Популярные темы

жоспар: новости — страница 3

Қазақстандық музыкант Голливуд трейлерлеріне әуен жазып жүр 28 января 2022, 14:23

Tengrinews, 28 января 2022 в 14:33

Қазақстандық музыкант Голливуд трейлерлеріне әуен жазып жүр
                28 января 2022, 14:23
Қазақстандық Тигран Папазян Голливуд және ТМД фильмдерінің трейлеріне музыка жазып жүр. Ол Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында трейлер индустриясы мен ондағы ерекшеліктер туралы айтып берді. Тигран — Петропавл қаласының тумасы, жасы 31-де. Ең қызығы, оның музыкалық білімі жоқ, ал бітірген мамандығы — құқықтану.

«Тәрбие мәселесі қалып қойып жатыр». Немересіне Махамбет жырын айтқан атамен сұхбат 27 января 2022, 16:02

Tengrinews, 27 января 2022 в 16:13

Немересін Махамбет жыры мен Абай өлеңдерін айтып ойнататын ата — театр актері, режиссер Бейбіт Құсанбаев екені белгілі. Отыз жылдай театр қабырғасында еңбек еткен ол бүгінде балаларды нағыз өнерге баулуды — өмірлік паразы деп санайды. Tengrinews.kz тілшісі актермен отбасы, немересімен қарым-қатынасы, хоббиі және театрдағы жолы туралы әңгімелесті.

«Пайда көру қиын». Кермеге тартылудан әлем рекордын орнатқан қазақстандық 27 января 2022, 11:44

Tengrinews, 27 января 2022 в 11:53

Кермеге тартылуды балалар мектеп кезінен үйренеді. Бірақ кермеге тартылудан әлем чемпионы барын көп адам біле бермейді. Таяуда қазақстандық спортшы Ильдар Ягьяев кермеге тартылудан әлем чемпионы атанды. Бұл атақты ол алтыншы рет иеленді. Tengrinews.kz тілшісі Ильдар Ягьяевпен әлем чемпионаты, бұл спортқа қалай келгені туралы сөйлесті.

«Оңай әдіс жоқ» — 7 тіл білетін қазақстандық тіл үйренудің қыр-сырын бөлісті 26 января 2022, 14:45

Tengrinews, 26 января 2022 в 14:53

Түркістандық Нурислам Вахапов 26 жасында 7 тіл біледі, оған қоса тағы екі тілді меңгеріп жүр. Оның сөзінше, тіл үйренуде ешқандай оңай әдіс жоқ, алайда белгілі бір ережелерді білсең, жетістікке жетуге болады. Полиглот жігіт Tengrinews.kz тілшісімен өзге тілдерді үйренудегі сырын бөлісті. «Қазақ, өзбек, орыс, түрік, ағылшын, қытай, итальян тілдерін білемін. Қазіргі уақытта корей және испан тілдерін үйреніп жүрмін», — дейді ол.

«Ең тиімді уақыт — бүгін». Сарапшылар 2022 жылғы тұрғын үй нарығына болжам жасады 19 января 2022, 14:14

Tengrinews, 19 января 2022 в 14:23

Қаңтардағы тәртіпсіздіктерден кейін елдегі жылжымайтын мүлік нарығындағы жағдай екіұшты болып тұр. 2022 жылы құрылыс нарығы қалай өзгереді? Жылжымайтын мүлікті қай кезде сатып алған дұрыс? Tengrinews.kz тілшісі сарашылардан сұрап білді. Танымал қытайлық экономист Мао Юуши Орта Азия қазіргі дағдарыстан алдағы 5 жылда оңай шықпайтынын ескертіп, құрылыс азаятынын болжады.

Алматыдағы тәртіпсіздіктер: режиссер Сәкен Битайдың өліміне қатысты істің мән-жайы 11 января 2022, 18:28

Tengrinews, 11 января 2022 в 18:33

Алматыдағы тәртіпсіздіктер: режиссер Сәкен Битайдың өліміне қатысты істің мән-жайы
                11 января 2022, 18:28
Алматыда лаңкестер қазақстандық режиссер Сәкен Битайды атып өлтірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы журналист Данияр Әділбеков өзінің Facebook-парақшасында жазды. Журналистің хабарлауынша, трагедия 6 қаңтар күні болды. Қазақстандық режиссер радикалдардың шабуылына тап болған. «Алматыда мародерлер Сәкен Битайды атып өлтірді. Өкпесіне оқ тиіп, оқиға орнында жан тапсырды.

Тағайындау, жалақы және халық жағдайын жақсарту. Тоқаев Мәжілісте не айтты? 11 января 2022, 12:32

Tengrinews, 11 января 2022 в 12:43

Тағайындау, жалақы және халық жағдайын жақсарту. Тоқаев Мәжілісте не айтты?
                11 января 2022, 12:32
Бүгін Мәжіліс отырысы онлайн өтті. Отырысқа Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты. Tengrinews.kz тілшісі Президенттің отырыс барысында маңызды мәлімдемелерін жинады. Ең алдымен Тоқаев Әлихан Смайыловты премьер-министр қызметіне ұсынды. Депутаттар Әлихан Смайыловтың кандидатурасын талқылап, бір ауыздан қолдады.

Новогоднее обращение Президента Токаева к казахстанцам 01 января 2022, 00:00

Tengrinews, 01 января 2022 в 00:13

Новогоднее обращение Президента Токаева к казахстанцам
                01 января 2022, 00:00
Президент Касым-Жомарт Токаев поздравил казахстанцев с новым, 2022 годом, передает Tengrinews.kz. Новый год наступил на большей части Казахстана. Посмотреть эту публикацию в Instagram. Публикация от TengriNews (@tengrinewskz). Полные текст поздравления Президента: Қадірлі отандастар! Ардақты ағайын!

«9 миллион теңгеге 10 батарейка». Биыл қызу талқыланған мемсатып алу даулары 28 декабря 2021, 08:48

Tengrinews, 28 декабря 2021 в 09:03

901 мың теңге — бұл биыл мемлекеттік сатып алу арқылы алынбақ болған бір батарейка құны. Одан бөлек, Семей әкімдігі екі шыршаны 23 миллион теңгеге сатып алған. Мұның бәріне желі қолданушылары наразы болды. Биыл тағы қандай мемлекеттік сатып алулар қызу талқыланды? Tengrinews.kz тілшісі шолу жасады.

«Намысыма тимейді». Шенеуніктер отставкаға кетуді талап еткендерге қалай жауап береді? 24 декабря 2021, 16:50

Tengrinews, 24 декабря 2021 в 17:03

Кейінгі күндері шаруалар ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевтің отставкаға кетуін талап еткен еді. Кейін оған министр жауап беріп, шаруалармен түсінік тапқанын айтқан болатын. Биыл жоғары лауазымдағы бірқатар шенеуніктерге отставка туралы сұрақ қойылған. Tengrinews.kz тілшісі шенеуніктердің отставкаға кету туралы талапқа қалай жауап бергенін еске түсірді.

«Игра в кальмара»: елордада театр қызметкері робот жасап шықты 07 декабря 2021, 17:19

Tengrinews, 07 декабря 2021 в 17:23

Желіде қазақша сөйлейтін роботтың видеосы тарап жатыр. Киімі танымал «Игра в кальмара» сериалындағы образға ұқсас. Tengrinews.kz тілшісі осы роботтың құрастырушысы Бауыржан Ақбарақовпен сөйлесіп, туындысы туралы сұрап білді. Бауыржан 31-жаста. Нұр-Сұлтан қаласындағы «Астана Опера» театрында автоматизация жүйесінің әкімшісі қызметін атқарады.

«Жыныстық бопсалауды дәлелдеу қиын». Қазақстан заңына қандай өзгерістер керек? 23 ноября 2021, 14:26

Tengrinews, 23 ноября 2021 в 14:33

Жыныстық бопсалау немесе харассмент — жыныстық зорлық-зомбылықтың бір түрі. Мұндай әрекеттер үшін заңда жаза қарастырылған. Десе де ха­лықаралық заңгер Аяжан Ойраттың сөзінше, жыныстық бопсалауды дәлелдеу қиынға соғады, сондықтан Қазақстанға жаңа заң қажет. Tengrinews.kz тілшісі маманнан харассмент үшін қолданылатынын жаза туралы, оны қалай дәлелдеу керегін және заңға қандай өзгерістер керегін сұрады.

Бұрғылаушы Бақытжан Қазбеков: Менің жұмысым – шахта

EKaraganda.kz, 13 ноября 2021 в 13:25

Бұрғылаушы Бақытжан Қазбеков: Менің жұмысым – шахта
Бақытжан Қазбеков Западный кенішінде №2 учаскесінің бұрғылаушысы болып жұмыс істейді. «Мен төрт жыл Сәтбаев қаласындағы №1 тау-кен училищесінде оқып, 1997 жылы «Южный» шахтасының жер бетіндегі электр цехына тәжірибеден өтуге келдім. Төртінші курста бізді шахтаға түсірді... Тәжірибеден кейін осында жұмысқа қалдым, бүгінде 24 жыл бойы бұрғылаушы болып жұмыс істеймін.

Балалар вакцинасы, ревакцинация. Цой үкіметте қандай мәлімдеме жасады? 10 ноября 2021, 10:01

Tengrinews, 10 ноября 2021 в 10:13

Балалар вакцинасы, ревакцинация. Цой үкіметте қандай мәлімдеме жасады?
                10 ноября 2021, 10:01
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет отырысында елдегі эпидемиологиялық жағдай бойынша есеп берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Министрдің сөзінше, Қазақстанда кейінгі екі аптада ауру деңгейі 17 пайызға азайды. «Жалпы республика және он өңір «жасыл» аймақта. (...) Кейінгі үш айда ем алып жатқандар саны бойынша оң динамика байқалады: 2,3 есе азайды.

АҚШ-қа көшетіндер неге көбейді? PepsiCo-да жұмыс істейтін қазақпен сұхбат 08 ноября 2021, 16:50

Tengrinews, 08 ноября 2021 в 16:53

АҚШ-қа көшетіндер неге көбейді? PepsiCo-да жұмыс істейтін қазақпен сұхбат
                08 ноября 2021, 16:50
Қазақстандық Асхат Сейтенов Нью-Йорктегі PepsiCo трансұлттық корпорациясында жұмыс істейді. АҚШ-қа 2016 жылы келген ол Tengrinews.kz тілшісімен сұхбаттасып, америкалықтардың Қазақстанға деген көзқарасы және дарынды қазақстандықтардың неге мұхит асып жатқанын түсіндірді. АҚШ-тағы алғашқы қадам және қиындық Асхат Алматы қаласында туған, жасы 28-де, бойдақ.

Қазақстан әлем чемпионатындағы жеке рекордын қайталай ала ма? 05 ноября 2021, 16:32

Tengrinews, 05 ноября 2021 в 16:43

Қазақстан әлем чемпионатындағы жеке рекордын қайталай ала ма?
                05 ноября 2021, 16:32
Бүгін бокстан әлем чемпионатының финалы басталады. Ел намысын төрт спортшы қорғап жатыр. Бүгін екі, ертең екі боксшымыз алтын медаль үшін жекпе-жекке шығады. Tengrinews.kz тілшісі қазақстандық боксшылардың қарсыластары туралы мәлімет жинап, олардың финалдағы мүмкіндігін бағалап көрді. Теміртас Жүсіпов — Вуттичай Юрачай Әлем чемпионатының финалы — 48 келіде өнер көрсетіп жатқан Теміртас Жүсіповтің карьерасындағы ең үздік жетістігі.

«ПТР-тест деп вакцина салып тастайды». Қазнетті дүрліктірген 5 фейк 21 октября 2021, 17:56

Tengrinews, 21 октября 2021 в 18:03

Вакцина туралы талай фейк жоққа шығарылса да, күн сайын жаңасы шығып жатыр. Оның көбі балаларға екпе салуға қатысты. «Денсаулық сақтау министрлігінің қызметкерлері екпе алмаған, себебі вакцина қауіпті екенін біледі» деген де хабарлама тараған. Tengrinews.kz тілшісі кейінгі кезде Қазнетте тараған фейктер туралы баяндайды.

«Мұнда шексіз демалыс қарастырылған» — PayPal-да жұмыс істейтін жалғыз қазақ 19 октября 2021, 11:41

Tengrinews, 19 октября 2021 в 11:53

Олжас Айтбеков — әлемнің ең ірі дебеттік электронды төлем жүйесі PayPal компаниясында жұмыс істейтін жалғыз қазақ. Ол Tengrinews.kz тілшісіне PayPal-ға қалай жұмысқа тұрғанын және Кремний алқабындағы тіршілік туралы айтып берді. Олжас Жамбыл облысында туған, жасы 25-те. Балалық шағы Таразда өтіп, кейін отбасымен Алматыға көшіп келген. Қарапайым отбасында дүниеге келген ол ерте есейюге мәжбүр болған.

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев: Ел экономикасын дамытуда Ақтөбенің үлесі өте үлкен

Ақтөбе газеті, 02 октября 2021 в 22:52

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев: Ел экономикасын дамытуда Ақтөбенің үлесі өте үлкен
Елбасы тапсырмасына сәйкес, Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен Ақтөбе облысында болды. Мақсаты — Президенттің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік», «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауларының, Бес әлеуметтік бастамасының, сондай-ақ мемлекеттік және салалық бағдарламалардың өңірде іске асырылу барысымен танысу. Үкімет басшысын облыс әкімі Бердібек Сапарбаев күтіп алып, өңірде жасалып жатқан жұмыстармен таныстырды.

900 сағат ұшқан. АҚШ-та 22 жастағы қазақ жігіті алып әуекомпанияның ұшқышы болды 01 октября 2021, 09:30

Tengrinews, 01 октября 2021 в 09:33

900 сағат ұшқан. АҚШ-та 22 жастағы қазақ жігіті алып әуекомпанияның ұшқышы болды
                01 октября 2021, 09:30
Алматы облысынан шыққан Дәурен Сәбитов небәрі 22 жасында Американың ең алып әуекомпанияларының бірінде ұшқыш-инструктор болып жұмыс істейді. Оның ең алғаш штурвалға отырған сәті, АҚШ-тағы ұшқыштардың жалақысы және қазақ авиациясының жағдайы туралы толығырақ Tengrinews.kz тілшісінің материалында. Алматыдан Америкаға...

«Тырысып көру керек» — Тоқаев Тұран барысы популяциясын қалпына келтіру туралы 30 сентября 2021, 16:43

Tengrinews, 30 сентября 2021 в 16:53

Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық форумында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда Тұран барысы популяциясын қалпына келтіру жоспары туралы айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. «Олардың соңғылары өткен ғасырдың 30-жылдары байқалған. Кейін Ұлы Отан соғысының алдында Қазақстан аумағынан жоғалып кетті.

SpaceX ғарышқа ұшырған туристер кім және олардың мақсаты не? 16 сентября 2021, 16:15

Tengrinews, 16 сентября 2021 в 16:23

SpaceX ғарышқа ұшырған туристер кім және олардың мақсаты не?
                16 сентября 2021, 16:15
Ғарышқа алғаш рет толығымен туристерден тұратын экипаж ұшты. Оны ғарышқа Илон Масктің SpaceX компаниясы жіберді. Туристер қатарында миллиардер де, қарапайым дәрігер де бар. Tengrinews.kz тілшісі ғарышқа аттанған туристер туралы баяндайды. Туристер экипажы ғарышқа ұшты Алғаш рет орбитаға ғарышкерлер емес, бұл саладан хабары көп емес қарапайым адамдар экипажы ұшты.

«Ұйқыға кетеді». Жәнібек Әлімханұлы кімдерді жекпе-жекке шақырып жүр? 15 сентября 2021, 16:35

Tengrinews, 15 сентября 2021 в 16:43

Жәнібек Әлімханұлы чемпиондарды жекпе-жекке шақырып жүр. Мақсаты — орта салмақта әлем чемпионы атану. Кез келген чемепионды нокаутқа түсіремін деп уәде берген. Tengrinews.kz тілшісі Жәнібек Әлімханұлы кімдерді жекпе-жекке шақырып жүргенін баяндайды. «Канелоны» оп-оңай жеңемін» Әлімханұлы қазір трештокты белсенді қолданады.

Оқушыларға вакцина салу жоспары туралы құжат тарады. Шенеунік жазаланды 15 сентября 2021, 11:50

Tengrinews, 15 сентября 2021 в 11:53

Оқушыларға вакцина салу жоспары туралы құжат тарады. Шенеунік жазаланды
                15 сентября 2021, 11:50
Желіде Қызылорда облысында 12 жастан асқан балаларға коронавирусқа қарсы вакцина салу жоспарланғаны, осыған орай, екпе салдыратын балалардың тізімін дайындау туралы жазылған хат тарады. Облыстық Білім басқармасының өкілдері бұл жағдайға байланысты пікір білдірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қызылорда облысының Білім басқармасы баспасөз қызметі өкілдерінің сөзінше, ата-аналарды аландатып, қоғамда екіұдай пікір туғызған аудандық білім бөлімі басшысының қызметтік жауапкершілігі қаралып, тәртіптік жаза қолданылған.

Түркістан облысының тұрғыны «Бизнесті дамытуға кредит» конкурсының жеңімпазы атанды

Banker.kz, 14 сентября 2021 в 12:01

Түркістан облысының тұрғыны «Бизнесті дамытуға кредит» конкурсының жеңімпазы атанды
Solva МҚҰ (IDF Eurasia тобы) ай сайынғы «Бизнесті дамытуға кредит» конкурсының жеңімпазын құттықтады. Жаздың соңғы айында бизнес туралы ең қызықты оқиға үшін 500 000 теңге мөлшеріндегі сыйақы Түркістан облысының тұрғынына бұйырды. «Бизнесті дамытуға кредит» конкурсының шарттары бойынша Solva компаниясында бизнес-кредит ресімдеген Қазақстанның барлық азаматтары жарты миллион теңгені ұтып ала алады.

«Бұл мамандықты таңдағаныма еш өкінбеймін»: Кеншілер өз өмірі жайлы ағынан жарылды

EKaraganda.kz, 31 августа 2021 в 16:15

«Бұл мамандықты таңдағаныма еш өкінбеймін»: Кеншілер өз өмірі жайлы ағынан жарылды
Жер астында бастысы тәртіп болуы керек Ерік Әубәкіровті күнде таңертең жұмысқа аттанарда жақындары «Алла жар болсын» деген батасымен шығарып салады. Көпбалалы отағасы ең ауыр жұмыстардың бірі – кеншілікке бет бұрған. Оның жер астында аптасына алты күн бойы алты сағаттан еңбек терін төгіп жүргеніне 12 жылдың жүзі болды. Әубәкіров – Шығыс Жезқазған кенішіндегі «Анненская» шахтасы үңгушілерінің бригадирі.

«Невада-Семей» қозғалысын фотоальбом қылып қалдырған — Қалиғұмар Қабдешев 31 августа 2021, 09:28

Tengrinews, 31 августа 2021 в 09:43

27 тамызда Қазақстан журналистер одағының пресс-клубында «Невада-Семей» халықаралық антиядролық қозғалысының 30 жылдығына орай пресс-конференция өтті, Қалиғұмар Қабдешев ағамызды белсенді қатысушы мүшесі, тарих бетіне фотоальбомдарды арқылы қалдырғаны үшін, медальмен марапатталды. Олжас Сүлейменов ағамыз шын жүректен ризашылығын білдірді.

«Ұлт жоспары – 100 нақты қадам»

Магнолия, 08 июля 2021 в 15:58

«Ұлт жоспары – 100 нақты қадам»
2016 жылдың 1 қаңтарынан «5 институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам». Бізге тарихымыздағы бұрын-соңды болмаған ауқымдағы ұлттық заңнамаға өзгерістерді бағамдау маңызды. Оның үстіне, олар біздің қазақстандық арманымыз – ХХІ ғасырда көшбасшы отыз ұлттың бірі болуға қол жеткізуімізге жол ашады. Әр ұрпақтың өз арманы бар, оларда тек жеке және отбасылық игіліктерге ғана ұмтылыс көрініс таппайды.

Батыр Жүкембаев: Әлем чемпионы атансам деген мақсатым одан сайын нығая түсті

SportInfo, 02 июня 2021 в 18:56

Батыр Жүкембаев: Әлем чемпионы атансам деген мақсатым одан сайын нығая түсті
29 мамырда бірінші жартылай орта салмақ бойынша IBF тұжырымының чемпиондық титулына міндетті үміткерді анықтайтын іріктеу турнирінің жартылай финалдық жекпе-жегі өтті. Бұл жекпе-жекке қазақстандық кәсіпқой боксшы Батыр Жүкембаев қатысты. Оның қарсыласы болып пуэрторикалық панчер Сабриэль Матиас атанған еді. Қос боксшы нағыз BIG DRAMA SHOW мәнеріндегі айқас өткізді.
Показано 29 новостей из 89