Популярные темы

Елде жаңа үйдегі пәтерлер қымбаттады

Дата: 10 октября 2023 в 10:07 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Елде жаңа үйдегі пәтерлер қымбаттады
Стоковые изображения от Depositphotos

Қазақстанда тағы үй қымбаттай бастады.

Ұлттық статистика бюросы берген мәлімет бойынша күздің алғашқы айында жаңа үйдегі пәтер құны 1.5 % артқан.

Қымбатшылық Алматыда көбірек байқалды, мұнда үй бағасы бір айда бірден 5.2 % өсті.

Одан бөлек тізімде Павлодар (+2.9 %) мен Астана (+0.2 %) бар.

Екі қалада керісінше, жаңа пәтер арзандаған. Олар:
— Шымкент (—0.9 %);
— Көкшетау (—0.2 %).

Қалған 15 өңірде өзгеріс тіркелмеді.

Былтырғы қыркүйекпен салыстырғанда тұрғын үй 5.7 % қымбаттады.

Өсім бойынша көш бастаған қалалар:
— Павлодар (+18.9 %);
— Семей (+16 %);
— Ақтау (+11.7 %).

Астанада жаңа бой көтеріп жатқан үйлердің құны — 5.8 %, Алматыда — 6.5 %, ал Шымкентте 1 % артты.

Қыркүйекте жаңа үйдегі пәтердің бір шаршы метрінің бағасы орта есеппен 493 705 теңге құрады. Бұл тамызбен салыстырғанда 7 341 теңге жоғары.

Ең қымбат жаңа үйлер мына шаһарларда орналасқан:
— Астана — 588 834 теңге;
— Алматы — 575 345 теңге;
— Шымкент — 444 193 теңге.

Ең арзанын мына қалалардан табасыз:
— Жезқазған — 160 мың теңге;
— Ақтөбе — 266 мың теңге;
— Орал — 277 мың теңге.

Қазір қандай кешендер салынып жатқанын және пәтер қаншадан саудаланып жатқанын Krisha.kz-тегі «Жаңа құрылыстар» бөлімінен білуге болады.

По сообщению сайта Крыша

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями