Популярные темы

Алматыдағы Ritz-Carlton қонақ үйіне жарылғыш зат «қойылды»

Дата: 04 сентября 2023 в 12:48 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Алматыдағы Ritz-Carlton қонақ үйіне жарылғыш зат
Стоковые изображения от Depositphotos

2023 жылғы 3 қыркүйек кешке белгісіз біреу қоңырау шалып, Алматыдағы Ritz-Carlton қонақүйіне «бомба қойылғанын» мәлімдеді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматы полициясының баспасөз қызметі 3 қыркүйек күні сағат 23:51-де Бостандық ауданында орналасқан қонақүйлердің біріне жарылғыш зат қойылғаны туралы анонимді хабарлама түскенін нақтылады.

«Қаланың барлық жедел қызметтері дереу көрсетілген нысанға тартылды. Қонақтар мен қонақүй қызметкерлері эвакуацияланды. Сапер бөлімшесі көпқабатты үйді екі сағатқа жуық тексерді» делінген Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Бірақ жарылғыш зат табылмаған.

«Қазіргі уақытта аты-жөні белгісіз тұлғаның жеке басын анықтауға, оны ұстауға және одан әрі қылмыстық жауапкершілікке тартуға бағытталған кешенді жедел іс-шаралар жүріп жатыр», деп қосты Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметінде.

2023 жылғы 18 шілдеде Алматыдағы сауда және ойын-сауық орталықтарының біріне «жарылғыш зат қойылғаны» жөнінде хабарлама түскен. Алайда ешқандай жарылғыш зат табылған жоқ.

Сурет: pixabay

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями