Arna Press,
сегодня
в 14:58
Абай облысында халықтан атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу жөніндегі республикалық акция аясында тиісті жұмыстар жүргізілуде, деп хабарлайды Arnapress.kz ПД сілтеме жасап.Акцияның басты мақсаты — азаматтардың қолында заңсыз сақталған немесе пайдаланылмайтын атыс қаруын ерікті түрде қабылдап, оны азаматтық айналымнан шығару және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.Шара басталғалы облыс тұрғындарынан 38 өтініш келіп түскен.
Arna Press,
сегодня
в 12:38
Семейдегі аспалы көпірде болған жол апаты видеосы әлеуметтік желіде таралды. Осы жөнінде Абай облысының Полиция департаменті ресми ақпарат берді, деп хабарлайды Arnapress.kzПД хабарлауынша, 23 тамыз күні сағат 23:00 шамасында Семей қаласындағы аспалы көпірде Mitsubishi Pajero және Lada Priora автокөліктерінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды.Алдын ала мәлімет бойынша, Mitsubishi Pajero автокөлігінің жүргізушісі көлік құралын басқара алмай, жолдағы қоршауға соғылған.
Arna Press,
сегодня
в 12:38
Семей қаласында полицейлер жоғалып кеткен 8 жастағы баланы жедел іздестіру жұмыстарының нәтижесінде тауып, ата-анасына аман-есен тапсырды, деп хабарлайды Arnapress.kz ПД сілтеме жасап. Полицияға Цемпоселок ауданындағы «Атамекен» дүкені маңында баланың жоғалғаны туралы хабарлама түскен. Бала сөйлемейтін болғандықтан және оның Ертіс өзені бағытына кетіп қалуы мүмкін деген қауіп болғандықтан, жағдай шұғыл әрекет етуді талап етті.Хабарлама түскен сәттен бастап Әуезов аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері іздеу жұмыстарын ұйымдастырып, жақын маңдағы аумақ пен баланың жүруі ықтимал бағыттарды тексерді.Жедел жүргізілген іздеу шараларының нәтижесінде баланың орналасқан жері анықталып, ол аман-есен табылды.
Arna Press,
21 августа 2026
в 14:28
Қазақстан азаматтарына Корея Республикасында заңды түрде жұмыс істеуге мүмкіндік беретін Employment Permit System (EPS) жүйесі бойынша іріктеу тәртібі түсіндірілді, деп хабарлайды Arnapress.kz ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.Практикалық іріктеу Алматы қаласында EPS орталығы ашылғаннан кейін басталады.
Arna Press,
21 августа 2026
в 12:48
Семей қаласының сәулеттік келбетін жақсарту бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңімен жалғасуда, деп хабарлайды Arnapress.kz қала әкімдігі баспасөзіне сілтеме жасапКөпқабатты тұрғын үйлердің қасбеттері жаңартылып, заманауи сәулеттік жарықтандыру жүйелері орнатылуда.Бүгінде Ломоносов көшесі, 24 мекенжайындағы тұрғын үйдің қасбетін жөндеу және сәулеттік жарықтандыру жұмыстары толық аяқталды. Қазіргі уақытта Түрксіб көшесі, 30 мекенжайындағы көпқабатты үйде тиісті жұмыстар жүргізілуде.Бұған дейін Құнанбай көшесі бойындағы тұрғын үйлердің қасбеттері жаңартылып, сәулеттік жарықтандыру жүйелері орнатылған болатын.Қаланың көркін арттыруға бағытталған жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.Фото: Семей қаласы әкімдігінің баспасөзі
Arna Press,
21 августа 2026
в 11:38
«Invest Caravan» республикалық акциясы аясында Абай облысының прокуратурасы инвестициялық жобаны жүзеге асырып жатқан «Техноавиа-Қазақстан» ЖШС-нің құқықтарын қорғады, деп хабарлайды Arnapress.kz ҚР Бас прокуратурасына сілтеме жасап. Компания Семей қаласында арнайы қорғаныш аяқ киімін өндіруге арналған өндірістік-қойма кешенін салуды жоспарлаған.
Arna Press,
21 августа 2026
в 10:18
Семей қаласында өнегелі өмірімен ұрпаққа үлгі болып жүрген отбасыларды дәріптейтін «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының облыстық кезеңі қорытындыланып, жеңімпаздар марапатталды, деп хабарлайды Arnapress.kz облыс әкімдігінің баспасөзіне сілтеме жасап. Салтанатты шараға Абай облысының әкімі Берік Уәли қатысты.«Мерейлі отбасы» – отбасы мәртебесін арттырып, ата-ананың бала тәрбиесіндегі рөлін айшықтауға және адамгершілік құндылықтарды дәріптеуге бағытталған маңызды жоба.
Arna Press,
20 августа 2026
в 15:08
Алматы облысында 20 жеке сот орындаушысының букмекерлік кеңседе тұрақты түрде ойын шоттарын толықтырып, құмар ойындарға жүйелі түрде қатысқаны анықталды. Олардың ойын шоттарына аударған қаражатының жалпы көлемі 180 млн теңгеге жуықтады, деп хабарлайды Arnapress.kz ҚР Бас прокуратураға сілтеме жасап.
Arna Press,
20 августа 2026
в 12:18
Семей қаласындағы Мичурин және Морозов көшелерінің қиылысындағы теміржол өткелінің бетон төсемін ауыстыру жұмыстарының жүргізілуіне байланысты аталған учаскеде автокөлік қозғалысы уақытша шектеледі: 2026 жылғы 20 шілде сағат 22:00-ден 21 шілде сағат 06:00-ге дейін және 2026 жылғы 21 шілде сағат 22:00-ден 22 шілде сағат 06:00-ге дейін, деп хабарлайды Arnapress.kz қала әкімдігі баспасөзіне сілтеме жасап. Қала әкімдігі тұрғындар мен қонақтарынан қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлап, уақытша шектеулерді ескерулерін сұрайды.Фото: ЖИ
Arna Press,
20 августа 2026
в 12:18
Бір кездері әлемнің сән подиумдарында жүріп, әйгілі брендтердің киімдерін таныстырған Шыңғыс Таңатпаев бүгінде әскери форма киіп, Отан алдындағы азаматтық борышын өтеп жүр, деп хабарлайды Arnapress.kz ҚР Ұлттық ұланға сілтеме жасап.Қарағандыдағы 5451 әскери бөлімінің қатардағы жауынгері Шыңғыс Таңатпаев модельдік мансабын 17 жасында бастаған.
Arna Press,
20 августа 2026
в 10:08
Абай облысында автожанармай құю станцияларының желісі кеңейіп, 2026–2027 жылдары Семей қаласында жаңа форматтағы 12 станция ашу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Arnapress.kz Абай облысы әкімдігі баспасөзіне сілтеме жасап.2020 жылы құрылған «GAS&МҰНАЙ» кәсіпорны жанар-жағармай материалдарын көтерме және бөлшек саудада өткізеді.
Arna Press,
19 августа 2026
в 14:38
Елорда тұрғыны 2023–2025 жылдары қаржы пирамидасын ұйымдастырып, оған 6,2 мыңнан астам адамды тартқан, деп хабарлайды Arnapress.kz Бас прокуратураға сілтеме жасап.Нәтижесінде оның заңсыз табысы 337 млн теңгені құраған. Сот оған мүлкін тәркілемей, 5 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған.Бас прокуратура сот белгілеген жазаны тым жеңіл деп танып, кассациялық наразылық келтірді.Кассациялық сот прокурордың наразылығын қанағаттандырып, бұған дейінгі сот актілерінің күшін жойды. Іс жаңа сот талқылауына жіберілді.Қаржы пирамидасына қатысу азаматтарды қомақты қаржылық шығынға ұшыратуы мүмкін.
Arna Press,
19 августа 2026
в 14:38
Семейдегі «343 квартал» ОЖП жаңғырту бойынша жұмыстар жүргізілуіне байланысты және жұмыс көлемінің ұлғаюына сәйкес 2026 жылдың 15 тамызынан 2026 жылдың 31 тамызына дейін келесі мекенжайлар бойынша ыстық сумен жабдықтау кестесі ұзартылады, деп хабарлайды Arnapress.kz Семей қаласы әкімдігінің баспасөзіне сілтеме жасап.Силикатный кенті, 20; 21 үйлер;.
Arna Press,
19 августа 2026
в 14:38
«Креативті индустрияларды дамыту қоры» отандық әдебиет, кітап басып шығару және цифрлық оқу технологиялары саласындағы стартаптар мен инновациялық жобаларға арналған грант байқауын жариялады, деп хабарлайды Arnapress.kz ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.Байқау аясында: * 10 грант беріледі; * әр грант көлемі — 5 млн теңге; * жалпы грант қоры — 50 млн теңге.Байқауға комикс, балалар әдебиеті, көркем әдебиет және басқа да әдеби жанрлар бойынша жобалар мен авторлар, сондай-ақ LitTech бағытындағы цифрлық шешім әзірлеушілер қатыса алады.Сонымен қатар мәдени-демалыс, кітапхана, баспа, музей, IT және ойын әзірлеу салаларында жұмыс істейтін ұйымдар мен кәсіпкерлік субъектілері де өтінім бере алады.Маңызды талап: өтініш беруші Қазақстанда тіркеліп, QazaqCreative бірыңғай цифрлық платформасындағы креативті индустрия субъектілерінің тізіліміне енгізілген болуы керек.Өтінім қабылдау мерзімі:.
Arna Press,
19 августа 2026
в 10:38
Бесқарағай ауданында полиция қызметкерлері жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету кезінде Әуезов көшесінің бойынан ВАЗ-2114 автокөлігін басқарған 27 жастағы жүргізушіні тоқтатуға әрекет жасаған, деп хабарлайды Arnapress.kz ПД сілтеме жасап.Жүргізуші полиция қызметкерлерінің заңды талабына бағынбай, көлікпен қашып кетпек болған.
Arna Press,
19 августа 2026
в 02:38
Абай облысына 1241 адамнан тұратын 395 отбасы қоныс аударды. Оның 508-і Семей қаласынан, ал 733 адам еліміздің өзге өңірлерінен көшіп келген, деп хабарлайды Arnapress.kz облыс әкімдігінің баспасөзіне сілтеме жасап. Жобаның ауқымы соңғы аптадағы көрсеткіштен де байқалады. Бір аптаның ішінде облыс ауылдарына 42 отбасы қоныстанды.
Arna Press,
18 августа 2026
в 13:18
Қазақстанда бастауыш сынып оқушыларының «Цифрлық сауаттылық», «Еңбекке баулу», «Бейнелеу өнері», «Музыка» және «Дене шынықтыру» пәндері бойынша оқу нәтижелері де бағаланатын болады, деп хабарлайды Arnapress.kz Оқу ағарту министрлігіне сілтеме жасап.ҚР Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, аталған пәндер бойынша формативтік бағалау жүргізіліп, аралық бағалау тоқсанына бір рет өткізіледі.Министрліктің бірінші вице-министрі Шынар Ақпарова бұл өзгерістің мақсаты — барлық пән бойынша оқу бағдарламасында белгіленген нәтижелердің көрініс табуын қамтамасыз ету екенін атап өтті.Бағалау қосымша жазбаша бақылау жұмыстарын көбейтпейді.
Arna Press,
18 августа 2026
в 13:18
ҚР Оқу-ағарту министрлігі бастауыш сыныптардағы бағалау тәсілдерін жаңартады, деп хабарлайды Arnapress.kz ҚР Президенті жанындағы ОКҚ сілтеме жасап. Өзгерістер ата-аналардың өтініштері, педагогтердің ұсыныстары мен тәжірибесі, оқушылардың оқу жетістіктерін мониторингтеу нәтижелері, сондай-ақ отандық және халықаралық зерттеулер қорытындылары негізінде әзірленген.ҚР Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шынар Ақпарованың айтуынша, критериалды бағалау жүйесі сақталады.
Arna Press,
18 августа 2026
в 11:38
шкі істер министрлігі тасжолдарда жылдамдықты асыруға қатысты қате қалыптастырылған айыппұлдар бойынша түсініктеме берді, деп хабарлайды Arnapress.kzІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мұрат Қабденовтің айтуынша, 13–14 тамыз аралығында Бас прокуратураның «ЕРАП» ақпараттық жүйесінде техникалық ақау болған.Соның салдарынан орташа жылдамдықты асыруға қатысты кейбір құқық бұзушылықтар бір сәттік жылдамдықты асыру ретінде қате рәсімделген.Қазір ІІМ мамандары әріптестерімен бірлесіп, техникалық ақаудың салдарын жою жұмыстарын жүргізіп жатыр.Жүргізушілерге арнайы полицияға жүгінудің немесе қате айыппұлды дәлелдеудің қажеті жоқ.
Arna Press,
18 августа 2026
в 10:28
Абай облысының полицейлері демалыс күндері жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында жүргізілген профилактикалық іс-шара барысында Үржар ауданында мас күйінде көлік басқарған 34 жастағы жүргізушіні тоқтатты, деп хабарлайды Arnapress.kz ПД сілтеме жасап.Тексеру кезінде оның бұған дейін көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны анықталды.
Arna Press,
17 августа 2026
в 13:38
16 тамыз күні Мақаншы ауданындағы Қарабұлақ ауылдық округінің ашық аумағында құрғақ шөптің жануы орын алды, деп хабарлайды Arnapress.kz ТЖД сілтеме жасап.Өртті жоюға ТЖД, Шекара қызметінің, жергілікті атқарушы органдардың күштері мен құралдары және «Ауыл құтқарушылары» тартылды.Барлығы 77 адам және 10 техника жұмылдырылды.Жағдай бақылауда. Өрттің одан әрі таралуына жол бермеу бойынша қажетті шаралар қабылдануда. Өрттің ҚР мемлекеттік шекарасына өту қаупі жоқ.Фото: ТЖД видеосынан скрин
Arna Press,
17 августа 2026
в 11:38
Демалыс күндері Абай облысының полицейлері жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында түнгі рейдтік іс-шара өткізді, деп хабарлайды Arnapress.kz ПД сілтеме жасап. Бір түннің ішінде тәртіп сақшылары жол қозғалысы ережелерін бұзудың 233 дерегін анықтап, жолын кесті. Олардың қатарында қауіпсіздік белдігін және мотошлемді пайдаланбау, көлік жүргізу кезінде ұялы телефон қолдану, қауіпті маневр жасау, қарсы бағыттағы жолаққа шығу, сондай-ақ жолаушылар мен жүктерді тасымалдау талаптарын бұзу фактілері бар.Сонымен қатар көлік құралын жүргізу құқығынсыз, міндетті сақтандырусыз және техникалық байқаудан өткізбей басқарған жүргізушілер анықталды.Рейд барысында ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін құқық бұзушылықтарға ерекше назар аударылды.
Arna Press,
17 августа 2026
в 11:38
2023 жылы «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты аумағында болған алапат өрт ел жадында ауыр із қалдырғаны белгілі. Қызметтік міндетін атқару барысында 15 орман қызметкері қаза тапқан қайғылы оқиға табиғи апаттың ауқымын ғана емес, адам өмірінің қаншалықты қымбат екенін де көрсетті. Осы қасіретті оқиға «38.
Arna Press,
14 августа 2026
в 16:18
Абай облысында жол апаттары салдарынан 1 адам қаза тауып, 13 адам түрлі дене жарақатын алды6, деп хабарлайды Arnapress.kz ПД сілтеме жасап. Оқиғалардың төртеуі Аягөз ауданында болып, 8 адам зардап шеккен. Сонымен қатар Бесқарағай, Жаңасемей, Жарма және Үржар аудандарында бір-бірден жол-көлік оқиғасы тіркелді. Үржар ауданындағы апатта бір адам көз жұмды.Мұндай қайғылы жағдайлардың басты себептерінің бірі — малдың қараусыз жайылуы.
Arna Press,
14 августа 2026
в 11:08
Жыл басынан бері өңір аумағында алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келуге байланысты 5 557 фактінің жолы кесілді, деп хабарлайды Arnapress.kz ПД сілтеме жасап.Полиция өкілдерінің айтуынша, мұндай құқық бұзушылықтардың алдын алу – қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызды бағыттарының бірі.«Қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе масаң күйде жүру азаматтардың өзіне ғана емес, айналасындағы адамдарға да қолайсыздық тудыруы мүмкін.
Arna Press,
13 августа 2026
в 14:28
Семей қаласының оң жағалауындағы Восточный кентінде тұратын тұрғындар жол мәселесін көтеріп, редакцияға шағымдарын жолдады, деп хабарлайды Arnapress.kz.Саяжай тұрғындарының айтуынша, мұнда жылдар бойы шешімін таппай келе жатқан мәселе аз емес. Соның ішінде ең өзектісі – жолдың жағдайы. Әсіресе жаңбыр жауған кезде үй аралық көшелермен жүру тұрғындар үшін үлкен қиындыққа айналады.
Arna Press,
13 августа 2026
в 13:18
Астана қаласында азаматтарды қажылыққа апарамыз деп алдап, 60 млн теңге қаражатын иемденген екі адам сотталды, деп хабарлайды Arnapress.kz Бас прокуратураға сілтеме жасап.Олар Instagram әлеуметтік желісінде Сауд Арабиясының Мекке және Мәдина қалаларына қажылық сапарын ұйымдастыру туралы жарнама жариялаған.
Arna Press,
13 августа 2026
в 11:08
Қазақстанда электронды тұтыну жүйелерінің айналымына тыйым салынғанына қарамастан, оларды заңсыз әкелу, сақтау және сату фактілері әлі де анықталуда, деп хабарлайды Arnapress.kz ҚМА сілтеме жасап. Әсіресе бұл өнімдердің жастар мен кәмелетке толмағандар арасында таралуы алаңдатады.Жыл басынан бері Қаржылық мониторинг агенттігі вейптердің заңсыз айналымына қатысты 25 деректі тоқтатты. Қазіргі таңда 37 қылмыстық іс тергеліп жатыр.
Arna Press,
13 августа 2026
в 11:08
Әлеуметтік желілер мен кейбір ақпарат көздерінде 15 миллион қазақстандықтың жеке деректері тарады деген ақпарат пайда болды. Алайда министрлік жүргізген тексеру нәтижесінде бұл мәліметтердің шындыққа сәйкес келмейтіні анықталды, деп хабарлайды Arnapress.kz Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігіне сілтеме жасап.Ведомствоның мәліметінше, жарияланған деректер массивінің көлемі мен мазмұны бір-біріне сәйкес келмейді.
Arna Press,
13 августа 2026
в 11:08
Семей қаласында Халықаралық жастар күніне орай жастардың шығармашылық қабілетін қолдауға және олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға бағытталған ARВАТ FEST жастар кеші өтті, деп хабарлайды Arnapress.kz қала әкімдігі баспасөзіне сілтеме жасап.Шара Семей қаласы әкімдігінің және Семей қаласының Жастар ресурстық орталығының қолдауымен ұйымдастырылды.Ашық аспан астында өткен кеш қала жастарының басын қосып, олардың өнерін көпшілікке танытуға мүмкіндік берді. Іс-шараның басты ерекшелігі – «Ашық микрофон» форматы.