Популярные темы

Абай облысының 302 мектебінде бірыңғай тәрбие сағаты өтті

Дата: 24 мая 2024 в 15:58 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Абай облысының 302 мектебінде бірыңғай тәрбие сағаты өтті
Стоковые изображения от Depositphotos

Бүгін еліміздің барлық мектебінде 2023-2024 оқу жылының аяқталуына арналған «Білімім — Отаныма» Бірыңғай сынып сағаты өтті. Сынып жетекшілері оқушылармен және ата-аналармен бірлесіп оқу жылын қорытындылады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Абай облысы білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жалпы бірыңғай тәрбие сағатына Абай облысы бойынша барлық білім алушы қатысты. Бұл күні барлық мектепте әр баланың жақсы қасиеті, үлгілі істері, ерлік көрсеткен тұстарына ерекше назар аударылып, марапаттау рәсімі жүргізілді.

Абай облысы білім басқармасының басшысы Нұржан Ахметқалиев Семей қаласы №8 жалпы орта білім беретін көркемдік-эстетикалық білім және тәрбие беру мектеп-кешеніндегі жалпы тәрбие сағатына оқушылармен бірге қатысты. Оқушыларды оқу жылының аяқталуымен құттықтап, жазғы демалысты пайдалы, тиімді өткізіп, келесі оқу жылына жаңа күшпен оралуларына тілектестігін білдірді:

       «Құрметті, білім алушылар, сіздердің міндеттеріңіз — сабақты жақсы оқып, ата-аналарыңызды қуанту. Бүгінгі партада отырған оқушы – ертеңгі азамат, ел патриоты. Сіздер, біріншіден, тәуелсіз елдің өркені екендеріңізді ұмытпаңыздар, екіншіден, еліміздің іргетасының берік болуына үлес қосып, еліміздің патриоты екендіктеріңізді дәлелдеңіздер. Өз деңгейлеріңізді арттыру үшін білім алуға ұмтылу — ең дұрыс шешімдеріңіз болмақ».  

 Сондай-ақ жыл көлемінде спорттан жоғары жетістіктерге жеткен 8-сынып оқушысы Омарғалиев Әмірді марапаттап, Алғыс хат табыстады.

Әмір Ресейде өткен халықаралық турнир грек-рим күресінен I орын, Эстония мемлекетінде өткен халықаралық турнирде III орын, Ресейде өткен XIX турнирден ІІ орын, Республикалық біріншілікте грек-рим күресінен I орын иегері.

«Мен жыл көлемінде жеткен жеңісімімді Отаныма арнаймын. Алдағы уақытта әлемді бағындырғым келеді. Ол үшін сапалы білім алып, спортта да өзімді шыңдап жүрмін»,-деді Әмір.

 Сонымен қатар бүгін облыс бойынша 15 мыңға жуық 9, 11 сынып түлектері «Мен. Мектеп. Ұстаз» тақырыбында мектеп қабырғасындағы балалық шақтан болашаққа қадамы туралы өз ойларынан эссе жазды.

Айта кетейік, биыл оқу жылының аяқталуы жаңа форматта өтті.

Облыс бойынша биыл мектепті 101 136 оқушы аяқтап отыр. Оның ішінде 5032 түлек мектеппен қоштасады.

Сурет: Абай облысы білім басқармасының баспасөз қызметі

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями