Новости в социальных сетях

Подпишитесь на нашу группу и читайте анонсы самых интересных новостей в любимой соцальной сети

ВКонтакте Одноклассники Facebook Twitter

Новости по теме "ақтөбе"

Қазақ қалың малға берген ақшаны қайда жұмсаған?

Источник: TengriNews Дата: вчера в 16:23

Қазақ қалың малға берген ақшаны қайда жұмсаған? Бұрындары қалың мал — мал санымен есептелген болса, уақыт өте бұл дәстүрдің өзгергені рас. Қалың мал бүгінде қыз алып отырған отбасының қаржы жағдайымен өлшенеді дейді. Бірақ ол қаншалықты рас? Қазақ қалың малға не үшін ақша берген және ол ақшаны қайда жұмсаған? Бүгінде орта есеппен қыздың қалың малы қанша?

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2019-2020 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы 

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 20 августа 2019 в 17:32

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2019-2020 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы  ЖОБААқтөбе облысы әкімдігінің 2019 жылғы 24 шілдедегі №281 «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2019-2020 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралыҚазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының 6-бабының 2-тармағының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы №122 «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар мамандарды даярлауға, сондай-ақ жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №13418 тіркелген бұйрығына сәйкес, Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:көрсетілген қаулының 1-қосымшасы осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;көрсетілген қаулының 2-қосымшасы осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.1) осы қаулыны Ақтөбе облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Ақтөбе облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.Ақтөбе облысының әкімі О.ОРАЗАЛИН.Ақтөбе облысы әкімдігінің2019 жылғы «____» _____________ қаулысына1-қосымшаЖоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2019-2020 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы жоғары білім беру ұйымдарында Денсаулық сақтау (медицина)Ақтөбе облысы әкімдігінің2019 жылғы «____» _____________ қаулысына2-қосымша Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2019-2020 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы1 студентті оқытуға жұмсалатын орташа шығын (мың теңге)512суды пайдалану

Бердібек Сапарбаев жарты жыл министр болғанда елде не өзгерді?

Источник: TengriNews Дата: 20 августа 2019 в 16:23

Бердібек Сапарбаев жарты жыл министр болғанда елде не өзгерді? Бүгін Бердібек Сапарбаевтың премьер-министрдің орынбасары қызметіне ауысқаны белгілі болды. Бұған дейін ол тура жарты жыл Қазақстанның еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болған еді. Ақтөбе облысының бұрынғы әкімі жаңа қызметке Астанада жантүршігерлік оқиға болып, бес қыздың өмірін жалмаған өрттен кейін Мадина Әбілқасымованың орнына келген болатын.

Құрметті Ақтөбе қаласының тұрғындары мен қонақтары!

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 20 августа 2019 в 11:42

Құрметті Ақтөбе қаласының тұрғындары мен қонақтары! 2019 жылғы 24 тамызда облыс әкімдігі «Green Land» демалыс және ойын-сауық паркімен бірлесіп «QARG’ALY FEST» халықаралық туристік фестиваліне шақырады.«Non stop» концерттік бағдарламасында ұлттық ойындар, спорт жарыстары, дискотека, балалар анимациялық бағдарламасы, балалар көбік кеші, «Холи» бояулар фестивалі, шеберлік кластары, қолөнер жәрмеңкесі, Street food қамтылған.24 тамызда біздің қонақтарымызға ыңғайлы болуы үшін фестиваль қатысушыларына Орал, Орск, Орынбор қалаларынан «Green Land» демалыс паркіне дейін және кері бағытта, сондай-ақ Ақтөбе қаласынан (облыс әкімдігі, «Айна» сауда үйі жағынан) сағат 10.00-ден бастап әрбір 1,5 сағат сайын (20.30 сағатқа дейін) «Green Land» демалыс паркіне және кері бағытта тегін автобус жүреді.

«Дельфин» бассейні шақырады

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 20 августа 2019 в 11:42

«Дельфин» бассейні шақырады Спорт күнінде елу жылдық тарихы бар №6 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде салтанатты шара өтті. Жас спортшылар мен жаттықтырушыларды кәсіби мерекесімен құттықтауға қала әкімі Мавр Абдуллин мен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Мейрамбек Махамбетов келді.Мерекелік шарада алдымен сөз алған қала әкімі барлық қала тұрғындары мен қонақтарын Спорт күнімен құттықтап, құтты мекеннің дене шынықтыру мен спорт саласындағы дамуына зор үлес қосып, байрақты бәсекелерде көк байрағымызды желбіретіп жүрген барлық спортшыларға алғыс білдірді.

Облыста олимпиадалық спорт түрлері ашылды

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 20 августа 2019 в 11:42

Облыста олимпиадалық спорт түрлері ашылды 4 жыл сайын жазғы олимпиадалық ойындарына қатысу үшін әуелі ұлттық құрамаға іріктеу спартакиадасы өтеді. Онда олимпиадалық ойылдардың 40 түрі бар. Биыл Ақтөбе қаласында болған жарыста жерлестеріміз жүзуден, жалпы су спортынан 22 медаль иеленіп, жалпы есеп бойынша жетінші орынға көтерілді. Бұл жақсы көрсеткіш.

Мейрамханалар терроризмнің алдында әлсіз бе?

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 20 августа 2019 в 11:32

Мейрамханалар терроризмнің алдында әлсіз бе? Ақтөбе өңірлік кәсіпкерлік палатасы алты қоғамдық тамақтану орнының террорлық қатерге әлсіз нысандар тізіміне енгізілуінің негізсіз екенін дәлелдеді. Бұл жұмыс «Тамаша» мейрамханасының өтініш арызынан кейін жүргізілді. Палата өкілдерінің айтуынша, 80 орындық нысан тексерушілердің салғырттығынан аймақтық террорлық қатерге әлсіз нысандар тізіміне енгізіліп кеткен, соның салдарынан облыстық ішкі істер департаменті бұл нысанда тексеру жүргізіп, айыппұл салған.

Жылыту маусымына әзірлік пысықталды

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 20 августа 2019 в 11:32

Жылыту маусымына әзірлік пысықталды Жұма күні Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Жангелді Әубәкіровтің төрағалығымен коммуналдық қызмет саласындағы мәселелерді шешу мақсатында құрылған жұмыс тобының мәжілісі өтті.Онда кондоминиум нысандарын басқаратын ұйымдар мен коммуналдық мекемелердің жұмысы, сондай-ақ 2019-2020 жылдарға арналған жылыту маусымына Ақтөбе қаласындағы көпқабатты тұрғын үй қоры мен әлеуметтік сала нысандарының дайындығы талқыланды.Бүгінде Ақтөбе қаласында 1801 көп қабатты тұрғын үй бар.

Мерекедегі марапат

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 20 августа 2019 в 11:32

Мерекедегі марапат Жұма күні Ақтөбе қаласының әкімі Мавр Абдуллин бір топ спортшыны кәсіби мерекелерімен құттықтап, марапаттар тапсырды.Жиында қала әкімі бүгінде Ақтөбе қаласында бұқаралық спортпен шұғылданатын тұрғындардың саны 160 700 адамға жеткенін, жергілікті спортшыларымыз көптеген жетістікке жетіп, елдің намысын қорғап жүргенін, ал халықты бұқаралық спортқа тарту үшін облыс орталығында жыл сайын спорттық нысандар мен алаңдар салынып жатқанын атап өтті.Айта кету керек, әр мемлекеттің атын шығаратын, әлемге танытатындар спорт, өнер саласында жүрген азаматтар.

Ақтөбелік өнер ұжымы бас жүлдеге ие болды

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 20 августа 2019 в 11:32

Ақтөбелік өнер ұжымы бас жүлдеге ие болды Ғ. Жұбанова атындағы облыстық филармонияның қазақ камералық хоры Ресей астанасы Мәскеуде өткен «Друзья в Москве» атты халықаралық музыка және би фестивалінде Бас жүлдеге ие болды.ІІІ халықаралық «Друзья в Москве» фестивалі 16-19 тамыз аралығында өткен. Оған Қазақстан, Түркия, Үндістан, Болгария, сондай-ақ, Ресейдің Мәскеу қаласы мен Мәскеу облысы, Қалмақ, Саха республикалары, т.б. аймақтарынан өнер ұжымдары қатысқан.

Ұлы ақынның өлеңдері оқылды

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 20 августа 2019 в 11:22

Ұлы ақынның өлеңдері оқылды Ақтөбе қаласындағы Абай даңғылында қазақтың бас ақыны, ағартушы, философ Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «Ой түбінде жатқан сөз…» атты мәдени шара ұйымдастырылды. «Арт-стрит» жобасы аясында ұйымдастырылған әдеби-сазды кеште өлеңдер оқылып қана қоймай, хакімнің сөзіне жазылған әндер әуеледі, қара сөзінен үзінділер берілді.

Ұлболсын — «корпорация аруы»

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 20 августа 2019 в 11:12

Ұлболсын — «корпорация аруы» Жексенбі күні Өнер орталығында алғаш рет «Корпорация аруы — 2019» байқауы өтті. Халыққа қызмет көрсету орталығыаруларының арасында өткен сайыста үздік деп танылып, бұл атақты 22 жастағы алғалық Ұлболсын Исмағұл жеңіп алды.«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» АҚ-ның Ақтөбе облысы бойынша филиалы және «SanBell» модельдік мектебінің ұйымдастыруымен өткен байқаудың негізгі мақсаты — Egovkz электрондық үкімет порталын халық арасында кеңінен насихаттай отырып, халыққа қызмет көрсету орталығында қызмет ететін жастарды қолдау.— Халыққа қызмет көрсету орталықтарында қызмет ететін арулар арасында байқау өткізу біздің көптен бері көкейде жүрген ойларымыздың бірі болатын.

Жүргізуші куәлігін рәсімдеу жеңілдеді

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 20 августа 2019 в 11:02

Жүргізуші куәлігін рәсімдеу жеңілдеді Жүргізуші куәлігін алатын көлік иелері үшін медициналық тексерістен өту реті жеңілдеді. «Азаматтарға арналған үкімет» көлік жүргізуге рұқсат беретін құжатты алу үшін талап етілетін 083 үлгісіндегімедициналық анықтамаға өзгерістер енгенін хабарлайды.Бұдан былай жүргізуші куәлігін рәсімдеу барысындағы медициналық комиссия құрамы 7 дәрігерден 4-ке дейін қысқарды.

Шапшаң голдар шаршатқан шақ

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 20 августа 2019 в 10:22

Шапшаң голдар шаршатқан шақ Бұл турда «Атырау»-«Астана» кездесуі кейінге қалдырылуы елордалықтарды екі сатыға кейінге сырғытты. Жеңіске жеткен «Қайрат» бірінші рет көш басына шықса, тең ойынды қанағат тұтқан «Тобыл» топ бастаушылықтан кезекті рет екінші орынға ығысты. Ал «Ордабасы» алғашқы үштіктің желкесінен демалып тұр.«Ақтөбе» бұл турда ірі есеппен ұтылды.Бір жағынан, бәрі де әдеттегідей шапшаң голдан басталған сияқты көрінеді. Өйткені, міне, төртінші тур бойы жерлестеріміз қақпамызға шапшаң голдар енгізіп алып жүр: 7-минут, 8-минут, 10-минут, 11-минут.Ал, екінші жағынан, екі айналым бойы тың күш қосылмағандықтан, еш демалыс көрмей, жасыл алаңға сол баяғы үйреншікті құраммен үзіліссіз шыға бергендіктен, жігіттеріміз шаршаған да болуы керек.Әрине, энтузиазм мен эмоция керек-ақ, бірақ ФИФА-ның қатаң тәртібіне тап болған біздің санаулы жерлестеріміз түгілі, запасқа шығатын ойыншылары жеткілікті командалардың өзі маусым соңына қарай қалжырай бастайтыны қалыптасқан заңдылық. Әсіресе, қарсыластардың небір таңдаулы футболшыларын аңдумен тыным таппайтын қорғаушыларымызға обал-ақ.Бұның алдында өткен 22-турдан соң бір бапкердің төрт рет 0:1 есебімен ұтылғаннан гөрі бір рет 0:4 есебімен ұтылған тәуірлеу екендігі туралы әңгімесіне құлақ қойғанымызбен, чемпионат барысында алтыншы рет ірі есеппен жеңілуіміз аса жұбанарлық көрсеткіш емес екендігі және рас.Ойын барысына келейік.11-минутта Камо Оганесян сол жақ қапталдан айып алаңына тамаша пас тастады да, қақпаның дәл алдына келе қалған Айбар Жақсылықов шалт соққы жасады.

Сексен балаға қолдау жасалды

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 17 августа 2019 в 10:12

Сексен балаға қолдау жасалды Ақтөбе қаласы Алматы ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен және «Жеті қазына» ойын-сауық кешенінің қолдауымен 80 балаға арналған «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы өтті.Шараның өтуіне қолдау көрсетіп, жас жеткіншектерге демеушілік жасағандар қатарында «Қазстрансойл» АҚ, «Меркурий» ЖШС, «Шинторг» ЖШС, «Бота Мұқаева» сән салоны, «Жаңатау» шаруа қожалығы, «Геопард» ЖШС, «Махаббат» техникалық-көлік станциясы, «Темірбетон» ЖШС, «Казпромгеофизика» АҚ, «Абди», «Арзан» дүкендері, «Алманов» шаруа қожалығы сияқты қаладағы ірілі-ұсақты мекемелер, сонымен қатар, «Әнес Руслан» жеке кәсіпкерлігі, Ғалым Айдай, Нұрмаш Бейсеуов секілді азаматтар бүлдіршіндердің мектепке қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуіне атсалысты.Қайырымдылық шарасында ең алғаш болып «Қазтрансойл» компаниясы атынан акционерлік қоғамның жас мамандар кеңесінің төрағасы Әйгерім Кенжеғұлова сөз сөйлеп, жиынның шымылдығын ашып берді.

Қос конкурс қорытындысы

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 17 августа 2019 в 10:12

Қос конкурс қорытындысы Облыс әкімі Оңдасын Оразалин тағайындаған 100 грант пен ҚР Ұлттық қорының нысаналы трансферт есебінен 180 орынға бөлінген гранты үшін өткен конкурстың қорытындысы шықты. Комиссия шешіміне сәйкес, облыс әкімінің грантына қатысқан 269 үміткердің ішінде 77-сі жеңімпаз атанды. Ал Ұлттық қордан бөлінген грантқа қатысуға ниеттенген көпбалалы және атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардан шыққан 154 баланың бәрі де грант иеленді.

Тыңгерлер ерлігі — тақырып арқауы

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 17 августа 2019 в 10:02

Тыңгерлер ерлігі — тақырып арқауы Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Әйтеке би аудандық «Жаңалық жаршысы» газетінің бас редакторы Геннадий Стручковтың «О жизни и подвиге газетной строкой» атты кітабының салтанатты тұсаукесері Баспасөз үйінде өтті.Бұл жинақ қазіргі Әйтеке би, бұрынғы Ырғыз ауданына қарасты тың жерлерді игерудің 65 жылдығына арналған.Кітаптың авторы және құрастырушысы Геннадий Стручков әр жылдарда осы тақырыпта республикалық «Казахстанская правда», облыстық «Путь к коммунизму», «Актюбинский вестник», аудандық «Целинная новь», «Жаңалық жаршысы» газеттерінде жарияланған мақалаларды, алғышқы тың игерушілердің отбасылық архивтерінен алынған фотоларды пайдаланған.Журналист кітаптың бір тарауында басылымдарда жарық көрген өз туындыларының кейіпкерлері туралы баяндайды.

Биыл Ақтөбеде үшінші рет «Жібек жолы» байқауы өтеді

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 17 августа 2019 в 10:02

Биыл Ақтөбеде үшінші рет «Жібек жолы» байқауы өтеді 23-24 тамызда Ақтөбе қаласында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармонияның 75 жылдығы және Ақтөбе қаласының 150 жылдығына орай ІІІ республикалық «Жібек жолы» эстрадалық әншілер байқауы өтеді.Байқауға Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды облыстары және Семей,Нұр-Сұлтан қалаларынан үміткерлер қатысады.

Облыс әкімі тағайындаған оқу гранты иегерлері анықталды

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 15 августа 2019 в 13:22

Облыс әкімі тағайындаған оқу гранты иегерлері анықталды Облыс әкімі Оңдасын Оразалин тағайындаған 100 оқу грантының иегерлерін анықтау бойынша комиссия отырысы өтті. Облыс басшысының төрағалығымен болған жиынға облыс әкімінің орынбасары, комиссия мүшелері, басқарма басшылары қатысты.Облыс әкімінің өңірдегі сұранысқа ие мамандықтарға арнайы бөлген 100 грантына жалпы 269 үміткер құжат тапсырған.

3 көпбалалы отбасына пәтер берілді

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 15 августа 2019 в 13:12

3 көпбалалы отбасына пәтер берілді Сейсенбі күні облыс әкімі Оңдасын Оразалин жұмыс сапарымен Қарғалы ауданына барды. Аудандағы әлеуметтік нысандар мен шаруашылықтарды аралап, тұрғындармен кездесті.Саябақ ашылдыАлдымен облыс әкімі Қарғалы ауданының орталығы Бадамшадағы орталық саябақтың ашылу салтанатына қатысты.Шарада облыс әкімі аудан тұрғындарын жаңа саябақтың ашылуымен құттықтады.— Биыл аудан орталығында көптеген оң өзгерістер болып жатыр.

Ақтөбеде әдебиетшілер үйі салынады

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 15 августа 2019 в 13:02

Ақтөбеде әдебиетшілер үйі салынады Биыл Қазақстан Жазушылар одағының құрылғанына 85 жыл толады. Соған орай кеше облыс әкімі Оңдасын Оразалин Қазақстан Жазушылар одағы облыстық филиалының мүшелерімен кездесті. Басқосуға, сондай-ақ, жас қаламгерлер, мемлекеттік мекеме басшылары мен БАҚ өкілдері қатысты.Жиынды Қазақстан Жазушылар одағы Ақтөбе облыстық филиалының директоры, «Ақтөбе» газетінің бас редакторы, ақын Бауыржан Бабажанұлы жүргізіп отырды.Бірінші боп сөз тізгінін алған облыс әкімі Оңдасын Оразалин жекелеген қаламгерлердің және Қазақстан Жазушылар одағы Ақтөбе облыстық филиалының ұсынысымен өңірде бірқатар жобалардың қолға алынатынын айтты.

Атқарушылық тәртіп талапқа сай ма?

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 15 августа 2019 в 12:42

Атқарушылық тәртіп талапқа сай ма? Облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен өткен жиында осы жылдың 1 шілдесінен 11 тамызға дейінгі жергілікті мемлекеттік органдардың атқарушылық тәртібі жағдайы қаралды. Басқосуға облыс әкімінің орынбасарлары, басқарма басшылары және селекторлық режимде қала, аудан әкімдері қатысты.Облыс әкімі аппаратының басшысы Нұржауған Қалауов аталған мерзім аралығындағы атқарушылық тәртіп мәселесіне тоқталды.

Жол ашатын жобалар

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 15 августа 2019 в 12:22

Жол ашатын жобалар Жыл сайын елімізде жастарға арналған жаңа жобалар жүзеге асырылады. Биылғы Жастар жылында облыста «Еңбек», «Жас кәсіпкер», «Дипломмен — ауылға!», «Жасыл ел», т.б. бағдарламалар сәтті жүзеге асырылып, жастар жұмыспен, тұрғын үймен қамтылуда. Алдағы уақытта өзге өңірлермен қатар Ақтөбе облысында «Жас маман» бағдарламасы жұмыс жасап, 100 индустриялық және қызмет көрсету мамандықтары бойынша кадрлар даярланды.

«Ақтөбе — Ченду»: Қытайға ет экспорты басталды

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 15 августа 2019 в 12:22

«Ақтөбе — Ченду»: Қытайға ет экспорты басталды Агроөнеркәсіп кешеніндегі еңбек өнімділігін және өңделген ауылшаруашылығы өнімінің экспортын 2,5 есеге арттыруда Ақтөбе облысының үлесі зор. Биылдың өзінде 2 847,7 тонна ет және ет өнімдері шетелге шығарылған. Оның ішінде 2 126,0 тонна сиыр еті, 485 тонна шошқа еті, 91,4 тонна қой еті сатылды. Облысымызда дайындалған сиыр еті Өзбекстан, Ресей Федерациясы және Иран Республикасына жіберілді. Өткен жылы Пекин қаласында Қазақстаннан Қытайға сиыр етін экспорттауға құқығы бар деп танылған 4 кәсіпорынның бірі Алға ауданындағы «Ақтөбе ет кластері» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі болатын.

Материалдық емес мәдени мұра қалай түгенделіп жүр?

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 15 августа 2019 в 11:52

Материалдық емес мәдени мұра қалай түгенделіп жүр? Ақтөбе қаласындағы «Ақтөбе» қонақүйінің мәжіліс залында «ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұраны қорғау жөніндегі конвенциясын іске асырудың халықаралық тетіктері» атты республикалық семинар-тренинг өтті. Аталған шара Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясының рухани мәдени мұраны қорғау жөніндегі Ұлттық комитеті, Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясы және ЮНЕСКО-ның Алматы қаласындағы кластерлік бюросының, сондай-ақ облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен өтті.Семинарға облыстық, аудандық және қалалық мәдениет мекемелерінің, кітапханалар мен музейлердің қызметкерлері, тарихшылар, өнер адамдары қатысты.

Мемлекеттік қызмет істері департаментіне жаңа басшы келді

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 15 августа 2019 в 11:52

Мемлекеттік қызмет істері департаментіне жаңа басшы келді ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің жаңа төрайымы алғашқы тағайындаулар жасады. Анар Жаилғанованың бұйрығымен ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы лауазымына Әділбек Мұқашев тағайындалды.Әділбек Мұқашев 1981 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.2002 жылы ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясын заңгер мамандығы бойынша, кейін 2007 жылы Е.

Мектептер оқу жылына дайын ба?

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 15 августа 2019 в 11:42

Мектептер оқу жылына дайын ба? Жаңа оқу жылында облыстағы 403 мектепте 150 мыңға жуық оқушы білім алады. Мектеп табалдырығын аттайтын балдырғандардың үлесі 19 мыңнан асады. Қазірдің өзінде электронды форматта қабылданған 1-сынып оқушыларының саны — 13675 бала. Оқушыларға 14949 педагог сабақ береді. Дегенмен әлі 265 маман тапшы. Олардың басым бөлігі — орыс мектептерінің, орыс сыныптарының мұғалімдері.

Берсиевті әлемге танымал еткен тары Ақтөбеде неліктен таңсық асқа айналды?

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 15 августа 2019 в 11:12

Берсиевті әлемге танымал еткен тары Ақтөбеде неліктен таңсық асқа айналды? Тары өсіруден әлемдік рекорд орнатқан Шығанақ Берсиев — осы өңірдің перзенті екені, тиісінше Ақтөбенің брендінің қатарына аталған дақылды қосатынымыз белгілі. Сонау 1943 жылы 1 гектардан 201 центнер (!) өнім жинаған даңқты диқанның мол табысын қайталай алғандардың әлі күнге кездеспегенін де мойындамасқа лаж жоқ.

Ғұндардан қалған қорымдар…

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 15 августа 2019 в 11:02

Ғұндардан қалған қорымдар… «Құмыраны баспаңыз!» — деп жанұшырған дауыстан тоқтай қалып, аяғымыздың астына үрке қарағанбыз. Археологтар қазып қойған шұңқырдың бір шетіндешашырай жатқан топырақ түстес тастардан басқа ештеңе көзге түспеді.Жаңағы дауыс иесі, қаршадай ғана қыз — Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті тарих факультетінің 4-курс студенті Айман Тауман екен.

Бала қатыгез болмасын десең — бауырыңа тарт

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 15 августа 2019 в 10:52

Бала қатыгез болмасын десең — бауырыңа тарт Жасөспірімдер қылмысына байланысты өткен жиында облыс әкімі Оңдасын Оразалин «Облыстағы мемлекет қаржыландыратын 164 ювеналды полиция қызметкері өз жұмыстарын формалды түрде жүргізеді» деп сынады. Әдетте жасөспірімдер арасында ауыр қылмыстар жасалғанда, полиция мен заңбұзушылыққа барған оқушылары үшін мектеп мұғалімдерінің сөз еститіні қалыпты жағдайға айналды.Өткен жылмен биылғы жартыжылдықты салыстырғанда ресми дерек статистикасы арасында аса айырмашылық жоқ.
Показано 30 новостей из 5 349