымша көпір салынуы әбден мүмкін, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі

Бұл туралы Абай облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысымен өткен брифинг барысында айтылды.

«Бейбітшілік аралына қала мен осы аралды жалғайтын бір ғана көпір бар. Бұл аумақты дамыту үшін кем дегенде тағы бір көпір салу керек. Бас жоспарда ол бар. Қаржыландыру мәселесінің шешімі ғана қалады. Жалпы, аралды дамыту бойынша бірнеше инвестициялық жобалар талқыланды, бірақ бүгінгі күнге дейін нақты шешім жоқ. Мәселе қаралуда», — деп атап өтті басқарма басшысы Айдын Бегімбеков.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылдың желтоқсан айында Халықпен онлайн-кездесу барысында өңір басшысы Нұрлан Уранхаев аралды ретке келтіріп және заңсыз ғимараттармен күресуге уәде берген болатын. Содан кейін ол барлық нысандарды сәйкестендіріп, заңдастыру қажет немесе олардан мүлдем бас тартып, аумақты рекреациялық аймаққа айналдыру керек деп айтқан.

Сондай-ақ, брифинг барысында құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Семей қаласындағы Оқушылар сарайы мен Мұз сарайы құрылысының болжамды орындарын атап өтті.

Фото: vko-nasledie.kz

По сообщению сайта Arna Press

Поделитесь новостью с друзьями