Популярные темы

Абай облысында жаңа сот ғимараты салынуда

Дата: 08 сентября 2023 в 12:28 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Абай облысында жаңа сот ғимараты салынуда
Стоковые изображения от Depositphotos

Абай облысында жаңа сот ғимаратының құрылысы басталды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 «Сот ғимараттарын жаңарту аясында біршама жұмыстар атқарылып жатыр. Еліміздің бірқатар өңірлерінде заманауи стандарттарға сай облыстық және аудандық соттардың жаңа ғимараттары салынды. Сот төрелігін жүзеге асыру сапасын арттыруды мақсат ете отырып, сот ғимараттары да соған сай болуы керектігін ұмытпаған жөн. Біз үшін келген адамдар өздерінің конституциялық құқықтарын қорғайтын ғимаратқа кіргенін сезіне алуы керек», — деді Жоғарғы Сот төрағасы Асламбек Мерғалиев.  

Облыстық соттың жаңа ғимаратының жобасында жертөлесі бар 4 қабатты ғимарат қарастырылған. Ғимаратта спорт залы, асхана және техникалық бөлмелер бар әртүрлі функционалды аймақтар орналасады.  

Келесі қабаттар судьялар кабинеті, сот отырысы залы, прокурорлар, адвокаттар және медиация кабинетімен жабдықталады. Бұдан бөлек, ғимаратта акт залы, күту залы, баспасөз орталығы, мұражай және психологиялық көмек көрсету бөлмесі болады. Заманауи және функционалды ғимарат сот төрелігін тиімді және сапалы жүзеге асыруға ықпал етеді.

Сурет: Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями