Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет қоғам өмірінде ерекше рөл атқарады, қоғамның тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуден және қоғамдық мүдделерді ең жақсы және тиімді түрде қанағаттандырудан тұрады. Мемлекеттік қызмет қоғам мүддесіне адал болуға және Қазақстан Республикасы халықтарының бірлігі мен ұлтаралық келісімді нығайтуға жәрдемдесуге, мемлекеттік және басқа тілдерге, салт-дәстүрлеріне құрметпен қарауға міндеттейді.
жамбыл облысы: новости — страница 2
Адвокаттар мен заң консультанттарының кәсіби жауапкершілігін сақтандыру
Магнолия, 13 ноября 2023 в 17:18
«Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – заң) сәйкес 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап адвокаттар мен Заң консультанттарының кәсіптік жауапкершілігіне міндетті сақтандыру енгізілді, бұл азаматтарға сапасыз заң көмегін көрсеткен жағдайда сақтандыру өтемін алуға мүмкіндік береді.
АДВОКАТҚА ЖҮГІНГЕН КЕЗДЕ ЗАҢ КӨМЕГІН КӨРСЕТУ ШАРТЫН ЖАСАСУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Магнолия, 13 ноября 2023 в 17:18
Азаматтық кодекске сәйкес шарт деп екі немесе бірнеше адамның азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы келісімі танылады. Заң қызметтерін көрсетуге арналған шарт азаматтық — құқықтық жауапкершілік шарты болып табылады және тараптар — адвокат пен оған жүгінген тұлға (Клиент) арасында туындаған қатынастарды бекітеді. «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңға сәйкес заң көмегін көрсетуге шарт жасасу міндетті болып табылады және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады(47-бап).
Жамбыл облысында 44 оқушы мен екі мұғалім уланып қалды
Arna Press, 08 ноября 2023 в 14:38
2023 жылғы 7 қараша күні Н.Киікбаев атындағы орта мектептің 44 оқушысы мен 2 мұғалімі улану белгілерімен Жамбыл облысы Байзақ аудандық орталық ауруханасына түсті, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.ҚР Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, тексеруден кейін 11 оқушы үйіне қайтарылды, 2 мұғалім мен 33 оқушы медициналық көмек алып жатыр.Ведомство балалардың жағдайы қалыпты екенін жеткізді.«Бұл факті бойынша Балалардың құқықтарын қорғау комитеті, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау, Денсаулық сақтау басқармасы өкілдерінен тұратын арнайы жедел штаб құрылды» — делінген ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі таратқан хабарда.Министрліктің баспасөз қызметі мәселенің мән-жайы анықталып жатқанын мәлімдеді.Сурет: akorda.kz
Правовой статус и особенности общественных объединений
Магнолия, 29 сентября 2023 в 15:58
Право на свободу объединений представляет собой одно из важнейших и конституционных прав человека и гражданина, реализация которого отвечает интересам общества и находится под защитой государства В соответствии со ст. 2 Закона Республики Казахстан от 31 мая 1996 г. № 3 «Об общественных объединениях», общественными объединениями в Республике Казахстан признаются политические партии, профессиональные союзы и другие объединения граждан, созданные на добровольной основе для достижения ими общих целей, не противоречащих законодательству.
Жамбыл облысында тәркіленген 171 миллион теңгенің вейптері жойылды
Arna Press, 29 августа 2023 в 11:08
ҚМА Жамбыл облысы бойынша департаменті сот үкімін орындау аясында қомақты көлемдегі вейптерді жою жұмыстарын жүргізді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Құрылғылардың жалпы саны 171 млн теңгеден астам сомаға 49,5 мыңнан астам бірлікті құрады.Қазақстан Республикасының аумағына вейптердің заңсыз әкелінуіне және айналымына қарсы күрес аясында Қаржылық мониторинг агенттігі тұрақты түрде тиісті шаралар қабылдауда, нәтижесінде ағымдағы жылы тек Жамбыл облысында осыған ұқсас 3 факті анықталды.
Тараз тұрғыны «ҰҚК қызметкеріне» 16 млн теңге берген
Arna Press, 15 августа 2023 в 15:38
Таразда алаяқтық жасады деген күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Жамбыл облысы полиция депратменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Тараз қаласының полицейлеріне қала тұрғыны хабарласып, алаяқтық құрбаны болғанын хабарлаған. Ол 2022-2023 жылдары пәтерін жалға алған азаматқа алданып қалғанын айтқан.Жалға алушы әйелге өзін ҰҚК қызметкерімін деп таныстырған.
23 –маусым Мемлекеттік қызметшілер күні
Магнолия, 22 июня 2023 в 12:28
23 маусым Қазақстанның мемлекеттік қызметшілері кәсіби мерекелерін атап өтеді. Мемлекеттік қызметшілердің әрқайсысының адал және тиімді жұмысы, қорытындылай келгенде, біздің мемлекетіміздің қалыптасуына және дамуына әсер етеді. Мемлекеттік қызметші өз еліндегі тікелей міндеттерін орындаудан басқа, отбасында, қоршаған ортаға, адамдармен ортақ тіл табысуға және жан-жақтыға үлгі болуға тиіс.
23 –маусым Мемлекеттік қызметшілер күні
Магнолия, 15 июня 2023 в 11:18
23 маусым Қазақстанның мемлекеттік қызметшілері кәсіби мерекелерін атап өтеді Мемлекеттік қызметшілердің әрқайсысының адал және тиімді жұмысы, қорытындылай келгенде, біздің мемлекетіміздің қалыптасуына және дамуына әсер етеді. Мемлекеттік қызметші өз еліндегі тікелей міндеттерін орындаудан басқа, отбасында, қоршаған ортаға, адамдармен ортақ тіл табысуға және жан-жақтыға үлгі болуға тиіс.
Таразда мәжілісмен Жигули Дайрабаевтың ұлдарына сот үкім шығарды
Arna Press, 07 апреля 2023 в 16:58
Тараз қаласының №2 соты алаяқтық бойынша айыпталған 4 адамға қатысты қылмыстық істі қарады. Айыпталушылардың арасында «Ауыл» партиясынан сайланған депутат Жигули Дайрабаевтың ұлдары: Дидар Молдақалық пен Марат Дайрабаев бар, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Құлкеев, кәсіпкерлер Дидар Молдақалық пен Марат Дайрабаев, сондай-ақ Елібай Елжан субсидиялау тәртібін бұзған.Сот таратқан мәлімет бойынша, олар сатып алынған «Альбион» құлпынай көшеттері үшін (оларды шаруа қожалықтарына рәсімдеп) мемлекеттік субсидиялар алған. Қаражаттың бір бөлігі алаяқтық жолымен ұрланып, жеке қажеттіліктеріне жұмсалған, осылайша мемлекетке 550 849 430 теңге көлемінде залал келтірген.Прокурор қылмыстардың жиынтығы бойынша Марат Дайрабаев пен Дидар Молдақалыққа 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын шартты түрде тағайындауды, Ерлан Құлкеевке 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасын; Елібай Елжанның мүлкін тәркілеп, 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.
Кәмелетке толмаған бала көлік ұрлап, жол апатына түсті
Arna Press, 25 марта 2023 в 21:38
Таразда мейрам күндері жантүршігерлік жол апаты болды. Кәмелет жасына толмаған тұрғын мінген Toyota көлігі негізгі жолда келе жатқан LADA автокөлігін соққан. Апаттан бір адам көз жұмған, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz-ге сілтеме жасап.«Мен жақын маңда тұрамын, жұмысқа кетіп бара жатқан кезде бір дауыс естідім.
Семейде Еркеғали Рахмадиевтің 90 жылдығына арналған республикалық байқау өтті
Arna Press, 09 декабря 2022 в 18:13
Семейде Еркеғали Рахмадиевтің 90 жылдығына арналған бірінші республикалық композиторлар байқауы өтті, деп хабарлайды Arnapress.kz Абай облысының әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Биыл, Абай облысының Аягөз ауданының тумасы, КСРО Халық әртісі, композитор, Еңбек ері, мемлекет және қоғам қайраткері Еркеғали Рахмадиевтің туғанына 90 жыл толып отыр.
ҚР ІІМ ҚАЖК «59 мекемесінде» сотталғандарға көркем фильм көрсетілді.
Магнолия, 06 октября 2022 в 12:58
Жамбыл облысы бойынша ҚАЖК «59 мекемесінде» жазасын өтеп отырған сотталған азаматтарға дін саласындағы заң бұзушылықтардың салдарын түсіндіру және дәстүрлі емес діни ағымдардың алдын алу мақсатында Дін істері басқармасының оң қорытындысын алған «Жалған жиһад және Тұтқындағы әмір» атты діни көркемфильм көрсетіліп, оның мән — мағынасы түсіндірілді.
30 қыркүйек Қазақстан Республикасында ресми түрде Әділет органдары қызметкерлерінің күні
Магнолия, 12 августа 2022 в 13:48
Жамбыл облысы Әділет департаментінің әкімшілік-құқықтық бөлімінің бас маманы Сегизбаев Нурболат Ильясовичтің пікірі. Сегизбаев Нурболат Ильясович, 22.01.1961 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданында дүниеге келген, қазақ, арнайы-орта білімді, 1984 жылы Шымкент арнайы орта мектібін «заңгер» мамандығы бойынша аяқтаған.
Танымал қазақстандықтар бала кезінде қандай болған? Архив суреттері 01 июня 2022, 10:20
Tengrinews, 01 июня 2022 в 10:33
1 маусым — Балаларды қорғау күні. Tengrinews.kz тілшісі танымал қазақстандық жұлдыздардың бала кезіндегі суреттерін жинады. Қазақстанның алтын дауысы, әнші Мейрамбек Бесбаев 1976 жылы 8 қарашада Жамбыл облысы, Талас ауданында дүниеге келген. Мейрамбек — бала кезінен ел алдында келе жатқан санаулы таланттардың бірі.
Қазақстанда кейінгі аптада болған басты тағайындаулар 18 февраля 2022, 16:19
Tengrinews, 18 февраля 2022 в 16:23
Өткен аптада елімізде бірнеше тағайындау болды. Көбіне әкімшілік басшыларының орынбасарлары тағайындалды. Tengrinews.kz тілшісі өткен аптадағы ауыс-түйістер топтамасын жасады. 14 ақпанда Нұржан Календеров Жамбыл облысы әкімі Бердібек Сапарбаевтың орынбасары болып тағайындалды. Календеровтің қызметі Президент Әкімшілігімен келісе отырып Жамбыл облысы әкімінің өкімі бойынша тағайындалған.
Азамат Сатыбалды Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры болып тағайындалды 14 февраля 2022, 16:17
Tengrinews, 14 февраля 2022 в 16:23
Актер Азамат Сатыбалды Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры болып тағайындалды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтандағы Ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы Facebook желісіндегі парақшасында хабарлады. «Құрметті достар, танымал кино және театр актері, тележүргізуші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Азамат Сатыбалдыны Т.Қ.
Қаңтардағы тәртіпсіздіктер: ІІМ және Бас прокуратура қандай мәлімдеме жасады? 07 февраля 2022, 19:57
Tengrinews, 07 февраля 2022 в 20:03
Бүгін Бас прокуратура және ІІМ өкілдері қаңтардағы тәртіпсіздіктерге байланысты мәлімдеме жасады. Tengrinews.kz тілшісі басты мәлімдемелерге шолу жасады. «Дикий Арманның» тобы 24 адамды ұрлап кетіп, мәжбүрлеп ұстаған Бұл туралы Арнайы прокурорлар қызметінің басшысы Ризабек Ожаров мәлімдеді. Арнайы прокурорлар қызметі басшысының айтуынша, бүгінде ұйымдасқан қылмыстық топтың 18 мүшесі ұсталды, 21 адамның адам өлтіру, ұрлық, тонау бойынша соттылығы бар.
Балуан Шолаққа қатысы жоқ екі сурет 02 февраля 2022, 17:18
Tengrinews, 02 февраля 2022 в 17:23
Қазақтың әйгілі палуаны, сазгер Балуан Шолақ туралы Интернетте көп уақыттан бері жалған суреттер тарап жүр. Нақтырақ айтқанда, палуан бейнеленген деп таралған суреттерге талдау жасап көрдік. Жаңалық сайттарында, Желідегі ZTB парақшасында және суреті желіде жарияланған стендтерде де осындай екі сурет бірнеше рет жарияланған.
Тәртіпсіздіктер кезінде халық алдына шығып, басу айтқан әкімдер кім? 14 января 2022, 16:18
Tengrinews, 14 января 2022 в 16:33
Қаңтар елімізде жаппай тәртіпсіздіктерден басталды. Бірнеше қалада сұйытылған газ бағасының өсуіне байланысты бейбіт басталған шерулер тәртіпсіздікке ұласты. Бүгінде наразылық шаралары өткен біраз аймақ қалыпқа келтіріле бастады. Шерулер қызып тұрған шақта өңір әкімдері қалай әрекет етті? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі материалында.
Қарияның көз жасы, әскери мен бала, батыр қыз. Желіде тараған жан тебірентер видеолар 14 января 2022, 10:41
Tengrinews, 14 января 2022 в 10:43
Қазақстанда соңғы апталарда болған бейбіт шерулер мен бұзақылық әрекеттер халық назарында. Осындай эмоцияға толы уақытта сан түрлі оқиға болып жатыр. Tengrinews.kz тілшісі Желіде тараған жантебірентер видеолар топтамасын жасады. Жаңаөзен мен Ақтаудың мыңдаған тұрғыны жаңа жылдан кейін бағасы күрт шарықтап кеткен сұйытылған газ бағасын түсіруді талап етіп, көшеге шыққан болатын.
Бүліктен билік қандай сабақ алды? Бердібек Сапарбаевпен үлкен сұхбат 13 января 2022, 15:10
Tengrinews, 13 января 2022 в 15:13
Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Tengrinews.kz тілшісіне эксклюзив сұхбат берді. Өңір басшысы аймақтағы қазіргі ахуал, қаза болған генерал, құрықталған лаңкестер туралы сұрақтарға жауап берді. Сондай-ақ, әкім Президентпен не туралы сөйлескенін баяндады. TN: Бердібек Мәшбекұлы, Жамбыл облысында болған дүрбелең неден басталды?
Қазақстандағы тәртіпсіздіктер: қаза болған жоғары лауазымды шенділер 13 января 2022, 12:51
Tengrinews, 13 января 2022 в 13:03
Кейінгі күндері Қазақстанда бірнеше жоғары лауазымды шенді қаза болды. Бірі атыс кезінде қаза тапса, бірінде инфаркт болған, енді бір полковник өз үйінде өлі табылған. Tengrinews.kz тілшісі таяуда өмірден өткен шенділер туралы баяндайды. Дастан Әділбай Жамбыл облысы ҰҚКД Терроризмге қарсы орталығының бөлім бастығы подполковник Дастан Әділбай қаскөйлер қолынан қаза тапты.
«Не керегін өздері білмейді» — Сапарбаев Тараздағы тәртіпсіздіктер кезінде қайда болғанын айтты 13 января 2022, 11:26
Tengrinews, 13 января 2022 в 11:33
Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Tengrinews.kz тілшісіне 5 қаңтарда Таразда митинг пен тәртіпсіздіктер кезінде қайда болғанын баяндап берді. 5 қаңтарда Бердібек Сапарбаевқа Қауіпсіздік департаментінен бейбіт митингіге арандатушылар, бұзақылар қосылмақ деген хабар түскен. «Сосын шұғыл штаб отырысын өткіздім.
2021 жылы қазақстандықтардың өмірі қалай өзгерді? 31 декабря 2021, 10:37
Tengrinews, 31 декабря 2021 в 10:43
Спорттағы сәтсіздік, халық санағы және вакцинация. Бұл елімізде болған айтулы оқиғалар. Жалпы 2021 жыл — елімізде түрлі жаңалыққа толы болды. Биыл қазақстандықтардың өмірі қалай өзгерді? 2021 жылы болған есте қаларлық оқиғаларға шолу жасадық. Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын пайдалану 2020 жылдың қыркүйегінде Президент Тоқаев халыққа жолдау жасады.
2021 жылы қызметтен кеткен лауазымды тұлғалар 30 декабря 2021, 16:30
Tengrinews, 30 декабря 2021 в 16:43
2021 жылы қазақстандықтар қызу талқылаған оқиғалар болды. Қызметтен кеткен, қызметі ауысқан лауазымды тұлғалар ел назарында болды. Tengrinews.kz тілшісі биыл талқыға түскен қызметтен кету оқиғаларын еске түсіреді. Алексей Цой Фото: primeminister.kz 20 желтоқсанда денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қызметінен кетті.
«Қолға алатыны — 903 179 теңге». Қала әкімдерінің жалақысы қанша? 28 декабря 2021, 15:02
Tengrinews, 28 декабря 2021 в 15:13
Tengrinews.kz тілшісі облыс орталығы мен мемлекеттік маңызы бар қалалардың әкімдеріне сауалхат жолдады. Қала әкімдерінің жалақысын білмек болдық. Сауалхаттардың жартысына жуығына жауап келді. Шымкент әкімі Мұрат Әйтеновтің жалақысы бұған дейін 946 мың теңге болған. Ал 2021 жылы Президент жарлығымен мемлекеттік қызметшілердің жалақысы 1,9 есеге өскен.
Показано 27 новостей из 57