Популярные темы

Семейде қала күнін бір-неше күн тойлайды

Дата: 12 сентября 2023 в 15:08 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Семейде қала күнін бір-неше күн тойлайды
Стоковые изображения от Depositphotos

Семей қаласының әкімідігі «Қала күнімен, Семейім» атты қала күніне арналған іс-шаралардың жоспарын жариялады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспдщасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталмыш мереке қала тұрғындары мен қонақтарының жас ерекшеліктеріне қарамай, ерекше форматта өткізілетін болады. Қала күнін мерекелеу аясында «Туған қалам – Семейім» атты авторлық әндер мен футбол әуесқойларына арналған «ФУТБОЛ ЖОЛЫ» фестивалі ұйымдастырылады.

Сондай-ақ, эстрада жұлдыздары Әли Оқапов пен Мәди Рымбаевтың қатысуымен «Aman keleshek inclusion festival 2023 » фестивалі өткізіледі. Эстрада әншісі Еркеш Хасеннің өнер көрсетуімен «Күзгі феерия» жас таланттар фестивалі мен «Семей Батыры» күштік спорт түрлері бойынша жарысты өткізу жоспарлануда.

Қала күнін мерекелеуге арналған бағдарламалар қаланың орталық бөлігінде ғана емес, шеткері аумақтарында да жалғасады. Сондай-ақ, 17 қыркүйек күні Әуезов алаңында Қазақстанның эстрада әншісі Маржан Арапбаеваның қатысуымен мерекелік концерт өтеді.

Негізгі концерттік бағдарламалар 17 қыркүйек күні сағат 19:00-де басталады. Халыққа танымал эстрада жұлдыздары: Raim, Нұрболат Абдулин, Маржан Арапбаева, Еркеш Хасеннің қатысуымен, жарық шоуы мен арнайы эффектілердің сүйемелдеуімен «Open-Air» форматындағы мерекелік іс-шараны ұйымдастыру жоспарлануда. Іс-шараны «Qazaqstan» телеарнасының тележүргізушісі Ғалымжан Кеншілік және Еуразия телеарнасының тележүргізушісі Айгерім Мұздыбаева жүргізеді. Қала күнін мерекелеуге арналған концерттік бағдарлама мерекелік отшашумен аяқталады.

Сондай-ақ, түрлі тақырыптағы көрмелер, жәрмеңкелер, балалар ойын алаңдарының ашылуы және пәтер кезегінде тұрған азаматтарға пәтер кілттерін табыстау рәсімдері өтеді.

Сурет: Семей қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями