Новости в социальных сетях

Подпишитесь на нашу группу и читайте анонсы самых интересных новостей в любимой соцальной сети

ВКонтакте Одноклассники Facebook Twitter

Новости по теме "қыркүйек"

Әдебиет пен рух

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 16 ноября 2019 в 01:32

Әдебиет пен рух «Өз рухани құндылықтарымызды өзіміз бағалап, өзіміз насихаттамасақ, сырттан келіп ешкім де насихаттамайды. Сондықтан біз әдебиетке, қазақтың ақын-жазушыларына қолдау көрсету ісіне айрықша мән беріп, бұл бағыттағы жұмыстарды үзбей жалғастырамыз», — деді облыс әкімі Оңдасын Оразалин Ақтөбеде өткен «Әдебиет.

«Жаз ыстық болса, қыс қатты болады». Мамандар ұғымның рас-өтірігін айтты

Источник: TengriNews Дата: 13 ноября 2019 в 13:03

Халық арасында «жаз ыстық болса, қыс қатты болады» деген ұғым қалыптасқан. Тengrinews.kz тілшісі бұл ұғымның қаншалықты рас екенін «Қазгидромет» РМК-ның ұзақ мерзімге болжау басқармасының басшысы Жұлдыз Исабековадан бұл түсініктің қаншалықты рас екенін сұрады.Маманның айтуынша, «жаз ыстық болса, қыс қатты болады» деген ұғымға сенуге негіз жоқ.«Негізі мұндай заңдылық жоқ.

12 жастағы София ел чемпионатында 6 алтын иеленді

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 09 ноября 2019 в 12:22

12 жастағы София ел чемпионатында 6 алтын иеленді Жақында жасөспірімдер арасында жүзу спортынан өткен «Көңілді дельфин» республикалық чемпионаты мәресіне жетті. Жас жүзгіштер үш кезеңді қамтыған жарыстың соңғы жүлделерін Шымкент қаласында сарапқа салды. Атырау қаласында өткен республикалық жарыстың алғашқы кезеңінде София брасс, баттерфляй, еркін стиль, кешенді және шалқалай жүзу бойынша 9 алтын медальді мойнына ілсе, Қарағанды облысының Теміртау қаласында өткен екінші кезең қорытындысында да 9 мәрте жеңіс тұғырына көтерілді.

Ақтөбенің инновациялық жобалары: хром оксидін өндіретін цехтан жел электр станциясына дейін…

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 07 ноября 2019 в 10:52

Ақтөбенің инновациялық жобалары: хром оксидін өндіретін цехтан жел электр станциясына дейін… Кез келген мемлекеттің, соның ішінде облыстың негізгі тіні — экономика екені сөзсіз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та жаһандық сипаттағы қиындықтарға қарамастан, экономиканың өсіміне айрықша мән беріп, ішкі жалпы өнімнің көлемін жыл сайын 5 пайызға арттыруды тапсырғаны белгілі. Бұл — Президенттің Қазақстан халқына арнаған Жолдауында баса айтылған мәселелердің бірі.

«MilkyLand»: сүт әлемінің «қаймағы»

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 07 ноября 2019 в 10:42

«MilkyLand»: сүт әлемінің «қаймағы» Жақында қазақстандық кәсіпкерлер «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының қолдауымен АҚШ-та арнайы іскерлік тәжірибеден өтті. «Даму» қорыныңSABIT жобасы арқылы сүт өнімдерін өңдеу, сүт шаруашылығын дамытуға қатысты өткізілген тағылымдамаға Қазақстаннан екі кәсіпкер қатысты. Олар —«Агрофирма Тау» ЖШС басшысы Мирболат Агдаутов пен жеке кәсіпкер Бақыт Арқабаев.

Тұрмыстық қалдықтар шығарылды, ағаштар егілді

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 31 октября 2019 в 11:12

Тұрмыстық қалдықтар шығарылды, ағаштар егілді Облыс әкімінің «Елді мекендерді санитарлық тазарту және абаттандыру туралы» өкімін жүзеге асыру мақсатында Ойыл ауданында 28 қыркүйек-2 қараша аралығында екі айлық жарияланды. Екі айлық аясында аудандағы 13 саябақ пен шағын бақтардың аумағы қалдықтардан және автомобиль жолдарының айналасын тұрмыстық заттардан тазарту межеленген.Өзен, су жағалауларын қалдықтардан тазарту да екі айлық кезінде атқаруға тиіс жұмыстар.

Оза шапқан оқушылар марапатталды

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 19 октября 2019 в 13:42

Оза шапқан оқушылар марапатталды Ақтөбеде «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауының облыстық кезеңі өз мәресіне жетті. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» мақалаларында қойылған міндеттерді іске асыру мақсатында өткен байқаудың жабылу салтанатына облыс әкімі Оңдасын Оразалин қатысып, байқау жеңімпаздары мен қатысушыларын құттықтады. — Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы облысымыздың дамуына серпін беріп, қоғам талабымен үйлесім тапты.

Мектеп құрылыстары неге кешіктіріліп жатыр?

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 17 октября 2019 в 12:32

Мектеп құрылыстары неге кешіктіріліп жатыр? Облыстық тамыз кеңесінде облыс әкімі Оңдасын Оразалин аудан әкімдеріне, облыстық білім басқармасының басшысына кезек күттірмей шешілуі тиіс бес міндетті жүктеген болатын. Сол міндеттердің бірі — жылдарға созылған, дер уақытында тапсырылмаған құрылыс жұмыстарын аяқтау. Облыс басшысы: «Құрылыс жүріп жатқан мектептердің ішінде жұмыс көлемі 65-80 пайыз аралығында орындалған нысандардың уақтылы пайдалануға берілмеу қаупі бар» деп жұмыстарды бақыламаған тиісті мекемелердің басшыларын сынға алған-ды.

Жарқын бейне

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 17 октября 2019 в 10:12

Жарқын бейне Төлеу Алдияров тұлғасы оның замандастарының жадында әлі күнге дейін жаңғырып тұрады. Уақыттың ілгері жылжуымен, өмір ағысымен онымен қызметтес болғандар, тәлім-тәрбиесін көргендер де азайып барады. Оның өзінің өмірден өткеніне де отыз бес жыл болыпты. Өз уақытында ел басқарған, сөзі де, ісі де өтімді аяулы ағаның жарқын бейнесі кейінгі буынға үлгі.Өзгеше өмірбаян Өз дәуіріндегі өнегелі басшылардың бірі болған Төлеу Алдияров ұзақ жылдар бойы облыстың Темір, Шалқар, Қарабұтақ аудандарында бірінші басшы қызметін атқарды.

Тапсырма қалай орындалады?

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 15 октября 2019 в 10:32

Тапсырма қалай орындалады? Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауда айтылған тапсырмасына сәйкес 2020 жылдан бастап елімізде мемлекеттік қызметшілердің санын қысқарту басталады. Ал 2024 жылы мемлекеттік қызметшілер мен ұлттық компания қызметкерлерінің саны 25 пайызға қысқарады. Президенттің бұл берген тапсырмасы Ақтөбе облысында қалай орындалып жатыр? Әлемдік стандартқа сай келетін өзгеріске біздің облыстағы мемлекеттік қызметшілердің көзқарасы қандай?

«10 жыл орнына 2 ай». Жазасын толық өтемеген атышулы экс-шенеуніктер

Источник: TengriNews Дата: 14 октября 2019 в 16:53

Қазақстанда түрлі қылмыс жасап, сотталса да, мерзімінен бұрын шартты түрде босап шығатын шенеуніктердің ісі халықтың жадында. Әсіресе талай жылға сотталып, артынша екі ай өтпей босап шыққандары жетерлік. Елді дүрліктірген атышулы сот істері Tengrinews.kz тілшісінің материалында.Қуандық Бишімбаев 10 жыл орнына — 1 жыл 7 айКүні кеше ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаевтың бостандыққа шыққаны хабарланды.

Канадалық компания облыс жолдарын жөндеуге ниеттеніп отыр

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 10 октября 2019 в 13:22

Канадалық компания облыс жолдарын жөндеуге ниеттеніп отыр Сәрсенбі күні облыс әкімі Оңдасын Оразалин жұмыс сапарымен Қобда ауданында болып, халық игілігі үшін жасалып жатқан бірқатар жұмыстармен танысты.Атқарушы билік өкілдері алдымен «Шұбарқұдық-Ойыл-Қобда-Соль-Илецк» автомобиль жолының 307 шақырымында болып, жол құрылысы саласында инновацияларды енгізу мәселесі бойынша өткен жиынға қатысты.Негізгі мақсаты — жол құрылысы саласына инновацияларды енгізу мәселелері бойынша билік пен бизнес өкілдері арасында байланыс орнату болған жиынға облыс әкімі Оңдасын Оразалин, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мәлімбет Ибрашев, «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы Ақтөбе облыстық филиалының директоры Марат Махамбетов, «CanRos GRP Inc» компаниясының президенті Юрий Тарасов, «Cypher Environmental» өндіруші компаниясының бас инженері Джейми Гладенмен қатар, облыстың жол саласының, жол активтері сапасының ұлттық орталығының, қазақстандық жол ғылыми-зерттеу институтының өкілдері қатысты.— Жол — республикамыздың күре тамыры. Өздеріңіз білетіндей, республика көлемінде құрылысқа, оның ішінде жол құрылысына ерекше мән беріліп, қомақты қаражат бөлініп отыр. Өңіраралық жолдарды дұрыстап, халықаралық деңгейдегі дәліздерді ашу арқылы экономикамызға ерекше қарқын беріледі.

Үйіңіз жылы ма?

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 10 октября 2019 в 12:02

Үйіңіз жылы ма? Биыл қыркүйек айының соңы бірнеше күнге жалғасқан қара суыққа ұласқасын, тұрғындардың жылыту уақытын асыға күткені рас. Ақтөбеде жылдағыдай жылыту маусымы 1 қазанда басталды. Бүгінгі күні облыс орталығындағы 1470 көппәтерлі тұрғын үйдің 80 пайыздан астамы жылуға қосылған.ПИК жетекшілері қырсығып отыр…Жылыту маусымы басталса, қаладағы көппәтерлі тұрғын үйлердің тұрғындарынан шу шығатыны үйреншікті жағдайға айналды.

«Ақтөбе» тәуелсіздікті айта келді

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 10 октября 2019 в 11:12

«Ақтөбе» тәуелсіздікті айта келді Ширек ғасырға жуық «Коммунизм жолы» аталған газеттің аты өзгеріп,1990 жылғы 6 қазанда оқырманның қолына «Ақтөбе» болып тиді. Газеттің осы күнгі қалың оқырманға арналған беташар сөзінде айтылғандай, басылымды жаңа атаумен шығару,ең әуелі, осыгазет оқырмандарының ұсыныстары, пікірлері мен тілектеріне орай ұйғарылды.Соның өзінде бірден болмай, бұл мәселе газеттің беттерінде жарты жылдан астам уақыт талқыланды.

Үкіметтік емес ұйымдардың үлесі

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 08 октября 2019 в 11:32

Үкіметтік емес ұйымдардың үлесі «Ақтөбе облыстық Үкіметтік емес ұйымдар қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің құрылғанына 10 жыл толуына орай ұйымдастырылған жобалар мен идеялар жәрмеңкесі қорытындыланды. Бұл шараға облыстық ішкі саясат басқармасының маманы Нұржамал Тұржанова, аталған қауымдастық президенті Айгүл Дүйсенова, бүгінгі күні белсенді жұмыс істеп келе жатқан үкіметтік емес ұйымдар жетекшілері қатысты.— Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы өзінің Жолдауында азаматтық қоғамды дамыту қажеттігін, осы мақсатта үкіметтік емес ұйымдардың беделін арттыру керектегін айтқан-ды.

«Әрбір тұрғын мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған қамқорлықты сезінуі тиіс»

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 03 октября 2019 в 12:32

«Әрбір тұрғын мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған қамқорлықты сезінуі тиіс» Кеше облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен облыстық терроризмге қарсы комиссияның отырысы өтіп, онда «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы қорытындыланды.Отырысқа облыс әкімінің орынбасарлары, облыстық басқарма басшылары, сондай-ақ селекторлық режимде аудан әкімдері қатысты.Жиында алдымен жоба аясында өткен бір айда атқарылған шаралар туралы облыстық дін істері басқармасының басшысы Әлімбек Тұралиев баяндама жасады.Оның айтуынша, 20 тамыз-20 қыркүйек аралығында өткізілген «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасының 8 кезеңінде облыс бойынша жалпы саны 469 шара ұйымдастырылып, 12 мыңнан астам адам қамтылған.

Тең текетірес

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 01 октября 2019 в 09:52

Тең текетірес «Ақтөбе»-«Тараз» — 2:2Міне, қатарынан сегіз тур бойы «Тобыл» өз қақпасына гол енгізген жоқ. Үлгі боларлық-ақ тұрақтылық. Ал бұл турда ірі есеппен ұтылған «Ордабасы» алғашқы үштіктен әжептәуір алшақтай түсті. «Тобылмен» ұпайы бірдей «Қайрат» қосымша көрсеткіштерінің артықшылықтары бойынша бірінші орынға шықты.«Ақтөбе» өз алаңымызда «Таразды» қабылдады.Жалпы ойын барысына келсек, екі команда да тек жеңіске ұмтылды.

Ақпараттық топ аудандарды аралауды бастады

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 28 сентября 2019 в 11:32

Ақпараттық топ аудандарды аралауды бастады Облыстық әкімдікте Мемлекет басшысының «Сындарлы қоғамдық диалог — Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауын халыққа түсіндіру мақсатында құрылған ақпараттық топтыңаудандарға шығу мәселесі бойынша жиын өтті. Биылғы жылдың 26 қыркүйегі мен 4 қазаны аралығында ақпараттық топ өкілдері облыстың Алға, Мұғалжар, Темір, Байғанин, Ырғыз, Шалқар аудандарына барып, 18 елді мекеннің тұрғындарымен кездесу өткізбек.Ақпараттық топтың құрамында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің облыс бойынша департамент басшысының орынбасарлары және қызметкерлері, облыстық басқарма басшылары, депутаттар, қоғам қайраткерлері мен еңбек ардагерлері, ғалымдар, үкіметтік емес ұйым, зиялы қауым өкілдері бар.— Ақтөбе қаласында Мемлекет басшысының Жолдауын халық арасында кеңінен насихаттау мақсатында 20 тамыз бен 20 қыркүйек аралығында «Халық қауіпсіздігін қамтамсыз ету» жобасы жұмыс жасады.

Қыркүйек: қынулы істер кезеңі

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 28 сентября 2019 в 11:12

Қыркүйек: қынулы істер кезеңі Міне, күздің алғашқы айы да аяқталды. Қыркүйек шаруа адамына оң көзбен қарағандай болды. Жайлы күндер егін, шөпті жинап алуға мол мүмкіндік берді. Бұл айда облыс аумағында көптеген жобалар жүзеге асырылды. Әсіресе, экономикаға инвестиция тарту бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Облыс делегациясы арнайы Татарстан Республикасында болып, осы ауқымдағы ірі шараларға негіз қалап қайтты.

Кәсіпкерлер  кеңес алды 

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 26 сентября 2019 в 11:42

Кәсіпкерлер  кеңес алды  «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы аясында 20 тамыз-20 қыркүйек аралығында жұмыс тобы 8 мың адамды қамтыған 150-ге жуық шара өткізді. Сондай шаралардың бірі өткен аптаның аяғында «Нұрдәулет» сауда үйінің бірінші қабатында өткізілді. Бұл шараға кәсіпкерлік бөлімінің мамандары, Алматы, Астана аудандары басшылары, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, ауылшаруашылығы және ветеринария бөлімі, облыстық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры, жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі, «Дін саласындағы мәселелер орталығы» КММ мамандары қатысты.Келушілер кәсіпкерлікке мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау, әсіресе, ауылдық жерлерде жеке кәсіппен айналысу, жер алу, мемлекет тарапынан берілген жерді қаланың басқа бөлігіндегі өзге адамдардың жерімен ауыстыру мүмкіндігі, атаулы әлеуметтік көмек алу, мемлекеттік тұрғын үй кезегіне тұру, несиеге пәтер алу секілді мәселелерге қатысты кеңестер сұрады.Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі өкілдерінің айтуынша, қазіргі уақытта атаулы әлеуметтік көмек алуға қатысты сұрақтармен қатар жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар алу мүмкіндігі жиі сұралады. Қазіргі кезде табысы аз көпбалалы отбасыларға, еңбекке қабілетті мүгедектерге және жастарға жаңа бизнес-идеяларын іске асыруға 200 айлық есептік көрсеткішке дейінгі көлемде мемлекеттік гранттар беріледі.

Нұр-Сұлтандағы жәрмеңке: 215 тонна ақтөбелік өнім сатылды

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 26 сентября 2019 в 11:42

Нұр-Сұлтандағы жәрмеңке: 215 тонна ақтөбелік өнім сатылды 21-22 қыркүйек күндері Нұр-Сұлтан қаласында облыстың тауар өндірушілерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті. Елорда төрінде ұйымдастырылған жәрмеңкеге Ақтөбеден барлығы 215 тонна өнім жеткізілді. Бұл — 2018-2021 жылдарға арналған азық-түлік белдеуін қалыптастыру бойынша Жол картасын іске асыру әрі республика өңірлерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізу бойынша жоспарға сәйкес ұйымдастырылған шара.Нұр-Сұлтан қаласының Қонаев көшесі мен Тұран даңғылы қиылысында, яғни «Хан Шатыр» сауда, ойын-сауық орталығының жанында өткізілген жәрмеңкеге облыстың барлық ауданы және Ақтөбе қаласынан 20-дан астам ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мен қайта өңдеумен айналысатын кәсіпорындар қатысты.—Өткен сенбі, жексенбі күндері Нұр-Сұлтан қаласында Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылып, оған барлығы 215 тонна өнім жеткізілді.

Кахабер Цхададзе: «Ақтөбе» мақтауға лайық

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 26 сентября 2019 в 10:02

Кахабер Цхададзе: «Ақтөбе» мақтауға лайық 89-минутта жеңіс голын соққан «Тобыл» бұрынғыша көш басында қалды. Ал сырт алаңда ұтылып қалған «Астана» алтын медальға апарар жолын әжептәуір қиындатып алды. Төртінші орынға сырғыған елордалық команданың орнына — үшінші орынға өз алаңында жеңіске жеткен «Ордабасы» қайтадан келді. Дегенмен шымкенттіктердің биылғы чемпионатты алғашқы үштік сапында аяқтайтындығына сенім аз.Бұл турды «Ақтөбе» Шымкент қаласында өткізді. Ірі есеппен ұтылды. Әйткенмен біздің жігіттеріміз босбелбеулік көрсетті деп өкпелей де алмаймыз.

Орталық базар оттан аман қалды

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 24 сентября 2019 в 11:52

Орталық базар оттан аман қалды Өткен сенбіде Ақтөбе қаласындағы орталық базарда және оған жақын орналасқан нысандарда ірі көлемді өртке азаматтық қорғау құрылымдарының дайындығын тексеру шеңберінде барлық шұғыл қызметтердің қатысуымен арнайы тактикалық оқу-жаттығу өткізілді.Іс-шараға облыс әкімінің бірінші орынбасары Рахат Сыдықов, облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Бауыржан Сыздықов, өрт сөндіру қызметінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Дамир Ермағамбетов қатысты.Алдын ала жасалған сценарий бойынша жылыту маусымына дайындық кезінде ет павильонының жұмысшылары сауда павильонының тоңазытқыш жабдықтары бөлмесінде дәнекерлеу жұмыстарын жүргізді.

Кадрлар резерві қалай іріктеледі?

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 24 сентября 2019 в 11:42

Кадрлар резерві қалай іріктеледі? Биыл елімізде 1 қыркүйектен бастап Президенттік жастар кадрлық резервіне құжаттар қабылдау басталғаны белгілі. Осыған орай «Ақтөбе» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы АҚ қызметкерлерімен «Президенттік жастар кадрлық резервіне іріктеу» тақырыбында семинар өтті.Шарада Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің бас маманы Мадина Сабирова ақпарат берді.— Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің сайлауалды бағдарламасында Президенттік жастар кадрлық резервін құру бойынша ұсынысын жасап, 27 тамызда №141 Жарлықпен бекіткен болатын.Бұл жоба барынша даярланған және тәжірибелі жастар үшін мемлекеттік басқару жүйесінде басшылық қызметке тұруға бірегей мүмкіндік ашады деп көзделіп отыр.Жоғары әкімшілік және саяси лауазымдарға бос орындар болған жағдайда, Президенттік жастар кадрлық резервінде тұрған тұлғалардың кандидатуралары қаралатын болады.Жастар кадрлық резервіне кімдер қатыса алады?

40 шахматшы жиналды

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 24 сентября 2019 в 11:32

40 шахматшы жиналды Халықаралық турнирӨнер орталығында жасөспірімдер арасында шахмат төрешісі Владимир Дворкевичті еске алуға арналған халықаралық командалық турнир басталды. Жыл сайын ФИДЕ аясында өтетін шахмат турнирі биыл Қазақстанда алғаш рет өткізіліп отыр.Турнир барысында 16 жасқа дейінгі жасөспірім ұлдар мен қыздар қыркүйектің 22-26 қыркүйек аралығында өзара әлемнің үздік құрамаларын анықтайды.

Қазақтың тағы бір Бекзаты биіктен көрінді

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 24 сентября 2019 в 11:22

Қазақтың тағы бір Бекзаты  биіктен көрінді 7-21 қыркүйек аралығында Ресейдің Екатеринбург қаласында бокстан әлем чемпионаты өтті. Қазақстан ұлттық құрамасы әлем біріншілігінде 1 алтын, 1 күміс және 4 қола медаль жеңіп алды.Соңғы уақытта АИБА-ның «өгей баласының» күнін кешіп жүргеніне қарамастан, қазақ боксшылары бұл әлем чемпионатын табыспен аяқтады.

«Қайырымдылық керуенінде» бақ сынаңыз

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 24 сентября 2019 в 11:02

«Қайырымдылық керуенінде» бақ сынаңыз «Қайырымдылық керуені» республикалық байқауы биыл да өтеді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Ақтөбе қалалық мәслихатының хатшысы Сұлупан Шынтасова мен Ақтөбе облысы бойынша іскер әйелдер қауымдастығы төрайымының орынбасары Нұржамал Құлекенова мәлім етті.Байқауды биыл екінші жыл қатарынан ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы Қоры мен Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығы, «Хабар» агенттігі мен «КТК» телеарнасы және «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешені бірлесе ұйымдастырып отыр.Жобаның негізгі мақсаты — ізгілікті насихаттап, қайырымдылық идеяларын дәріптеу.— 2 қыркүйек пен 29 қараша аралығында еліміздің барлық өңірлерінде конкурсанттарды іріктеу жұмысы жүргізіледі.

Хоккейшілеріміз жаңа маусымды жеңіспен бастады

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 19 сентября 2019 в 13:22

Хоккейшілеріміз жаңа маусымды жеңіспен бастады Өткен сейсенбіде «Ақтөбе-Арена» мұз айдынында «Ақтөбе» хоккейшілері Павлодардың «Ертіс» командасын қабылдады. Шайбалы хоккейден жоғарғы лига командалары арасында басталған ҚР чемпионатының ашылу салтанатына облыс әкімі Оңдасын Оразалин арнайы қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі.«Өңірде салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында көптеген спорттық нысандар бой көтеріп, спорттың дамуына ерекше көңіл бөлінуде.

Балалар тәрбиесі талқыланды

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 19 сентября 2019 в 13:12

Балалар тәрбиесі талқыланды Nur Otan партиясы жанындағы балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі республикалық кеңес мүшелері Ақтөбе облысында балақұқын қорғау бағытында жасалып жатқан жұмыстарға нақты бағасын берді. Айта кетейік, 16-18 қыркүйек күндері аталған комиссияның балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды жинау мен зерделеу мәселелері бойынша көшпелі сараптамалық жұмыс тобы Ақтөбе облысының орталығы мен аудандарда жұмыс істеген болатын. ҚР Президенті Әкімшілігі мен партияның «Бақытты отбасы» жобасын жүзеге асыру мақсатында жүргізіліп жатқан бұл жұмыстың Ақтөбе облысы бойынша бөлігі кеше қорытындыланды.Nur Otan партиясы ғимаратында өткен шараға сараптамалық жұмыс тобы мүшелері, облыс әкімінің орынбасары Марат Тоқжанов, басқармалар мен департаменттер басшылары, өкілдері қатысты.

Бір айдың көрсеткіші осындай

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 19 сентября 2019 в 12:32

Бір айдың көрсеткіші осындай 20 тамыз-20 қыркүйек аралығында облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес Ақтөбе қаласында «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы жүзеге асырылып, тұрғындарға денсаулық сақтау, жұмыспен қамту, дін, т.б. салалар бойынша жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, көмекке мұқтаж жандарға қолдау көрсетілді.
Показано 30 новостей из 483