Популярные темы

Первый государственный кризисный центр откроется в Темиртау

Дата: 20 октября 2023 в 14:35 Категория: Новости политики


Первый государственный кризисный центр откроется в Темиртау
Стоковые изображения от Depositphotos

До конца года Дом молодёжи распахнёт двери. Здесь будут два коворкинг-центра, актовый, спортивный и танцевальный залы, студия звукозаписи, кинотеатр и многое другое для полезного досуга молодых людей. Есть комната для детей. Будут работать инклюзивные кружки. Этот дом станет центром для волонтёрских и молодёжных организаций. 

Теміртауда алғашқы мемлекеттік дағдарыс орталығы ашылады

Теміртауда өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдар үшін Дағдарыс орталығы ашылады. Қазір ғимаратта жөндеу жұмыстары аяқталуда. Ерекшелігі, Қарағанды облысында бұл алғашқы мемлекеттік мекеме. Мұнда балалары бар отбасылар баспана табады, оларға қажетті әлеуметтік көмек көрсетіледі. Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары да қолдау сұрай алады.

Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев нысанға барып, қандай жағдай жасалып жатқанын тексерді.

– Орталық бір уақытта 50 отбасына дейін тұруға арналған. Өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдар мұнда бір жылға дейін тұра алады. Күніне төрт рет тамақтану қарастырылған, ол үшін асхана бар. Сонымен қатар, әртүрлі әлеуметтік қызметтер, сондай-ақ медициналық, психологиялық және заңгерлік көмек көрсетіледі. Ата-аналарға жұмысқа орналасуға немесе қайта оқуға көмектесеміз. Балаларды мектепке орналастырып, автобуспен тасымалдаймыз, – деді дағдарыс орталығының директоры Әсел Нәбиева.

Жөндеу жұмыстары қыркүйек айында басталып, аяқталуға жақын. Ашылуы қараша айына жоспарланған. Бюджеттен жиһаз, кеңсе жабдықтары мен басқа да жабдықтарды сатып алуға қаражат бөлінді. Орталық аумағында балалар ойын және спорт алаңдары орнатылды.

Ермағанбет Бөлекпаев Болашақ Жастар үйіне де келді. Ол да ашылуға дайындалуда.

Жастар үйі бұрынғы колледждің қараусыз қалған ғимаратында орналаспақ. Ғимаратты қайта құру өткен жылы басталды. Коммуналдық желілерден бастап шатырға дейін барлығы күрделі жөндеуден өтті. Қазір құрылыс жұмыстары сыртта да, іште де аяқталды. Бөлмелер мүмкіндігі шектеулі жандарға бейімделген: пандус, лифт бар, мүгедектер арбасында еркін жүру үшін кең жылжымалы есіктер жасалған.

Қабырғаларды жергілікті жас суретшілер безендірді. Ал қасбетте түрлі-түсті мурал пайда болды.

Ғимаратта жабдықтарды орнату қалды. Жиһаз, кеңсе жабдықтарына тапсырыс берілді. Жыл соңына дейін Жастар үйі есігін айқара ашады. Мұнда екі коворкинг-орталық, акт, спорт және би залдары, дыбыс жазу студиясы, кинотеатр және т. б. болады. Балаларға арналған бөлме бар. Инклюзивті үйірмелер жұмыс істейді. Бұл үй еріктілер мен жастар ұйымдарының орталығына айналады. 

По сообщению сайта EKaraganda.kz

Тэги новости: Новости политики Темиртау
Поделитесь новостью с друзьями