Популярные темы

Ұлттық құндылық

Дата: 16 февраля 2024 в 13:48 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Ұлттық құндылық
Стоковые изображения от Depositphotos «Қазақ елінің озып үдеген кезі де,тозып жүдеген кезі де аз емес» деп Елбасы айтқандай, «Мың өліп мың тірілген» қазақ еліміз бүгінде түрлі қиыншылықтарды артқа тастап, дамудың даңғыл жолына түсті
Елді дамыту, әлем елдерімен иық тірестірер дәрежеге жету жолында мемлекет басшысы жыл сайын түрлі жобаларды қолға алып,оның орындалуын жетік қадағалап отырады. Рухани мықты мемлекеттердің көбісі дамыған елдер қатарына кіреді. Өйткені, олар үшін алдымен ұлтының баюы, тілінің беріктігі, елінің мүддесі алдыңғы орында. Дамушы мемлекеттердің барлығының көздегені дамыған мемлекеттер қатарына қосылу екені белгілі. Қазіргі күнде ғылымның, білімнің, әдебиеттің, мәдениеттің, өркениеттің және техника мен технологияның күн санап, тіпті, минут санап дамуына байланысты, яғни солардың прогрессіне қарай жаһандану деген нәрсе бүкіл мемлекетте белең алды.
Қазақтың біртуар ақыны М.Жұмабаев «Ұлтқа тілінен қымбат нәрсе болмақ емес, бір ұлттың тілінде сол ұлттың сыры, тарихы, тұрмыс тіршілігі, мінезі айқын көрініп тұрады» — деген. Тіл әрбір азаматқа ана сүтімен беріліп қалыптасады. Ана сүтімен бойға енген касиеттер туған тілдің арқасында дамыйды. Мемлекеттік тіл –мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық салаларында қолданылатын тіл болғандықтан, жүргізілетін барлық іс-қағаздары мен құжаттар мемлекеттік тілде болуы тиіс. Өйткені өркениетті елдердің қатарына ену үшін білікті де саналы ұрпақ тәрбиелеуіміз керек. Сауатты ұрпақ тәрбиелеу дегеніміз, өз ана тілінде еркін сөйлей алатын, оны терең меңгерген ұрпақ. Ал ана тілін жақсы білмейінше сауатты сөйлеп, сауатты жазып, тіл байлығын мол қолданбайынша, шын мәніндегі мәдениетті адам бола алмайсын.
Нағыз тәрбие ережелерден емес, жаттығулардан тұрады. Тектілікті санаға сіңіріп өскен ұрпақтар сабақтастығы сара жолдан жаңылыспау үшін алға тартып отыруымыз керек. Заман көшінен қалмай  әрқайсымыз дәуір данышпаны бола алуымыз қажет.
Еліміз білімнің бесігінде тербеліп, дамудың дара жолын қалыптастырған, саяси сауатты, мәдениеттің  ең асылын сіңірген ұрпақтармен толысса Қазақ алмайтын қамал, Қазақ шыға алмайтын шың қалмасы анық.
А. ЫХЫНОВА, Жамбыл облысы Әділет департаментінің бас маманы

По сообщению сайта Магнолия

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями

Читайте также