Популярные темы

Сыбайлас жемқорлықсыз ел – өркендеуші ел

Дата: 11 сентября 2024 в 01:08 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Сыбайлас жемқорлықсыз ел – өркендеуші ел
Стоковые изображения от Depositphotos Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында біз азаматтарымыздың лайықты өмір сүруіне жағдай жасауға, олардың құқықтарын қорғауға, заң үстемдігін қамтамасыз етуге, жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге міндетті екенімізді айтты.
Сыбайлас жемқорлық даму деңгейіне қарамастан барлық елдерге өз әсерін тигізеді. Бұл экономикалық дамуды төмендетеді, демократиялық институттар мен заң үстемдігін әлсіретеді, қоғамдық тәртіпті бұзып, халықтың сенімінен шығады.
«Қазақстан-2050» Стратегиясы» халыққа жолдауында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев халлыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын жоғарлату бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың басты аспектісі болып табылатына ерекше назар аударған болатын.
Қазіргі жаһандану әлемінде сыбайлас жемқорлықпен күресудің тиімді құралдарының бірі болып автоматтандыру табылады, бұл адам факторын болдырмауға мүмкіндік береді
Еліміздегі барлық қызмет көрсету салалары толығымен электронды қызмет көрсетуге көшкен жағдайда, әкімшілік кедергілері азаяды, қызмет көрсетудің тиімділігі артып, тұрмыстық деңгейдегі сыбайлас жемқорлық қысқара түсетіні белгілі.
ҚР Әділет министрлігімен мемлекеттік қызметтерді электрондық форматқа толығымен көшіру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Сыбайлас жемқорлықты жою бұл тек қана мемлекеттің мүддесі мен міндеті ғана емес, бүкіл қоғамның міндеті. Әрбір азамат бұл мәселеде алаңдаушылықты сезінуі және ешкім бұл зұлымдықпен күресте бейтарап қалмауы тиіс. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда қоғам мен мемлекет бірігуі тиіс. Сонда ғана сыбайлас жемқорлықтың көріністері азаяды.
Аталған індетпен күресуде әділет органдары да өз үлесін қосуда.
Осы бағытта Әділет департаменті басқа да мемлекеттік органдармен, оның ішінде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментімен тығыз ынтымақтаста жұмыс атқарады.  
Тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою, мемлекеттік қызметтерді алу үшін қолайлы жағдайларды жасау және  азаматтардың сенімін жоғарылату мақсатында ағымдағы жылы Әділет департаментінде Әділет министрлігінің «ADALDYQ ALAŃY»  жобалық кеңсесінің Жамбыл облысы бойынша бөлімшесі ашылды. Туындаған сұрақтары бойынша келген азаматтар Бөлімшеде қабылданып, азаматтардың мәселелері бақылауға алынып, заң шеңберінде құқықтық көмек беру бойынша жұмыстар жүргізіледі.
Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәдениеттілігін арттыру, халыққа заңгерлік көмек көрсету, ашықтық, сенімділік қағидасын қалыптастыру мақсатында біз жұмысымызды  «Adaldyq Alańy Jambyl» жобалық кеңсесіндеЖамбыл облыстық адвокаттар алқасы, нотариаттық палатасы, заң кеңесшілер палатасы және жеке сот орындаушылардың өңірлік палаталарымен бірлесе отырып жүргізілуде.
Сонымен қатар, Департамент халықпен кері байланыс орнату мақсатында интернет-ресурстарын тиімді әдістерінің бірі ретінде белсенді түрде қолданады. Департамент атқарылған жұмыстары бойынша ақпараттарды Іnstagram, facebook және TikTok әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшалары арқылы орналастырумен шектелмейді, атап айтқанда, кез келген тұлғаға аталған желілер арқылы Департамент бағыттары бойынша қызықтырған сұрақтарына жауаптар алуға болады.
Аталған жұмысты бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, бірлесіп атқаратын болсақ сыбайлас жемқорлықтың көлемін барынша азайтуға болатына кәміл сенеміз.
Токтаев Асхат, Жамбыл облысы Әділет департаменті

По сообщению сайта Магнолия

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями