Абай облысының намысын республикалық байқауда қорғаған отбасы лауреат атанды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі
«Мерейлі отбасы» байқауы отбасылық құндылықтарды дамытуға және қазақстандық отбасының оң имиджін насихаттауға бағытталған. Биыл байқау 11-ші рет өткізілді. Оған Қазақстанның барлық өңірлерінен 3 369 өтінім берілді.
«Мерейлі отбасы 2024» байқауының лауреаттары Абай облысынан Смағұловтар отбасы атанды.
«Әулеттің атасы — Ертай Смағұлов. Ол 1933 жылы Бесқарағай ауданында дүниеге келген. Ұлы Отан Соғысының ардагері. Оның немересі — полиция капитаны Дастан Ерсаев — Абай облысы Полиция департаменті Семей қаласы Полиция басқармасының аға криминалисі. Ол 2016 жылдан бері Ішкі істер органдарында қызмет етіп келеді», — деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінде.
Биыл оның отбасы облыстық байқаудың финалына шығып, республикадағы үздік отбасы ретінде таңдалды.
Сурет: Абай облысы ПД баспасөз қызметі
По сообщению сайта Arna Press