Популярные темы

Үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалану

Дата: 28 марта 2024 в 16:48


Үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалану
Стоковые изображения от Depositphotos  «Тиісті тауар нарығындағы нарық субъектісінің немесе бірнеше нарық субъектілерінің нарық субъектісіне немесе бірнеше нарық субъектілеріне тиісті тауар нарығын бақылауға, оның ішінде тауар айналысының жалпы жағдайына елеулі ықпал етуге мүмкіндік беретін жағдайы үстем немесе монополиялық жағдай деп танылады».   Үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектiлерiнiң тиiстi тауар нарығына кiрудi шектеуге, бәсекелестiктi болғызбауға, шектеуге және жоюға алып келген немесе алып келетін және (немесе) нарық субъектісінің немесе белгілі бір тұтынушылар тобының заңды құқықтарына қысым жасайтын әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне), оның iшiнде: 1) монополиялық жоғары (төмен) немесе монопсониялық төмен бағаларды белгiлеу, ұстап тұру; 2) әртүрлі бағаларды қолдану тауарды өндіруге, өткізуге және жеткізуге жұмсалатын әртүрлі шығындарға, сату көлемі, ақы төлеу шарттары, шарттың қолданылу мерзімдері ескерілетін жеңілдіктер жүйесінің кемсітпеушілік қолданылуына байланысты болатын жағдайларды қоспағанда, нарық субъектiлерiмен немесе тұтынушылармен жасалған мәні бірдей келiсiмдерге объективті түрде ақталмайтын себептермен әртүрлi бағаларды не әртүрлi шарттарды қолдану; 3) өзiнен сатып алынған тауарларды қайта сатуға аумақтық белгiсi, сатып алушылар тобы, сатып алу шарттары бойынша, сондай-ақ саны, бағасы бойынша шектеулер белгiлеу; 4) нарық субъектiсiне немесе тұтынушыға өз мазмұны бойынша немесе iскерлiк айналым дәстүрiне сәйкес осы келiсiмдердiң нысанасына қатысы жоқ қосымша мiндеттемелер қабылдату арқылы келiсiм жасасуға шарт қою не оны күштеп таңу; 5) өтініш жасалған кезде тиiстi тауарды өндiру немесе өткiзу мүмкiндiгi болған кезде жекелеген сатып алушылармен шарт жасасудан немесе тауарды өткізуден негiзсiз бас тарту не осындай шарт жасасу туралы ұсынысқа күнтізбелік отыз күннен асатын мерзiмде жауап ұсынбаудан көрінетін жалтару сияқты әрекеттеріне тыйым салынады
Бұл ретте бас тарту не жалтару, егер сатып алушы өтініш жасаған кезде өндірілетін немесе өткізілетін тауардың талап етілетін көлемі, оның ішінде тиісті тауарды сату туралы шарттар жасалуына байланысты болмаған жағдайда, негізді деп саналады; 6) бәсекелестер өндiрген не өткiзетiн тауарларды сатып алу кезiнде шектеулер қабылдау арқылы тауарларды беруге шарт қою; 7) өндiру немесе беру мүмкiндiгi болған кезде тұтынушылардың, нарық субъектілерінің сұранысы немесе тапсырыстары бар тауарларды өндiру және (немесе) беру көлемдернегiзсiз қысқарту немесе өндiруді және (немесе) беруді тоқтату; 8) егер тауардың бағасын көтеру тауарды алып қоюдың нәтижесi болып табылса, тауарды айналыстан алып қою; 9) контрагентке шарт нысанасына жатпайтын, экономикалық немесе технологиялық тұрғыдан негiзсіз шарт талаптарын күштеп таңу; 10) нарықтың басқа субъектiлерiне тауар нарығына кiруге немесе тауар нарығынан шығуға кедергiлер жасау; 11) сол бір тауарға әртүрлі бағаларды (тарифтерді) экономикалық, технологиялық тұрғыдан немесе өзге де түрде негізсіз белгілеу, кемсітушілік шарттар жасау; 12) негізгі қуатқа тең қолжетімділік бермеу сияқты әрекеттерiне тыйым салынады.
Іс жүзінде нарық субъектілері нарықта белгілі бір жағдайға жеткенде, кейбір іскерлік тәжірибелер заңсыз болып табылатындығын нақсы түсінуі керек. Жоғарыда атап өткендей, мәселе тұтастай алғанда қоғамдық әл-ауқатты арттыру болып табылады, өйткені нарықтағы бір немесе бірнеше субъектілердің кез келген заңды емес үстемге немесе монополиялық жағдайға ие болуы әсері қоғамдық әл-ауқаттың қайтарымсыз шығындарына әкеледі.
С. КЛЫШБЕКОВ, БҚДА Жамбыл облысы бойынша департаментінің тергеп-тексеру бөлімінің басшысы

По сообщению сайта Магнолия

Поделитесь новостью с друзьями