SportInfo,
22 мая 2026
в 10:56
Астанада 7-8 сынып оқушылары арасында «Былғары доп» ұлттық мектеп лигасы республикалық кезеңінің матчтары мәресіне жетті. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі ҚФФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Жарыс 16-21 мамыр аралығында Футбол үйінде өтті. Турнирге еліміздің барлық облыстары мен мегаполистеріндегі өңірлік іріктеу кезеңдерінде жеңіске жеткен 17 үздік мектеп командасы қатысты.
Arna Press,
20 мая 2026
в 17:48
Сот мәліметінше, оқиға 2026 жылғы 28 сәуірге қараған түні болған. Жеке күзет ұйымы күзететін, қауіпті өндірістік нысан саналатын алтын өндіруші кәсіпорын аумағына 20 азамат заңсыз кірген, деп хабарлайды Arnapress.kz Жамбыл облысы соттарының ресми Telegram арнасында сілтеме жасап. Іс Мойынқұм аудандық сотында қаралып, барлық құқық бұзушы өз кінәсін толық мойындаған.
Arna Press,
14 мая 2026
в 11:38
Алматыда ауыр қылмыстарға қатысы бар қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды Arnapress.kz. Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап. ІІМ мәліметінше, 8 мамыр күні полиция қызметкерлері 10 адамнан тұратын қылмыстық топ мүшелерін қолға түсірген. Олардың арасында бұрын сотталған қылмыстық орта өкілдері де бар.Күдіктілер мегаполис аумағында жасалған бірқатар ауыр және аса ауыр қылмыстарға қатысы бар деп күдікке ілінді.
Arna Press,
23 февраля 2026
в 16:08
Жамбыл облысы Жоғары Сот Кеңесінің кезекті отырысы өткізілді деп хабарлайды Аrnapress.kz ҚР Жоғары Сот кеңесіне сілтеме жасапОтырыс барысында Жамбыл облыстық сотының төрағасы міндетін атқарушыны қызметінен босату, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Төрағасының облыстық және оларға теңестірілген соттардың төрағаларын тағайындау жөніндегі ұсыныстары қаралды.Қарау қорытындысы бойынша Жамбыл облыстық сотының төрағасы міндетін атқарушысы қызметінен босатылды.1Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы1 Заңының талаптарына сәйкес Астана қалалық соты, Алматы қалалық соты және Жамбыл облыстық соты төрағаларын тағайындау туралы ұсыныстар қаралды.
SportInfo,
02 февраля 2026
в 13:46
Көне Түркістан нағыз Қазақстан шахматының астанасына айналды. 2026 жылғы 20–30 қаңтар аралығында мұнда, Олимпиада резервін даярлау орталығында, 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Елдің барлық 17 облысы мен республикалық маңызы бар үш қаладан келген мыңға жуық бала мен жасөспірім бағдарламаның үш түрі бойынша — классикалық шахмат, рапид және блиц — жүлделер үшін таласты.
SportInfo,
23 декабря 2025
в 09:36
Шымкентте таеквондодан (WT) ересектер арасында Қазақстан Чемпионаты мәресіне жетті. 18 өңірінен барлығы 273 даянг шебері қатысты. Аталған ел біріншілігі 2026 жылғы спорт маусымында Қазақстан намысын әлемдік аренада қорғайтын ұлттық құрамаға іріктеу жарысы болды. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Қазақстандық таеквондо федерациясының баспасөз қызметі сілтеме жасап хабарлайды. Үш күнге созылған жарыста спортшылар, ерлер – 8, әйелдер 8 салмақ дәрежесінде өзара мықтыны анықтады.
SportInfo,
02 декабря 2025
в 12:36
Биылғы біріншілік — үш стиль бойынша ұлттық құраманы жасақтау мен іріктеудегі шешуші кезең. Келер жылы Жапонияның Нагоя қаласында өтетін Азия ойындары, сондай-ақ әлем және Азия чемпионаттары күтіп тұр. Чемпионатқа қатысушылар арасында: төрт дүркін әлем чемпионатының жүлдегері Жамиля Бакбергенова, U23 әлем чемпионы Шұғыла Өмірбек, кадеттер арасындағы әлем чемпионы Нилуфар Раимова, Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Эльмира Сыздыкова, U23 әлем чемпионы Сұлтан Әсетұлы, жастар арасындағы әлем чемпионы Исхар Курбаев, әлем чемпионатының қола жүлдегері Асылжан Есенгелді, грек-рим күресінен бес дүркін әлем жүлдегері Алмат Кебиспаев және басқа да белгілі спортшылар бар.
Магнолия,
09 июня 2025
в 13:38
Әдеп кодексі мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлық стандарттары қандай болуы керек, осыны тайға таңба басқандай айқындап берді. Осы арқылы мемлекеттік қызметшілердің моральдық-адамгершілік бейнесіне және іскерлік қасиеттеріне қойылатын талаптар жоғарылады. Ол жалпы ережелер, мінез-құлықтың жалпы стандарттары, қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлық, қызметтік қатынастардағы мінез-құлық және көпшілік алдында, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында сөйлеумен байланысты мінез-құлық стандарттары деген бес бөлімнен тұрады. Әдеп қағидаларын заңнамалық тұрғыдан бекіту жалпыға бірдей қабылданған мінез-құлық стандарттарының сақталуын қамтамасыз етеді. Әдеп кодексі мәдениеттің құрамдас бөлігі ретінде адамгершілік және мораль мәселелеріне жақын. Әдеп қағидаттары мен стандарттарының сақталуы қоғамның мемлекеттік аппаратқа деген сенімнің артуына ықпал етеді.
Магнолия,
09 июня 2025
в 13:28
Елімізде «Қазақстан халқы тілдері күні» мерекесі 5 қыркүйекте тойланып келеді. Оның өзіндік себебі де бар, атап айтқанда осы күні қазақ халқының тағдыры және тілі үшін күрескен Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. «Тіл туралы» Заңында «Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбір адамзатының парызы» – деген.
Магнолия,
03 июня 2025
в 17:18
«Байзақ су» КМК Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің табиғи монополиялар субъектілерінің жергілікті бөліміне суды таратушы желілер арқылы беру, сарқынды суды бұру және жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және онымен жабдықтау қызметтерін ұсыну бойынша енгізілген. «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабы 2-тармағының 17) тармақшасына сәйкес, жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 мамырынан кешіктірмей уәкілетті органға бекітілген тарифтік сметаның орындалуы туралы, бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы есептерді электрондық нысанда, өзге мемлекеттік органға не жергілікті атқарушы органға бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы есепті электрондық нысанда ұсынуға міндетті болып табылады.
Магнолия,
02 июня 2025
в 12:38
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызметшілердің әдеп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы нормаларын сақтау туралы семинар өткізді. Семинарда заңнаманың сақталуын бақылау, талап – арыз және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің бас маманы — Әдеп жөніндегі уәкілетті тұлға С.Ж.Мағзымбекова «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексіне және Әдеп жөніндегі уәкілдер туралы ережеге сәйкес мемлекеттік қызметшілер мерекелік демалыс күндері қарсаңында Әдеп кодексін сақтауы, мемлекеттік қызметшілер қоғамдық орындарда мас күйінде болу, адамның қадір-қасиетін қорлау, заңнаманы бұзу, айналасындағылардың құқығы мен қауіпсіздігіне қол сұғу сияқты теріс мінез-құлық жағдайларына жол бермеуі, әрбір мемлекеттік қызметші жұмыстан тыс уақытта өзінің іс-әрекеті мен мінез-құлқы үшін жауап беретінін, ал кез-келген жағдайда этикалық қағидаттарды сақтау қоғамның мемлекеттік қызметке деген жоғары сенімінің негізі болып табылатынын есте ұстауы тиіс екендігі туралы атап өтті.
Магнолия,
30 мая 2025
в 18:28
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің негізгі қызметі табиғи монополиялар субъектілерінің тарифтерін реттеуге, табиғи монополия саласында заңнаманың сақталуын бақылауға бағытталған. Департаменттің тарифтік саясаты, ол тұрақты түрде табиғи монополиялар және қоғамдық маңызы бар нарық субъектілерінің тарифтерімен бағаларына негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында жұмысты жүргізу.
Магнолия,
30 мая 2025
в 17:58
ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментімен 2023-2024 жылдың қорытындысы бойынша «Жамбыл су» МКК-ның сарқынды суларды бұру қызметіне бекітілген инвестициялық бағдарламалардың орындалуына жүргізілген талдау барысында, «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабының 2-тармағының 16) тармақшасы, яғни бекітілген инвестициялық бағдарламаларды орындау талабының сақталмағандығын анықтады.
Магнолия,
29 мая 2025
в 15:28
Қазіргі заманда елімізде нашақорлыққа қарсы қылмыс ең күрделі мәселе болып табылады. Нашақорлық — қоғамды толғандыратын ең өзекті әлеуметтік мәселелердің бірі, ал ең қауіпті қылмыстардың бірі-есірткі заттарын сату. Өйткені қоғамымызда бұл зиянды затқа құмарлық танытушылар саны күн санап көбеюде. Адам денсаулығын құртып, сананы улайтын аталмаш затқа әсіресе жастар мен жас балалардың әуес болуы үлкен алаңдаушылық туғызады. «Есірткі» (наркотик) — сөзі гректің «narkotikos» сөзінен шыққан, яғни «елітетін», «мас ететін» деген мағынаны білдіреді.
Магнолия,
28 апреля 2025
в 20:38
Кез-келген мемлекеттің ұстанған жолын, ұлтының құндылығын айқындайтын басты құжат – Конституция. Конституцияда мемлекеттік биліктің барлық құрылымдарынан бастап, елдің әрбір азаматының, ондағы ұлттар мен ұлыстардың, әлеуметтік топтардың мақсаттары, міндеттері, құқықтары көрсетіледі. Сондай-ақ, мемлекет өміріндегі бетке алған үдерістер де осы Конституция арқылы реттеледі.
Магнолия,
22 апреля 2025
в 13:18
Болмысында ата дәстүрге берік халық – қазақ халқы болар. Іздеушісі, ізгі істі ұлықтаушы ұлы қалықтың алтын қазынасы – ана тілі. Ата қанымен, ана сүтімен бойына сіңген бұл қасиет оны биіктетіп тұрған. Ал ана тілден ардақты, ана тіліңде жеткізген ойыңнан ардақты не бар дейсің? Тек соның қадірін, қасиетін ұлықтай алдық па біз?
Магнолия,
09 апреля 2025
в 12:58
Киберқауіпсіздік не үшін қажет? Киберқауіпсіздік жеке деректер, қаржылық ақпарат және коммерциялық құпиялар сияқты құпия ақпаратты қорғау үшін өте маңызды. Ол сондай-ақ деректерді ұрлауға немесе бүлінуге әкелуі мүмкін жүйелер мен желілерге рұқсатсыз кіруді болдырмауға көмектеседі. Киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін әртүрлі қорғау әдістерін қолдану қажет.
Магнолия,
18 марта 2025
в 13:28
Тарифтерді қалыптастыру қағидаларының 247 тармағына сәйкес, сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифті саралау мақсатында тұтынушылар топтарға бөлінеді:. 1) халық санатына жататын жеке тұлғалар, жылу энергиясын өндіру процесінде өз мұқтаждарына суды тұтыну көлемі және ыстық сумен жабдықтау қызметтерін көрсету кезінде (ыстық сумен жабдықтаудың ашық жүйесі кезінде) үстемелеп толтыру көлемі шегінде жылу энергиясын өндірумен айналысатын ұйымдар, бекітілген нормативтік техникалық ысыраптар көлемінің шегінде жылу энергиясын берумен және бөлумен айналысатын ұйымдар және сумен жабдықтау және (немесе) су бұру саласында реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынатын ұйымдар – бірінші топ;.
Магнолия,
18 марта 2025
в 13:18
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті табиғи монополиялар субъектілерінің жергілікті тізіліміне енгізілген және су беру және сарқынды суларды бұру бойынша қызметтер көрсететін «Жуалы–су» КМК тарапынан бұзушылықты анықтады.
Магнолия,
18 марта 2025
в 13:18
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті табиғи монополиялар субъектілерінің жергілікті тізіліміне суды таратушы желілер арқылы беру және сарқынды (ағымды) суды алып кету және тазалау қызметтері бойынша енгізілген «Жамбыл су» КМК тарапынан жүргізілген жоспардан тыс тексеру нәтижесі бойынша бұзушылықты анықтады.
Магнолия,
18 марта 2025
в 13:18
Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, сондай-ақ оларға теңестірілген мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың арасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында қатаң сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар көзделген. Мәселен, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңына сәйкес аталған адамдар заңнамада көзделген жағдайларды қоспағанда, қызметтік міндеттерін орындауға байланысты сыйлықтарды қабылдауға қатысты шектеулерді сақтауға міндетті.
Магнолия,
07 марта 2025
в 00:28
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау туралы семинар өткізді. Семинар барысында Әдеп жөніндегі уәкілетті тұлға Салтанат Мағзымбекова Департамент қызметкерлерінің назарларына Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Еркінбек Абуовтың Әдеп кодексін сақтау жөніндегі әзірленген жадынамасын жеткізіп, мемлекеттік қызметшілерге жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстануға, қоғамға жат мінез-құлық, оның ішінде қоғамдық орындарда адамның қадір-қасиетін және қоғамдағы адамгершілікке нұқсан келтіретін масаң күйде болу жағдайларына жол бермеуге тиіс екендігі жөнінде айтып, түсіндірді. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексіне және Әдеп жөніндегі уәкілдер туралы ережеге сәйкес мемлекеттік қызметшілер мерекелік демалыс күндері қарсаңында Әдеп кодексін сақтауы, мемлекеттік қызметшілер қоғамдық орындарда мас күйінде болу, адамның қадір-қасиетін қорлау, заңнаманы бұзу, айналасындағылардың құқығы мен қауіпсіздігіне қол сұғу сияқты теріс мінез-құлық жағдайларына жол бермеуі, әрбір мемлекеттік қызметші жұмыстан тыс уақытта өзінің іс-әрекеті мен мінез-құлқы үшін жауап беретінін, ал кез-келген жағдайда этикалық қағидаттарды сақтау қоғамның мемлекеттік қызметке деген жоғары сенімінің негізі болып табылатынын есте ұстауы қажет.
Магнолия,
28 февраля 2025
в 23:38
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің осы әдеп кодексі (бұдан әрі – Кодекс) мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебінің стандарттарын белгілейді және қоғамның мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін және парасаттылық атмосферасын қалыптастыруға, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алуға бағытталған.
Arna Press,
17 февраля 2025
в 17:18
Мемлекет басшысының Жарлығымен Берік Уәли Абай облысының әкімі болып тағайындалды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Бұған дейін ол Президентінің Кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы болған.Берік Уәли 1977 жылы бұрынғы Семей облысында дүниеге келген.Т.Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институтын «Кинотанушы», Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Журналистика» (магистратура), сондай-ақ Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетін «Құқықтану» мамандықтары бойынша бітірген.Еңбек жолын 1997 жылы «Таң» телекомпаниясында «Алматы жаңалықтары» ақпараттық бағдарламасының тілшісі болып бастаған.1998-1999 жылдары – «НТК» телеарнасында «Жаңалықтар» ақпараттық бағдарламасының шығарушы редакторы.2000-2007 жылдары – «31 канал» телерадиокомпаниясында» «Информбюро» ақпараттық бағдарламасының бас редакторы, «Еркін сөз» бағдарламасының авторы әрі жүргізушісі, «Дода» саяси ток-шоуының бас редакторы әрі жүргізушісі.2007-2012 жылдары – «Хабар» Агенттігі» АҚ Ақпараттық бағдарламалар дирекциясы жаңалықтар қызметінің тілшісі,.
Магнолия,
04 февраля 2025
в 17:18
В адрес Департамента юстиции Жамбылской области поступают обращения адвокатов о непредоставлении информации по адвокатским запросам. Согласно пункту 8 статьи 35 Закона РК «Об адвокатской деятельности и юридической помощи» государственные органы, органы местного самоуправления и юридические лица обязаны в течении 10 рабочих дней дать письменный ответ на запрос адвоката, связанный с оказанием им юридической помощи.
Магнолия,
24 декабря 2024
в 12:58
Конкурстың республикалық кезеңінің жеңімпаздары белгілі болғандықтан, Қазақстанның барша ұстаздары үшін көптен күткен сәт те келіп жетті. Барлық қатысушылардың ішінде облыстан бес мұғалім жүлделі орындармен (1 -1 орын, 1-2 орын, 3-3 орын) марапатталды. Конкурс жеңімпаздары:. 1. «Медиа-ақпараттық сауаттылық» номинациясы бойынша Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімі А.Пушкин атындағы №41 көпсалалы гимназияның педагог-сарапшысы, информатика пәнінің мұғалімі Абдуллаева Шолпан Заевна 3 орын;.
Магнолия,
16 декабря 2024
в 14:58
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы С.Т.Джузбаеваның қатысуымен мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау туралы семинар өткізді.
Магнолия,
04 декабря 2024
в 18:38
Сот шешімдері заңды күшіне енгеннен соң, атқару парағы сот орындаушылардың өндірісіне түскен күннен бастап, Қазақстан Республикасының «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі» туралы Заңының 32 бабына сәйкес сот орындаушысы атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдауға міндетті.
Магнолия,
28 ноября 2024
в 12:08
Мемлекеттік тіл мәртебесі конституцияда бекітілген мемлекеттік мекемелерде іс-қағаздар осы тілде жүргізіледі. Әдетте мемлекет негізін құраушы әрі жердің байырғы иесі болып саналатын халықтың тілі мемлекеттік тіл болып бекітіледі. 1993 жылы қабылданған тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Конституциясында қазақ тілі мемлекеттік тіл болып бекітілді.
Магнолия,
01 октября 2024
в 15:28
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті Жамбыл облысы бойынша департаменті (бұдан әрі — Департамент), Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйекте жариялаған «Әділетті мемлекет. Бір халық. Гүлденген қоғам» Жолдауында мемлекет пен қоғамның барлық салаларын қайта іске қосуды қамтамасыз ету көзделген.