Популярные темы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің

Дата: 05 сентября 2024 в 00:38 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің
Стоковые изображения от Depositphotos Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің «2024 жылдың бірінші жартыжылдығына арналған табиғи монополиялар салаларында және баға белгілеу тәртібі мен қоғамдық маңызы бар нарықтар субъектісінің міндеттерін сақтауда бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау тізімін бекіту туралы» 2023 жылғы 8 желтоқсандағы №259 бұйрығының негізінде Департаментпен «Жамбыл су» КМК-на қатысты профилактикалық бақылау жүргізілді. «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі-Заң) 26-бабы 2-тармағының 4), 8), 15) және 16) тармақшаларына сәйкес, осы Заңның 24-бабының 12-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тұтынушыларға реттеліп көрсетілетін қызметке қолжетімділікті ұсынуға, ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтердің әрбір түріне тұтынушылармен үлгiлік шарттарға сәйкес жеке шарттар жасасуға, бекітілген тарифтік сметаны орындауға және бекітілген инвестициялық бағдарламаның іс-шараларын орындауға міндетті. 
Профилактикалық бақылау нәтижесі бойынша «Жамбыл су» КМК-ның тарапынан Заңда көрсетілген міндеттерді орындамағаны анықталды. Осыған орай, «Жамбыл су» КМК-на қатысты табиғи монополиялар туралы заңнамасын бұзушылықты жою туралы нұсқама енгізілді.
Мышбаев Е.К. – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің заңнаманың сақталуын бақылау, талап-арыз және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің басшысы.

По сообщению сайта Магнолия

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями