Arna Press,
04 октября 2023
в 11:48
Көпбалалы ананың айтуынша, білім ордасының мұғалімдері мен психологы бірінші сыныпта оқитын қызды өгей әкесі зорлады деп топшылап, жедел жәрдем шақыртқан деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ktk.kz телеарнасына сілтеме жасап.Ал аурухананың гинекологы қызды ата-ананың қатысуынсыз қарап, жатырына зақым келді деген диагноз қойыпты.
Крыша,
03 октября 2023
в 14:57
ПИК (КСК), МИБ (ОСИ) көп пәтерлі үйді жылу маусымына қалай дайындайтынын және қандай жағдайда пәтердегі батарея салқын болатынын түсіндіреміз.Бұл тұрғындар мен кооператив не бірлестік басшыларының міндеті. Олар өз бетінше жұмыс істейді, не болмаса сервистік компанияларды шақырады. Мұндай жағдайда қызмет ақысын тұрғындар төлейді.
Крыша,
29 сентября 2023
в 11:47
Елімізде заңсыз пәтер саудалап жүрген 254 тұрғын үй бар. Бұл мәлімет «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» порталында жарияланған.Салымшы тартуға кепілдігі немесе рұқсаты жоқ нысандар Астанада көп, бас қалада 172 тұрғын үй заңсыз бой көтерген.Алматыда мұндай тұрғын үйдің саны — 31. Тізімді осы жерден көре аласыз.Алматыда қанша тұрғын үйді заңсыз салғанҮшінші орын Шығыс Қазақстан және Абай облыстарына тиесілі (15 тұрғын үй кешені).Қалған тұрғын үйлерді кему ретімен тізіп шығайық:— Атырау облысында — 8; — Ақтөбе облысында — 5; — Шымкент — 5; — Ақмола облысында — 1; — Қостанай облысында — 1.Компанияның үлескер тартуға рұқсаты жоқ.
Крыша,
27 сентября 2023
в 16:07
Жылжымайтын мүлік сататындарды осы сұрақ мазалайды. Әрбір ықтимал клиент нысанды көруге келгенде, тіпті алғаш хабарласқанның өзінде бағаны түсіргісі келеді. Бағаны қашан түсіруге болады, қандай кезде болмайтынын айтамыз.Автор пәтер немесе үйі үшін алғашқыда қанша сұрайтыны маңызды. Осыдан саудаласуға бола ма, жоқ па белгілі болады.Қойған бағасы жоғары болса, тез өткізу үшін нарықтағы орташа бағаға дейін түсіруге тура келеді.Саудаға қойғанда пәтердің құнын (сіз қойған баға жоғары ма, төмен бе) анықтау үшін Krisha.kz-тегі тегін сервисті пайдаланыңыз.Егер нысанның бағасы нарықтағы орташа бағадан ерекшеленбесе, саудаласуға болады.
Arna Press,
27 сентября 2023
в 15:48
Көкшетау қаласында «Байтақ жер» жобасының қорытындысын шығарған баспасөз конференциясы өтті.Ақмола облысының кәсіпкерлері журналистермен өздерінің жобаға қатысу тәжірибесімен бөлісті. Жоба 1 жыл ішінде 40-тан астам кәсіпкерді туристік бизнес негіздеріне үйретіп, 3 кәсіпкер мен 3 ҮЕҰ-ға қолдау көрсетіп, туризм тақырыбы бойынша онлайн-курс пен подкаст жазды,Конференцияны ұйымдастыруда жобаның серіктесі, Ақмола облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасы көмектесті.
Tengrinews,
26 сентября 2023
в 16:23
Астана қаласындағы Есіл өзенінің жағалауында сауда жасап, құрт сатқандар жазаланды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. Бұл туралы Астана қаласының Нұра ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі өкілдері хабарлады. Есіл өзенінің жағалауында сауда жасап, құрт сатқандар жайлы журналист Айгерім Хамит айтқан болатын.
Arna Press,
22 сентября 2023
в 11:08
Қазақстанда екі жаңа ипотекалық бағдарлама іске қосылады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Жастар ипотекасы алғаш рет Павлодар облысында («Ертіс жастары») және Ақсу моноқаласында іске қосылады. Өңірлер несие беретін «Отбасы банкпен» келісімге қол қойды. Ипотекаға қаражатты әкімдіктер мен банк бірлесіп бөледі.Қатысушыларға қойылатын талаптарҚарыз алушының жасы (қоса алғанда) 35 жасқа дейін.
Arna Press,
19 сентября 2023
в 18:18
Қазақстанда отандық өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасының лизингіне «Жасыл Даму» АҚ қаражатынан 20 млрд теңге бөлінетін болады.Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жақындағы халыққа Жолдауында ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту қарқынын арттыруды тапсырды.Бөлінген қаражатқа фермерлер лизингке 500-ден астам техника сатып ала алады: шамамен 80 комбайн және 450 трактор.Еске сала кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2022 жылғы тамызда еліміздің машина-трактор паркін жаңарту мақсатында ауыл шаруашылығы техникасының жеңілдетілген лизингінің жаңа бағдарламасы іске қосылды.Мәселен, өткен жылы 900-ге жуық аграрий қысқа мерзімде бастапқы жарнасыз жылдық 6% мөлшерлемемен лизингке 1 053 техника сатып алды: 176 комбайн мен 877 трактор.
Крыша,
19 сентября 2023
в 15:47
Мүлік салығын төлейтін уақыт 2 қазанда аяқталады. Демек, Қазақстан аумағында пәтер, үй, ғимарат, көлік қоятын орын, жер телімі және т.б. жылжымайтын мүлкі бар кез келген азамат ел қазынасына ақша құюға тиіс.Алматы қаласындағы Мемлекеттік кірістер басқармасы заң бойынша төлем жасау мерзімі 1 қазан күні аяқталатынын хабарлады.
Крыша,
19 сентября 2023
в 14:37
Бүгін өткен баспасөз конференциясында өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев инфрақұрылымға қатысты мәселе туындағандықтан, бас шаһарда үй құрылысын бәсеңдету керек деп мәлімдеді.— Қазір құрылыс қарқынын бәсеңдетіп, бірінші кезекте тұрғын үйге инженерлік желі тартуға мән беру қажет. Әйтпесе, пәтеріне қоныстанған тұрғындар сусыз, жылусыз қалады.
Крыша,
18 сентября 2023
в 17:57
Жыл басынан бері алып шаһардың барлық ауданындағы құрылыс алаңдарында 740 жоспарсыз тексеру жүрді. Мамандар оларды сүру туралы 53 талап жолдаған, сот 17-сін мақұлдады. Бұл жөнінде Қала құрылысын бақылау басқармасы басшысының орынбасары Олжас Төлебаев брифингте айтты.Оның сөзінше былтыр сот шешімімен заңсыз салған 19 нысан сүрілді.Баум тоғайының маңында іргетасы қаланып жатқан аты шулы Family кешені де ескерусіз қалмайды.
Arna Press,
12 сентября 2023
в 13:58
Семейде 12 қыркүйектен бастап желіге №45 автобус бағдары қосылды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Қала тұрғындарына қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында Семей қаласында автобус бағдарының саны артады. №45 автобус Қарағайлы шағын ауданынан темір жол вокзалына дейінгі аралықта қала тұрғындарына қызмет көрсететін болады.50 жолаушыға дейінгі сыйымдылығы бар, 25 орындықты үлкен классты 8 автобус №45 маршрутта қатынайды.
Arna Press,
08 сентября 2023
в 12:28
Абай облысында жаңа сот ғимаратының құрылысы басталды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Сот ғимараттарын жаңарту аясында біршама жұмыстар атқарылып жатыр. Еліміздің бірқатар өңірлерінде заманауи стандарттарға сай облыстық және аудандық соттардың жаңа ғимараттары салынды.
Arna Press,
07 сентября 2023
в 16:18
Сенат депутаты Амангелді Толамісов 7 қыркүйекте палатаның жалпы отырысында Қазақстанда асырап алынған балаларды балалар үйіне қайтару мәселесі өзекті болып тұрғанын айтты, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.«Елімізде бала асырап алғысы келетіндер санының азаймай отырғанына қарамастан, асырап алынған балаларды балалар үйіне қайтару мәселесі өзекті күйінде қалып отыр: кейінгі бес жылда асырап алынған балаларды балалар үйіне қайтару жағдайы көбейген.
Arna Press,
06 сентября 2023
в 17:48
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, барлық түрлі саладағы меншік нысанындағы кәсіпорындарда жұмыс істейтін 1,8 млн-ға жуық жалдамалы жұмыскердің, оның ішінде 350 мыңға жуық бюджеттік қызметкердің ақшалай табысы ұлғаймақ, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Ең төменгі жалақы – қатардағы, біліктілігі жоқ жұмысшыға ақшалай төлемдерді анықтауға арналған ең төменгі еңбек стандарты.
Arna Press,
06 сентября 2023
в 13:38
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев педагогтерді аттестаттау жүйесінің жеңілдетілгенін айтты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Аikyn.kz сайтына сілтеме жасап.Бұл туралы министр «Хабар 24» арнасындағы «Бетпе-бет» бағдарламасына берген сұхбатта мәлімдеді.«Педагог мәртебесін көтеруде біз ұстаздарға деген көзқарасты өзгертуіміз керек.
Arna Press,
04 сентября 2023
в 14:58
Енді Ыстамбұлда туристерге ішімдік ішуге болмайды. Тыйымды елемегендерге 617 түрік лирасы (шамамен 10 000 теңге) мөлшерінде айыппұл салынады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengritravel.kz сайтына сілтеме жасап.Ыстамбұл губернаторы Давут Гүлдің айтуынша, бұл жаңа тыйым емес, тек қолданыстағы заңды ескерту, кейінгі кездері бұл ереже сақталмай кеткен.
Tengrinews,
01 сентября 2023
в 13:53
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Massaget.kz тілшісі Жолдауда көтерілген маңызды мәселелер мен тапсырмаларға шолу жасады. Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылады. «Еліміз үшін судың маңызы мұнай, газ немесе металдан кем емес.
Tengrinews,
01 сентября 2023
в 11:33
Президент түбегейлі өзгерістер дәуірі басталғанын айтты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. «Әрине, басқа елдер де қарап отырған жоқ, олар да алға қарай ұмтылып, дамуда. Бір сөзбен айтқанда, жаһандық экономика және халықаралық еңбек нарығы түбегейлі өзгеруде. Технологиялық бәсеке қызып тұр. Барлық жерде ресурстар үшін талас жүріп жатыр.
Vera.kz,
31 августа 2023
в 12:19
Прокуратура Рашидті кінәлі деп тануды сотта сұрады, деп хабарлайды vera.kzМемлекеттік айыптаушы бұрынғы шенеунік Рашид Аюповқа тағылған айыпты дәлелденген деп санады.«Сараптамалардың қорытындыларымен, жасырын тергеу әрекеттерімен құқық бұзушылықтар жиынтығы фактісі анықталды. Өрескел процедуралық бұзушылықтар болған жоқ.
Tengrinews,
29 августа 2023
в 06:33
Тарбағатай ауданына қарасты Құйған, Қарасу, Жетіарал елдімекендері шекаралық аймақта орналасса да, егістік суару жағы әлі шешімін таппай келеді. Жұрт жаңбырсыз жаздың жығылғанға жұдырық болғанын айтуда, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыз.
Arna Press,
28 августа 2023
в 17:18
Іс-шараға Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарының өкілдері, ҚР Жоғары оқу орындары қауымдастығының Президенті Рахман Алшанов және еліміздегі жоғары оқу орындарының басшылары қатысты, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Отырыс барысында Саясат Нұрбек Жоғары оқу орындары қауымдастығының бұған дейінгі отырыстарында талқыланған көкейкесті мәселелердің шешілу барысы туралы баяндап, еліміздегі жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім беру жүйесін дамытудағы алға қойылған міндеттері туралы айтты.«Бүгінгі күннің басты талабы — сапалы мамандар даярлау екендігі бәрімізге белгілі.
Новости пресс-служб,
26 ноября 2014
в 09:32
10-желтоқсан күні Тәуелсіздік күні қарсаңында Алматыдағы Республика сарайында кешкі сағат 19.00-де қазақ эстрадасының маэстросы, сазгер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатының эстрадалық-симфониялық оркестрінің көркемдік жетекшісі, дирижер, аранжировка шебері Нұрлан Байкөзовтың жеке шығармашылық кеші өтеді. Кешке Жұбаныш Жексенұлы, Мақпал Жүнісова, Бағдат Сәмединова, Маржан Арапбаева, М.Арынбаев, Д.Сейітжанов, Сая Маханбетқызы, Е.Әбішев, «Жетіген», «Мюзикола» топтарымен қатар өзге де өнер жұлдыздары қатысады. Концерттен түскен қаржының бәрі қайрымдылық мақсатта жұмсалмақ.