Популярные темы

Любителей бега приглашают на темиртауский экокросс

Дата: 21 сентября 2023 в 12:45


Любителей бега приглашают на темиртауский экокросс
Стоковые изображения от Depositphotos

Дополнительная информация по телефону +7-777-006-02-21. 

Теміртауда экокросс өтеді

Теміртауда 30 қыркүйекте дәстүрлі күзгі экокросс өтеді. Спорт мерекесі қала күніне арналған. Биыл Теміртау 1 қазанда 78 жасқа толады.

Жарысқа кәсіпқойлар да, 16 жастан асқан әуесқойлар да қатыса алады.

Қашықтық – 5 км.

Тіркеу 28 қыркүйек сағат 16:00-ге дейін жалғасады немесе қатысушылар лимитіне жеткенде ертерек аяқталады.

Өтінім қалдырып, жарыстың ережесімен ttk-temirtau.kz/экокросс2023 сайтында танысуға болады.

Старттық пакеттерді беру 29 қыркүйекте Бейбітшілік даңғылы, 96/1 («ТТК» кеңсесі) мекенжайы бойынша 09:00-ден 17:00-ге дейін өтеді. Басқа қалалардан келетіндер үшін старттық пакет жарыс күні сағат 08:30-дан 10:00-ге дейін «Восток» саябағындағы сахнаның жанында табысталады.

Ерлер арасында үш, әйелдер арасында үш жүлделі орын анықталады (жеңімпаздар демеушілерден сыйлықтар алады).

Жарыс сағат 11:00-де «Восток» саябағында басталады.

Қосымша ақпарат +7-777-006-02-21 телефоны бойынша.

По сообщению сайта EKaraganda.kz

Тэги новости: Темиртау
Поделитесь новостью с друзьями