Популярные темы

Семейде еліміздің барлық ЖОО ректорлары басын қосты

Дата: 28 августа 2023 в 17:18 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Семейде еліміздің барлық ЖОО ректорлары басын қосты
Стоковые изображения от Depositphotos

Іс-шараға Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарының өкілдері, ҚР Жоғары оқу орындары қауымдастығының Президенті Рахман Алшанов және еліміздегі жоғары оқу орындарының басшылары қатысты, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.

Отырыс барысында Саясат Нұрбек Жоғары оқу орындары қауымдастығының бұған дейінгі отырыстарында талқыланған көкейкесті мәселелердің шешілу барысы туралы баяндап, еліміздегі жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім беру жүйесін дамытудағы алға қойылған міндеттері туралы айтты.

«Бүгінгі күннің басты талабы сапалы мамандар даярлау екендігі бәрімізге белгілі. Сол себепті баршамыз ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың білім мен ғылымды дамыту бағытындағы тапсырмаларын мүлтіксіз орындауға жұмылуымыз қажет. Енді кезекте сан қумай, сапалы маман даярлау талабы күшейеді. Осы бағытта жұмыла жұмыс атқаруымыз керек» деп сөзін қорытындылады министр.

Жалпы жиналыста ректорлар жоғары оқу орындарының өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы орны, халықаралық әріптестік тәжірибелері мен білім беру бағдарламаларын дамытудағы стратегиялық міндеттер туралы баяндамалар тыңдап, жоғары білім беру жүйесін жетілдіруге қатысты ой-пікірлерін ортаға салды.

Қауымдастықтың Жалпы жиналысы соңында еліміздегі академиялық білім беру жүйесін дамыту, нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіру, халықаралық байланыстарды дамыту және өңірлерді сапалы кадрлармен қамтамасыз етудің өзекті мәселелері туралы қарар қабылдады.

Сурет: Arnapress.kz

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями