Популярные темы

Алматыдағы тәртіпсіздіктер: режиссер Сәкен Битайдың өліміне қатысты істің мән-жайы 11 января 2022, 18:28

Дата: 11 января 2022 в 18:33 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Алматыдағы тәртіпсіздіктер: режиссер Сәкен Битайдың өліміне қатысты істің мән-жайы
                11 января 2022, 18:28
Стоковые изображения от Depositphotos

Алматыда лаңкестер қазақстандық режиссер Сәкен Битайды атып өлтірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы журналист Данияр Әділбеков өзінің Facebook-парақшасында жазды. Журналистің хабарлауынша, трагедия 6 қаңтар күні болды. Қазақстандық режиссер радикалдардың шабуылына тап болған.

«Алматыда мародерлер Сәкен Битайды атып өлтірді. Өкпесіне оқ тиіп, оқиға орнында жан тапсырды. Жедел жәрдем келіп те үлгермеді», — деп жазды ол.

Талантты режиссердің жақын досы Ермек Ахметов оқиғаның мән-жайын ашып берді.

«Мародерлер Алматыдағы Полиция департаментінің алдында Сәкеннің көлігін тартып алмақшы болады. Бір топ лаңкес көліктің есігін ашуға ұмтылған. Сәкен бірден көлікті орнынан қозғайды, сол кезде бүлікшілердің оғы досымызға тиеді», — деді Ахметов.

Оның айтуынша, Сәкен Битай бейбіт шерудің шырқын бұзған бүлікшілердің іс-әрекетін видеоға түсіріп алғысы келіпті.

«Ол әрдайым ізденіс үстінде болды. Бұл жолы да шетте қалмай, керемет репортаж дайындағысы келіп еді. Шығармашылық жолында өзін құрбан етті», — дейді ол.
 

Біз Сәкен Битайдың басқа да жолдастарымен байланысып, қазақстандық режиссер туралы және оның соңғы жобалары туралы сұрадық.

«Сәкен — заманауи қазақ мәдениетінің жұлдызы. Оның адамгершілігі бір төбе, шығармашылығы бір төбе. 2016 жылы өзім режиссерлік еткен «Волшебник» қысқаметражды фильмінде Сәкен қоюшы-оператор болып тегін жұмыс істеді. Бір тиын да сұраған жоқ, өйткені оның өнерге деген құрметі ақшамен өлшенбейтін еді.  Мен оның алдында қарыздармын. Сол жылдары ақшадан қысылып, Сәкен Битайдың шеберлігіне тиісті деңгейде гонорар бере алмадым. Атап өту керек, дәл сол фильм Сәкеннің арқасында Канн фестиваліне ұсынылған еді», — дейді режиссер Марат Телеуов.


Актер Тимур Дарханов та қазақстандық режиссер туралы естеліктерін бөлісті.

«Сәкен нағыз шығармашылықтың адамы еді. Біз бірнеше жобаға бірге қатысып, жанашыр дос болдық. Оның қазасы маған өте ауыр тиді. Мұндай жауыздық жазасыз қалмауы керек. Жүрегім қан жылауда. Қазақстанда мықты режиссерлер онсыз да көп емес, дәл осындай кезеңде Сәкеннен айырылып қалдық. Десе де, оның артында өшпес мұра қалды. Сәкен өлсе де, оның өнері өлмейді», — деді актер. 

Сонымен қатар, ол Сәкен Битайдың тек қана режиссер емес, клипмейкер екенін айтып, қалың қауымды оның шығармашылығымен жақын танысуыға шақырды. 

Ал ТЕК студиясының директоры Ербол Жұмағұл досының өмірінің соңғы күндерін қалай өткізгенін және алда қандай жоспары болғанын айтты.   

«Сәкеннің соңғы 3 күнінде жанында болдым. Екеуміздің бірге атқаратын істеріміз әлі де көп еді. Ол жастары және олардың проблемалары туралы толықметражды фильм түсіруді армандады, тіпті, бұл фильмге кірісіп те кеткен еді. Алдағы уақытта Сәкеннің ісін соңына дейін жетеді», — деді ол.  

Сәкен Битай 9 қаңтар күні Алматыдағы Кеңсай зиратында жерленді. Талантты режиссердің жасы небәрі 36-да еді, артында екі қызы қалды.

Автор: Мұхтар Жәмішжанов
Суреттер Сәкен Битайдың Facebook-парақшасынан алынды

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

По сообщению сайта Tengrinews

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями