Стоковые изображения от Depositphotos
Жылжымайтын мүлік сататындарды осы сұрақ мазалайды. Әрбір ықтимал клиент нысанды көруге келгенде, тіпті алғаш хабарласқанның өзінде бағаны түсіргісі келеді.
Бағаны қашан түсіруге болады, қандай кезде болмайтынын айтамыз.
Автор пәтер немесе үйі үшін алғашқыда қанша сұрайтыны маңызды. Осыдан саудаласуға бола ма, жоқ па белгілі болады.
Қойған бағасы жоғары болса, тез өткізу үшін нарықтағы орташа бағаға дейін түсіруге тура келеді.
Саудаға қойғанда пәтердің құнын (сіз қойған баға жоғары ма, төмен бе) анықтау үшін Krisha.kz-тегі тегін сервисті пайдаланыңыз.
Егер нысанның бағасы нарықтағы орташа бағадан ерекшеленбесе, саудаласуға болады. Бұл пәтер сомасының 5 %-ін құрайды да, жалпы бағамен қосып есептеледі.
Мысалы, Алматыда панельді үйдегі екі бөлмелі пәтер 45 млн теңге тұрады. Бұндай кезде бағаны 46-47 млн теңге деп қойып, сатқан кезде үстіндегі соманы түсесіз.
Бағаны тым жоғары қоюдың қажеті жоқ, бұл клиентті қашыруы мүмкін. Шамамен 5–10 % қоссаңыз жеткілікті.
Иесі жеке мүлкін қаншаға арзандата алатыны нысанның жалпы сомасына байланысты. Мысалы, 200–300 млн теңге тұратын қымбат пәтер сатып жатса, 10 миллионға дейін түсе алады. Ал арзандау 30 миллионға дейінгі пәтер саудаласа, сәйкесінше 500 000 — 1 000 000 теңге арасында ғана түседі.
Пәтер құнын түсірмесеңіз, хабарландыруда міндетті түрде көрсетіңіз. Бұл уақытыңызды үнемдеп, жақсы нәтиже береді.
Сонда сіз көрсеткен бағаны беруге дайын, түсір деп сұрамайтын клиенттер ғана хабарласады.
Көп клиент объектінің кемшілігін теріп, бағаны төмендетуді талап етуге дейін барады. Арасында өз дегенінен қайтпайтындары да жетерлік.
Бұндай айлаға түсіп қалмау үшін бірнеше тәсілді жаттап алыңыз.
Сатып алушы пәтер не үйдің кемшілігін тізсе, сіз оның құндылығын айтыңыз.
Мысалы:
— Сіздің линолеум сырылған!
— Мүлдем байқалмайды, есесіне ас бөлмедегі плитка керемет, ал пәтердің едені жылытылған!
— Ас бөлмесі тар!
— Жақсы емес пе, шап-шағын, терезедегі көрініс қандай тамаша!
Кей кем тұстарды осылайша жауып, клиенттің сөзіне ермей, үйдің сомасын сәл түсіресіз.
Сіз үйдің құнын арзандатсаңыз, шығынның бір бөлігін клиент төлесін (мысалы, нотариус ақысын).
Егер ықтимал сатып алушы шектен шығып, өз бағасын ұсынып қоймаса, бұндай шартпен келіспейтініңізді айтып, үйді босатуды сұраңыз.
Клиент алғаш сөйлескенде-ақ қомақты шегерім сұраса немесе кірмей жатып, пәтерді көрмей жатып саудаласса онымен диалогқа түспеген жөн. Бағасы осы, түспеймін деп тоқ етерін айтыңыз.
Мәміле талаптары, оның ішінде бағасы көңіліңізге қонбаса, бұндай клиентпен кездесу ұйымдастырмаған жөн.
Өз уақытыңызды және денсаулығыңызды бағалаңыз.
Саудаласқанда кәдеге жарайтын бірнеше ережені есте сақтаңыз:
Бағаны сәл төмендетуге болатын жағдайлар кездеседі:
По сообщению сайта Крыша