Популярные темы

Семейде желіге жаңа автобус қосылды

Дата: 12 сентября 2023 в 13:58 Категория: Новости авто


Семейде желіге жаңа автобус қосылды
Стоковые изображения от Depositphotos

Семейде 12 қыркүйектен бастап желіге №45 автобус бағдары қосылды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қала тұрғындарына қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында Семей қаласында автобус бағдарының саны артады. №45 автобус Қарағайлы шағын ауданынан темір жол вокзалына дейінгі аралықта қала тұрғындарына қызмет көрсететін болады.

50 жолаушыға дейінгі сыйымдылығы бар, 25 орындықты үлкен классты 8 автобус №45 маршрутта қатынайды. Автобустар толықтай валидаторлық жүйеге көшіріліп, INFOBUS қосымшасына тіркелген.

Сондай-ақ, автобустың бағыты көрсетілген цифрлы тақтайша орнатылған. Бұған дейін Семей қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі аталған бағыт бойынша конкурс жариялаған болатын. Конкурс нәтижесінде шарт «ЭкоBUS» ЖШС жасалды.

Қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов тасымалдаушы кәсіпорын өкілдерімен кездесіп, бірқатар ескертпелер жасады.

«Қоғамдық көліктің уақытылы қатынауына көңіл бөліңіздер. Автобустар желіден себепсіз шықпауы керек. Резервтегі автобустардың санын арттырыңыздар», — деді Нұрбол Нұрсағатов.

Сурет: Семей қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Новости авто
Поделитесь новостью с друзьями

Читайте также