Популярные темы

Абай облысында жаңа футзал командасы құрылды

Дата: 28 августа 2023 в 18:28 Категория: Новости спорта


Абай облысында жаңа футзал командасы құрылды
Стоковые изображения от Depositphotos

Абай облысында «Semey» футзал командасы құрылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаңа клубтың таныстыруына Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев, спорт ардагерлері, «Елімай» футбол командасының мүшелері және облыс тұрғындары қатысты. Жиналған қауымға арнайы шоу-бағдарлама ұйымдастырылды. Сондай-ақ, «Semey» МФК мен «Елімай» командасы арасында жолдастық кездесу өтті.

Атап өтсек, бұл ойынға 2004 және 2008 жылдардағы футзалдан әлем чемпионатының үздік ойыншысы, Фалькао атымен танымал Алесандро Роза Виейра арнайы қатысты. Әлемге атақты футболшы жолдастық кездесуде «Елімай» ФК құрамында ойнады.

«Semey» футзал клубы 2023 жылы шілде айында құрылған. Клуб Қазақстан мен Бразилияның жас футзалшылардың басын қосты. Олардың қатарында Жомарт Тоқаев, Шыңғыс Есенаманов, Райымбек Жұма, Кайо Торрес, Джайми Эвалди-Книис, Андерсон Дедесиньо, Рауан Атантаев бар.

Команда жетекшісі – Дави Мендонса. Ол «Канинде», «Конфиенса», «Эдукар де Глория», «Колония Трезе», «Итапоранга», «Сиара» сынды бразилиялық клубта үлкен тәжірибесі бар бапкер. Соңғы жылдары жарты жылда Серхипе кубогын жеңіп алған «Лагарто» клубын жаттықтырған.

Абай облысында құрылған футзал клубы жаңа маусымға толығымен дайын.

Жақын арада «Semey» МФК Қазақстан чемпионатының бірінші турында «Ақтөбе» командасымен кездеседі.

Сурет: Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Новости спорта
Поделитесь новостью с друзьями