Популярные темы

Семей қаласы: новости — страница 2

Абай облысында кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс саны азайған

Arna Press, 24 января 2025 в 14:21

Абай облысында кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс саны азайған
Өңірде кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс саны азайған, -деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Семей қаласының жалпы орта мектеп директорлары және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларының қатысуымен семинар-кеңес өтті. Семей қаласы ПБ ЖПҚБ бастығы полиция подполковнигі Елдос Оразалин қала бойынша жасөспірімдер ортасындағы қылмыстың жай-күйі және кәмелетке толмағандар істері жөніндегі бөлімше қызметкерлерінің жүргізіп жатқан жұмыстары туралы баяндады.Ішкі істер органдары бұл бағытта айтарлықтай жұмыс жүргізуде, жұмыстың белгілі нәтижелері бар.2024 жылы кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу үшін қабылданған шаралардың арқасында Семей қаласында кәмелетке толмаған жасөспірімдер қылмысы азайған.Оқу орындарымен ынтымақтастық кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтарды алдын алуға бағытталған тиімді шараларды қабылдауға мүмкіндік берді.Сурет: Семей қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Семейде қала әкімінің шыршасына 150 бала қатысты

Arna Press, 26 декабря 2024 в 17:58

Семейде қала әкімінің шыршасына 150 бала қатысты
Бүгін Семей қаласы әкімі атынан 150 балаға арналған жаңа жылдық шырша мерекесі өткізілді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Қала әкімінің шыршасына қатысушылар ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балалар, аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан балалар, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар, сондай-ақ оқуда, спортта, қоғамдық іс-шараларға белсене қатысқан, шығармашылықта, сонымен қатар өнерде жетістіктерге жеткен дарынды балалар қатысты.Жаңа жылдық қойылым екі бөлімнен тұрды.

Семейде жиһаз цехы өртенді

Arna Press, 23 декабря 2024 в 12:38

Семейде жиһаз цехы өртенді
Абай облысында ТЖМ құтқарушылары жиһаз цехындағы өртті сөндірді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Семей қаласы Водников көшесі бойындағы екі қабатты жиһаз цехының бірінші қабатында тақтайлар, ағаш үгінділері мен төбе жабыны жанып, от екінші қабаттың төбесіне ауысты.ТЖМ күштері қысқа мерзімде жалпы ауданы 250 ш.м. өртті сөндірді.

Семейдің шет аудандарын дамыту, тұрмыстық қатты қалдықтар полигонын салу және қоғамдық көліктердің сапасын арттыру жоспарланған

Arna Press, 18 декабря 2024 в 16:08

Семейдің шет аудандарын дамыту, тұрмыстық қатты қалдықтар полигонын салу және қоғамдық көліктердің сапасын арттыру жоспарланған
Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Семей қаласы тұрғындарымен кездесуі өтті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Кездесуде өңірдің жеткен жетістіктері мен қолға алынған жобалар туралы айтылды.«Семей – талай тарихи оқиғаның кәугері, еліміздің рухани-мәдени орталығы. Сүйікті қаламызды көркейтуге көңіл бөлініп жатқанын білесіздер.

Семей қаласының ішкі саясат бөлімінің басшысы тағайындалды

Arna Press, 04 декабря 2024 в 12:48

Семей қаласының ішкі саясат бөлімінің басшысы тағайындалды
Конкурстық рәсімдердің нәтижесінде Ғапуов Айбек Еркінұлы Семей қаласының ішкі саясат бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Айбек Еркінұлы Үржар ауылында дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар. Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетін және Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Семейде тағы он сегіз «Батыр анаға» алтын және күміс алқалары табысталды

Arna Press, 19 ноября 2024 в 15:28

Семейде тағы он сегіз “Батыр анаға” алтын және күміс алқалары табысталды
Бүгін қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов 18 анаға «Батыр ана» атағын салтанатты түрде табыстады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Мемлекетіміз атаулы әлеуметтік көмек алатын көпбалалы отбасылардың жағдайын әрдайым басты назарда ұстайды. Біз алдағы уақытта да көпбалалы отбасыларды қолдау бойынша жұмыстарды жалғастыратын боламыз», — деді қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов. Қала әкімінің қабылдауында болған батыр аналар да өз кезегінде Мемлекет басшысына, облыс және қала әкіміне қолдаулары үшін алғыстарын білдірді.Айта кетейік, бүгінгі таңда облыс орталығында 5000-ға жуық отбасы көпбалалы ретінде арнайы әлеуметтік көмекпен қамтамасыз етілуде.

Абай облысының Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Arna Press, 11 ноября 2024 в 15:48

Абай облысының Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасына жаңа басшы тағайындалды
Айбек Самат Абай облысының Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы болып тағайындалды — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Самат Айбек Төлегенұлы 1987 жылы 16 қарашада Семей облысы Ақсуат ауданы Ақсуат ауылында дүниеге келген.

Семейде әлеуметтік қызметкерлерге құрмет көрсетілді

Arna Press, 29 октября 2024 в 20:28

Семейде әлеуметтік қызметкерлерге құрмет көрсетілді
Бүгін Семей әкімдігінің ұйымдастыруымен Әлеуметтік сала жүйесінің қызметкерлері күніне арналған мерекелік іс-шара өтті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.«Семей қаласында әлеуметтік салада 1000-ға жуық маман еңбек етеді. Әлеуметтік көмек алушылар саны былтырғы жылмен салыстырғанда 23% азайды.

Семейде қала күніне орай 20 метрлік торт әзірленді

Arna Press, 22 сентября 2024 в 20:48

Семейде қала күніне орай 20 метрлік торт әзірленді
Бүгін қала күніне орай әртүрлі іс-шаралар ұйымдастырылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Ертіс өзенінің оң жағалауында Семей қаласының кондитерлері бірлесіп қала күніне орай 20 метрден асатын тәтті торт әзірледі. Тортты кондитерлер қала тұрғындарымен бірлесіп безендірді.Арбатта жас суретшілер арасында өткен «Семей.

«Мерейлі отбасы» республикалық байқауында Абай облысының атын қорғаған Смағұловтар отбасы лауреат атанды

Arna Press, 09 сентября 2024 в 11:58

Абай облысының намысын республикалық байқауда қорғаған отбасы лауреат атанды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі. «Мерейлі отбасы» байқауы отбасылық құндылықтарды дамытуға және қазақстандық отбасының оң имиджін насихаттауға бағытталған. Биыл байқау 11-ші рет өткізілді. Оған Қазақстанның барлық өңірлерінен 3 369 өтінім берілді.«Мерейлі отбасы 2024» байқауының лауреаттары Абай облысынан Смағұловтар отбасы атанды.

Семейде 237 отбасыға пәтер кілттері табысталды

Arna Press, 29 августа 2024 в 15:48

Семейде 237 отбасыға пәтер кілттері табысталды
237 семейлік баспаналы болды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов жаңа баспана иелерін құттықтады. – Ең алдымен баршаңызды Қазақстан Республикасы Конституциясы күні меркесімен шын жүректен құттықтаймын! Бүгін Семей қаласында көпбалалы отбасылар, ерекше қажеттіліктері бар азаматтар, бюджет саласының қызметкерлері және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар жаңа пәтерлердің иегерлері атанып отыр.

Семейде педагогтердің кеңейтілген алқа отырысы өтті

Arna Press, 29 августа 2024 в 12:18

Семейде педагогтердің кеңейтілген алқа отырысы өтті
«DIGITAL KAZAKHSTAN: ЖАҢА ЗАМАНДАҒВ БІЛІМ БЕРУ» атты республикалық педагогикалық саммит аясында Семей қаласының педагог қызметкерлерінің кеңейтілген алқа отырысы өтті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Отырыстың спикерлері оқыту сапасын үздіксіз арттыру тәжірибесімен, «943 мақсатты мектепті дамыту» жобасын жүзеге асырумен және «ҰСТАЗ» платформасының жұмысы туралы тәжірибелерімен бөлісті.

«Абай жастары» тұрғын үй бағдарламасы басталады

Arna Press, 06 августа 2024 в 19:18

Бағдарламаға 18-35 жас аралығындағы жастар қатыса алады. Оның ішіне түрлі салада еңбек етіп жүрген жас мамандар мен жас отбасылар кіреді. Құжаттарды қабылдау ағымдағы жылдың 20 тамызында басталады. Қатысу шарттары жақын күндері Семей қаласы әкімдігінің ресми сайтында жарияланады. Айта кетейік, 2023 жылы осы бағдарлама арқылы 41 азамат баспаналы болды.

Тамақ инфекцияларынан сақ болыңыз: дәрігерлер тамақтан уланудың сақтығы жайлы айтты

Arna Press, 06 июня 2024 в 16:08

Тамақ инфекцияларынан сақ болыңыз: дәрігерлер  тамақтан уланудың сақтығы жайлы айтты
Дәрігерлердің ұсыныстары тұтынушыға ғана емес, өндірушіге де қатысты. Тамақ ішетін арнайы мекемелердегі тазалық пен тәртіпті қатаң сақтау керек, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Абай облысының Өңірлік коммуникация қызметіне сілтеме жасап. Абай облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті бөлім басшысы Әйгерім Мұсатаева атап өткендей, қоғамдық тамақтану жүйесінің рөлі артып келеді, сондықтан оның эпидемиологиялық құрамдас бөлігін мұқият бақылау қажет.

Абай облысының 302 мектебінде бірыңғай тәрбие сағаты өтті

Arna Press, 24 мая 2024 в 15:58

Абай облысының 302 мектебінде бірыңғай тәрбие сағаты өтті
Бүгін еліміздің барлық мектебінде 2023-2024 оқу жылының аяқталуына арналған «Білімім — Отаныма» Бірыңғай сынып сағаты өтті. Сынып жетекшілері оқушылармен және ата-аналармен бірлесіп оқу жылын қорытындылады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Абай облысы білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Жалпы бірыңғай тәрбие сағатына Абай облысы бойынша барлық білім алушы қатысты.

Семейде соңғы үш күнде жауын-шашын мөлшері айлық нормадан асып түсті

Arna Press, 27 февраля 2024 в 20:28

Семейде соңғы  үш күнде жауын-шашын мөлшері айлық нормадан асып түсті
Семейде соңғы үш күнде жауын-шашын мөлшері айлық нормадан асып түсті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі қалалық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.«Қазгидромет» филиалының мәліметінше, жауын-шашын мөлшері:. Осыған байланысты коммуналдық қызметтер тәулік бойы жұмыс режиміне көшірілді. Қазіргі уақытта біздің қала су тасқынына қарсы ауқымды іс-шаралар өткізуде.

Семейде тағы 21 көпқабатты үйдің құрылысы жүріп жатыр

Arna Press, 25 января 2024 в 16:38

Семейде тағы 21 көпқабатты үйдің құрылысы жүріп жатыр
Қарағайлы ықшам ауданында 21 көпқабатты тұрғын үйдің құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қала басшысы Нұрбол Нұрсағатов аталған ауданға барып, салынып жатқан құрылыс нысандарын аралады. Қазіргі таңда «Қарағайлы» шағын ауданында 21 көпқабатты тұрғын үйлердің құрырылыс жұмыстары жүргізілуде. Қаланың бас жоспарына сәйкес, оң жағалауда Қарағайлы шағын ауданының егжей-тегжейлі жобалау жоспары әзірленді.Бүгінгі күні Қарағайлы шағын ауданында нефрологиялық орталық пен емхана салу мақсатында жер телімі бөлініп, құрылыс жұмыстары басталды.

Семейде алғаш рет қысқы дрейфтен ашық чемпионат өтті

Arna Press, 22 января 2024 в 11:48

Семейде алғаш рет қысқы дрейфтен ашық чемпионат өтті
Семейде алғаш рет қысқы дрейфтен ашық чемпионат өтті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.«ICE DRIFT BATTLE 2024» чемпионаты Семей қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен өтті. Бұл жарысқа Қарағанды, Өскемен, Павлодар және Семей қаласынан автоспортшылар қатысты.«Мұз үстіндегі дрифт Семейде алғаш рет ұйымдастырылғандықтан, бас төреші Ресей Федерациясының Екатеренбург қаласынан Андрей Паули есімді дривингпен айналысатын спортшы төреші болды.

Семей қаласы әкімнің шыршасы өтті

Arna Press, 30 декабря 2023 в 21:28

Семей қаласы әкімнің шыршасы өтті
Бүгін Семей қаласы әкімі атынан 200 балаға арналған жаңа жылдық шырша мерекесі өткізілді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Оған Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов және қала әкімінің орынбасары Жаныбек Мукатаев қатысты.Қала әкімінің шыршасына қатысушылар ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балалар, аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан балалар, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар, сондай-ақ оқуда, спортта, қоғамдық іс-шараларға белсене қатысқан, шығармашылықта, сонымен қатар өнерде жетістіктерге жеткен дарынды балалар қатысты.Жаңа жылдық қойылым екі бөлімнен тұрды.

Семейде автобустағы тазалыққа талап күшейтілді

Arna Press, 05 декабря 2023 в 13:18

Семейде автобустағы тазалыққа талап күшейтілді
Семейде автобустағы тазалыққа талап күшейтілді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Семейдегі қоғамдық көлік жүйесіне 4 автобус паркі қызмет көрсетеді. Семейліктер автобустардың санитарлық жағдайына жиі шағымданады. Қазіргі уақытта біз тасымалдаушылардың санитарлық нормалар мен ережелерді сақтауын бақылауды күшейттік.

Абай облысының тергеушісі «Алтын алқа» иегері атанды

Arna Press, 20 ноября 2023 в 19:18

Абай облысының тергеушісі
Абай облысында батыр аналарды марапаттау мақсатында кезекті жиын өтті. «Алтын алқа» иегерлерінің арасында полиция майоры Райхан Ешимова да бар, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.Салтанатты кездесу Достық үйінде өтті. Абай облысының түкпір-түкпірінен көпбалалы аналар күміс және алтын алқа алуға келді.

Қазақстанда осал топтағы азаматтарға берілген жалдамалы баспана өз аттарына аударылатын болады

Arna Press, 26 октября 2023 в 15:00

Қазақстанда осал топтағы азаматтарға берілген жалдамалы баспана өз аттарына аударылатын болады
Мемлекет осал топтағы азаматтарға берген жалдамалы баспананы халық көп ұзамай жекешелендіре алады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Нұртай Сабильянов Facebook әлеуметтік желісіндегі өзінің парақшасында Парламент Мәжілісінде қандай жұмыс атқарылғаны туралы хабардар етті.

Семейлік ұстаз «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын президент қолынан алды

Arna Press, 25 октября 2023 в 17:58

Семейлік ұстаз
«Қазақстанның Еңбек Ері» атағы еліміздің әлеуметтік-гуманитарлық дамуындағы аса үздік жетістіктері үшін Семей қаласы №7 жалпы білім беретін орта мектеп-лицейінің мұғалімі Алма Шүкежановаға берілді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Республика күні қарсаңында өз кәсібіне берілген, шығармашыл, үлкен абырой-беделге ие болған тәжірибелі, үздік маманға Мемлекет басшысының Жарлығымен ҚР әлеуметтік-гуманитарлық дамуындағы аса үздік жетістіктері үшін жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені табысталды.Алма Сайдахметовна №7 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінде 1983 жылғы 1 қыркүйектен бастап математика пәнінің мұғалімі болып жұмыс істейді.

Семейде қарияны мазақ еткен жасөспірімдер ұсталды

Arna Press, 11 октября 2023 в 10:38

Семейде қарияны мазақ еткен жасөспірімдер ұсталды
Полиция қызметкерлері қарт әжені мазақтап, мазасын алған үш жасөспірім бұзақыны анықтады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Абай облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Бетперде киген бірнеше жасөспірім есікті сындырып, қарт әйелді мазақ етіп, оның тыныштығын бұзған. Полиция қызметкерлері үш жасөспірім бұзақыны анықтады.
Показано 24 новости из 54