Популярные темы

Қазақстанда екі жаңа ипотекалық бағдарлама іске қосылады

Дата: 22 сентября 2023 в 11:08 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Қазақстанда екі жаңа ипотекалық бағдарлама іске қосылады
Стоковые изображения от Depositphotos

Қазақстанда екі жаңа ипотекалық бағдарлама іске қосылады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Жастар ипотекасы алғаш рет Павлодар облысында («Ертіс жастары») және Ақсу моноқаласында іске қосылады. Өңірлер несие беретін «Отбасы банкпен» келісімге қол қойды. Ипотекаға қаражатты әкімдіктер мен банк бірлесіп бөледі.

Қатысушыларға қойылатын талаптар

Қарыз алушының жасы (қоса алғанда) 35 жасқа дейін. Соңғы 5 жылда жылжымайтын мүліктің болмауы. Ресми жұмыс өтілі өтініш берген кезде 6–12 ай (аймаққа байланысты). Ерлі-зайыптының біреуі ғана қатыса алады. Жастарды жұмыспен қамту саласында шектеулер бар.

Ипотека шарттары

Пайыздық мөлшерлемесі — жылдық 5 пайыздан (ГЭСВ — 5,2 пайыздан). Бастапқы жарна — 10 пайыз. Қарыздың ең жоғары сомасы — өңірге байланысты 10-нан 20 миллион теңгеге дейін. Егер таңдалған тұрғын үй қымбатырақ болса, онда қарыз алушы қалған соманы өз қаражатынан төлеуі керек. Несие мерзімі — 19 жылға дейін.

Өтінімдерді қабылдау мерзімі мен қатысушыларға қойылатын нақты талаптар туралы облыс әкімдіктері қосымша хабарлайды.

Фото: shutterstock.com

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями