Arna Press,
сегодня
в 17:18
Көкпекті ауданының прокуратурасы ерекше режимде ұсталатын облыстық арнайы мектеп-интернаттың қызметіне тексеру жүргізіп, заңнама талаптарының бірқатар бұзылғанын анықтады, деп хабарлайды Arnapress.kz ҚР Бас прокуратураға сілтеме жасап. Тексеру барысында мекеменің 10 айдан астам уақыт бойы күзетсіз қалғаны белгілі болды.
Arna Press,
19 ноября 2026
в 16:08
2027 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда жұмысынан айырылу жағдайы бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемді тағайындау тәртібіне бірқатар өзгеріс енгізіледі, деп хабарлайды Arnapress.kz ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап. Жаңа өзгерістердің басты мақсаты – жұмыссыз қалған азаматтарды еңбек нарығына жылдам бейімдеу, лайықты жұмыс табуға көмектесу және жұмыспен қамту шараларының тиімділігін арттыру.Әлеуметтік төлем алу үшін қандай қадамдардан өту қажет?1.
Arna Press,
18 ноября 2026
в 16:18
Жаңа қаламгерлерді анықтап, олардың шығармашылығын қолдауға бағытталған «Қала хикаялары» республикалық прозалық байқауына өтінім қабылдау жалғасуда, деп хабарлайды Arnapress.kz ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап. Байқаудың мақсаты – қала мәдениетін, заманауи қоғамдағы өзгерістерді, адам өмірін, ұлттық болмыс пен қазіргі құндылықтардың сабақтастығын көркем әдебиет арқылы бейнелейтін жаңа шығармаларды қолдау.Байқауға Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады. Қатысушылардан қала прозасы жанрында жазылған, бұрын жарияланбаған, көлемі кемінде 10 авторлық баспа табақ болатын романдар қабылданады.
Arna Press,
12 ноября 2026
в 15:18
Қазақстанда 2026 жылғы қазанда іске қосылған әлеуметтік төлемдерден ерікті түрде бас тарту сервисін осы уақытқа дейін 729 азамат пайдаланған, деп хабарлайды Arnapress.kz ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап. Аталған сервис өзін және отбасын дербес қамтамасыз етуге мүмкіндігі бар азаматтарға мемлекеттік қолдаудан өз еркімен бас тартуға мүмкіндік береді.
Vera.kz,
12 ноября 2026
в 00:49
О чем не расскажут в пресс-релизах про новый Генплан Шымкента, выясняла vera.kzО необходимости провести корректировку Генерального плана Шымкента стало известно почти год назад. Действующий Генплан был принят в 2023 году и на его разработку были потрачены более 600 млн тенге. Правда, в нем кое-что забыли учесть.
Arna Press,
10 ноября 2026
в 17:28
10 қараша күні Семей қаласындағы Оқушылар сарайында (Semey Hub) DIGITAL ABAI 2026 форумы өтуде, деп хабарлайды Arnapress.kzАуқымды іс-шара жасанды интеллект, цифрлық технологиялар, технологиялық кәсіпкерлік, білім беру және ғылым салаларын тоғыстырып, өңірдің цифрлық даму әлеуетін таныстыруға бағытталған.Ресми ашылу салтанатында Astana Hub-тың Семей қаласындағы филиалының директоры Тұрсынжан Әнет Маратұлы қатысушыларға құттықтау сөз сөйлеп, форумның маңыздылығына тоқталды.Форум аясында технологиялық шешімдері мен инновациялық жобаларын таныстырған қатысушылар қатарында SolarMax, iSpark Digital, Jidek.kz, SanEduPortal, Mango Development, MediaLab Agency, Abay Agro Smart, Eltex, КИГРОС, MARti Technology, Alaqan, Artisan Education және TIREK Digital Group сияқты отандық компаниялар мен стартаптар болды.
EKaraganda.kz,
09 ноября 2026
в 12:25
Жиынға «Әділет» партиясының Қарағанды облыстық филиалынан ұсынылған кандидаттар Меруеш Башай, Сергей Ан және Сабыржан Амандықов қатысты. Кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылып, өнеркәсіп саласын дамыту, отандық өндірісті қолдау, кәсіпорындардың тұрақты жұмыс істеуі және жұмысшылардың еңбек жағдайын жақсарту мәселелері сөз болды.Кандидаттар кәсіпорын қызметкерлерінің пікірлері мен ұсыныстарын тыңдап, өндіріс саласындағы өзекті мәселелер бойынша ашық пікір алмасты.«Өндіріс орындарының дамуы өңір экономикасының нығаюына және жаңа мүмкіндіктердің қалыптасуына ықпал етеді.
EKaraganda.kz,
06 ноября 2026
в 17:56
Жиынға «Әділет» партиясының Қарағанды облыстық филиалынан ұсынылған кандидаттар Бекзат Алтынбеков, Жұрағат Баман, Елдос Жүнісов, Ербол Исмайлов, Рустам Танишбеков және Арафат Мажитов қатысты. Кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылып, өнеркәсіп саласын дамыту, отандық өндірісті қолдау, кәсіпорындардың тұрақты жұмыс істеуі, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жұмысшылардың әлеуметтік жағдайын жақсарту мәселелері сөз болды.Кандидаттар кәсіпорын қызметкерлерінің пікірлері мен ұсыныстарын тыңдап, өндіріс саласындағы өзекті мәселелер бойынша ашық пікір алмасты.«Өнеркәсіп – өңір экономикасының негізгі тіректерінің бірі.
EKaraganda.kz,
05 ноября 2026
в 18:35
Фестиваль аясында өңіріміздегі креатор-кәсіпкерлердің, қолөнершілердің, суретшілер мен стартап-жобалардың 20-ға жуық экспозициясы, қазақстандық дизайнерлердің сән топтамалары мен музей жәдігерлері көпшілік назарына ұсынылып, түрлі бағыттағы шығармашылық шеберлік сабақтары ұйымдастырылды. Көрме өңірдегі креативті индустриялардың сан қырлы әлеуетін танытты.
Arna Press,
04 сентября 2026
в 11:18
Семейде «38. Соңғы нүкте» толықметражды отандық драма-катастрофасының премьерасы өтті, деп хабарлайды Arnapress.kz облыс әкімдігінің баспасөзіне сілтеме жасап. Туындыға 2023 жылы «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты аумағында болған ауқымды өрт оқиғасы арқау болған.«38. Соңғы нүкте» – қазақстандық кинематографияда драма мен апат жанрын ұштастырған туынды.
Arna Press,
01 сентября 2026
в 13:28
Жаңа оқу жылында Абай облысында 100 мыңнан астам оқушы мектепке барса, оның 10 мыңнан астамы алғаш рет мектеп табалдырығын аттап отыр. Семей қаласында биыл 5 мың бүлдіршін бірінші сыныпқа қабылданды, деп хабарлайды Arnapress.kz облыс әкімдігі баспасөзіне сілтеме жасап. Білім күніне орай облыс әкімі Берік Уәли Семей қаласындағы Степной кентінде орналасқан №46 жалпы орта білім беретін мектепке барып, оқушыларды, ұстаздар мен ата-аналарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады.
Arna Press,
27 августа 2026
в 11:28
Семей қаласында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында жүргізілген рейд кезінде полиция қызметкерлері жүк көлігін басқарған 61 жастағы жүргізушінің құжаттары мен көлік құралы тексерілді, деп хабарлайды Arnapress.kz ПД сілтеме жасап.Тексеру барысында жүк көлігіне көрінеу жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі тағылғаны анықталды.Көлік арнайы тұраққа қойылдыҚұқық бұзушылықтың жолы кесіліп, көлік құралын әрі қарай пайдалануға тыйым салынды.
Arna Press,
17 августа 2026
в 11:38
2023 жылы «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты аумағында болған алапат өрт ел жадында ауыр із қалдырғаны белгілі. Қызметтік міндетін атқару барысында 15 орман қызметкері қаза тапқан қайғылы оқиға табиғи апаттың ауқымын ғана емес, адам өмірінің қаншалықты қымбат екенін де көрсетті. Осы қасіретті оқиға «38.
Arna Press,
13 августа 2026
в 11:08
Халықаралық жастар күніне орай Абай облысында талантты, бастамашыл және шығармашыл жастарды қолдауға бағытталған «Тәуелсіздік ұрпақтары»грантының жеңімпаздары марапатталды, деп хабарлайды Arnapress.kz облыс әкімдігі баспасөзіне сілтеме жасап.Салтанатты шараға облыс әкімі Берік Уәли, грант иегерлері, жастар ұйымдарының өкілдері мен белсенді жастар қатысты.Биыл байқау 7 бағыт бойынша өткізіліп, 74 өтінім қабылданды.
Arna Press,
12 августа 2026
в 11:28
Абай ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылған «Үздік көше – 2025» байқауының жеңімпазы анықталды, деп хабарлайды Arnapress.kz Абай облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Байқаудың басты мақсаты — тұрғындарды өз көшелерін абаттандыруға, қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысуға және елді мекеннің көркеюіне үлес қосуға ынталандыру.Байқау қорытындысы бойынша Қарауыл ауылындағы Ораз Құтжанов көшесінің тұрғындары «Үздік көше – 2025» аталымында жеңімпаз атанды. Қазылар алқасы көшенің тазалығын, тұрғындардың ұйымшылдығын және қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысуын жоғары бағалады.Жеңімпаз тұрғындар көшені одан әрі абаттандырып, балалар үшін қолайлы жағдай жасау жөніндегі ұсыныстарын білдірді.
Arna Press,
10 августа 2026
в 11:28
«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры 2026–2027 оқу жылына талапкерлердің жоғары оқу орындарында білім алуына арналған 350 білім беру грантын бөлді, деп хабаралайды Arnapress.kz Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.Грантқа ауылдық елді мекендердегі, сондай-ақ шағын және моноқалалардағы мектептердің 25 жасқа дейінгі түлектері үміткер бола алады.Басты шарт -талапкер төмендегі санаттардың біріне жатуы керек:жетім балалар және кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған тұлғалар; мүгедектігі бар тұлғалар; мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардың балалары; ата-анасының мүгедектігі бар талапкерлер.Грант иегерлеріне қандай қолдау көрсетіледі? — оқу ақысы жылына 1 миллион теңгеге дейін төленеді; — оқу кезеңінде ай сайын 60 мың теңге шәкіртақы беріледі;.
Arna Press,
31 июля 2026
в 20:18
2026 жылғы 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында Жалпыға міндетті білім беру қоры аясында әлеуметтік осал санаттағы балаларға мектеп формасын, аяқ киім мен оқу құралдарын сатып алуға қаржылай көмек көрсетіледі, деп хабарлайды Arnapress.kz Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасаОқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, жаңа 2026–2027 оқу жылы қарсаңында 450 мыңға жуық балаға қолдау көрсету жоспарланып отыр.
EKaraganda.kz,
29 июля 2026
в 20:15
«Әділет» партиясының баспасөз қызметі хабарлағандай, кандидаттар «Әділет» партиясының «Әділетті болашақ үшін» атты сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырды. Айта кетейік, партия сайлауалды бағдарламасында өңірлерді дамыту, өңірлердегі өндірістерді жаңғырту және еңбек адамдарын әлеуметтік жағынан жан-жақты қорғауға басымдық беріп отыр.
Arna Press,
29 июля 2026
в 13:58
Абай облысы полиция қызметкерлері Алматы — Өскемен автожолының 769-шақырымында жолаушылар тасымалымен айналысып жүрген Yutong маркалы автобусты тексерді, деп хабарлайды Arnapress.kz Полиция департаментіне сілтеме жасап. Тексеру кезінде көлік құралының техникалық талаптарға сай келмейтіні анықталды.
Arna Press,
24 июля 2026
в 15:08
Қазақстанда қой, жылқы еті мен тартылған ет бағасының өсуіне байланысты ет нарығына талдау жүргізіледі. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігіне сілтеме жасаған Arnapress.kz хабарлайды.Мұндай тапсырманы бағаны тұрақтандыру мәселелері жөніндегі кеңесте Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин берген.Соңғы аптада қой етінің бағасы 2%-ға, жылқы еті 1,3%-ға, ал тартылған ет 0,6%-ға қымбаттаған.Осыған байланысты өндіріс көлемі, ішкі тұтыну және экспорттық жеткізілімдер ескеріліп, нарықтағы ахуал жан-жақты зерттелмек.
Arna Press,
14 июля 2026
в 14:28
Жобалық кеңсенің отырысында жаңа Салық кодексіне енгізілуі мүмкін түзетулердің кезекті блогы қаралды, деп хабарлайды үкімет сайтына сілтеме жасаған Arnapress.kz Қазақстанда Салық кодексіне енгізілетін 45 жаңа түзету ұсынылды. Өзгерістер Жобалық кеңсе мен салалық жұмыс топтарының ұсыныстары, Мемлекет басшысының тапсырмалары және Үкімет шешімдері негізінде әзірленген.Жаңа түзетулердің қатарында цифрлық активтердің заңды айналымын дамыту үшін салықтық жеңілдіктер қарастырылған.
Arna Press,
13 июля 2026
в 13:08
Абай облысында облыс әкімі Берік Уәлидің бастамасымен жүзеге асып жатқан «Қаладан — ауылға» пилоттық жобасы аясында Бесқарағай ауданына еліміздің түрлі өңірлерінен 41 отбасы (135 адам) көшіп келді, деп хабарлайды Arnapress.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қоныс аударғандардың қатарында 13 жас отбасы, 7 толық емес және 2 көпбалалы отбасы бар.
Arna Press,
10 июля 2026
в 13:58
Көкпекті ауданында коммуналдық қызметтің материалдық-техникалық базасы жаңа техникамен толықты, деп хабарлайды Arnapress.kz Абай облысының әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ауданға Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) аясында бір арнайы қоқыс тасымалдау көлігі мен 50 заманауи еуроконтейнер берілді.Бұл қолдау Абай және Ұлытау облыстарын дамытуға бағытталған «Тұрақты даму: жаңадан құрылған облыстардағы өңірлік теңсіздіктерді еңсеру» жобасы шеңберінде жүзеге асырылды.Жоба барысында БҰҰДБ сарапшылары облыс әкімдіктерімен бірлесіп қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару жүйесіне талдау жүргізіп, өңірлердің қажеттіліктерін зерттеген.
Arna Press,
09 июля 2026
в 13:38
migration.enbek.kz порталында ерікті қоныс аударуды жоспарлап жүрген азаматтарға арналған жаңа цифрлық сервис қолжетімді болды, деп хабарлайды Arnapress.kz ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап. Енді пайдаланушылар қоныстандыру өңірлеріндегі бос жұмыс орындарын, тұрғын үй жағдайларын, мемлекеттік қолдау шараларын және бағдарламаға қатысушыларға ұсынылатын мүмкіндіктерді бір жерден көре алады.Сервисте еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтардың өзекті тізімі де жарияланған.
SportInfo,
08 июля 2026
в 13:17
Қазақстандық гроссмейстер Алишер Сүлейменов Бразилияның Матиньюс қаласында 28 маусым мен 5 шілде аралығында өткен X Torneio Internacional de Xadrez SESC Caiobá халықаралық турнирінің жеңімпазы атанды. Турнирге Оңтүстік Американың жетекші шахматшылары қатысқан 150 спортшы жиналды. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Қазақстан шахмат федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
SportInfo,
04 июня 2026
в 11:06
2026 жылдың 3-11 маусым аралығында Ақтөбеде «Владимир Дворковичті еске алу – Aktobe Open 2026» халықаралық шахмат турнирі өтуде. Жарысқа әлемнің 21 елінен – Армения, Әзербайжан, Болгария, Қытай, Хорватия, Англия, Үндістан, Иран, Қазақстан, Қырғызстан, Норвегия, Румыния, Ресей, Словения, Сербия, Швеция, Тәжікстан, Түрікменстан, Түркия, Украина және АҚШ-тан 210 қатысушы жиналды.
Arna Press,
01 июня 2026
в 14:08
Михаил Шайдоровқа қатысты мәселе шешімін тапты: келісімшартқа қол қойылды, деп хабарлайды Arnapress.kz Қазақстан Республикасы Туризм жəне спорт министрлігінің ресми telegram-каналына сілтеме жасап. Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровқа қатысты қоғамда талқыланып жатқан келісімшарт мәселесіне ресми түсініктеме берді.Вице-министрдің айтуынша, бүгінгі күні келісімшарт спортшының командасына жолданып, тараптар құжатқа қол қойған. Қол қою рәсімі қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жүргізілген.«Тараптар ортақ мәмілеге келіп, келісімшарттың барлық тармағын жан-жақты талқылады. Құжатқа қол қойылғаннан кейін министрлік оны жұмыс тәртібімен қабылдады.
SportInfo,
01 июня 2026
в 13:36
Елордада өңірлерден келген 100-ден астам жас спортшының басын қосқан «Динара Сәдуақасованың шахмат кубогы – 2026» республикалық турнирі өтті. Турнир швейцариялық жүйе бойынша FIDE халықаралық рейтингін есептей отырып ұйымдастырылды. Ал жарыстың жалпы жүлде қоры 1 000 000 теңгені құрады. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Қазақстан шахмат федерациясы баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Arna Press,
28 мая 2026
в 18:48
Мәжіліс жануарлар дүниесі, орман және аңшылық шаруашылығы салаларын реттеуге бағытталған заңнамалық өзгерістерді екінші оқылымда қабылдады, деп хабарлайды Arnapress.kz ҚР Парламенті Мәжілісіне сілтеме жасап. Сондай-ақ Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске бірқатар ілеспе түзетулер енгізілді. Жаңа заң жобасы жануарлар дүниесін қорғау, оны көбейту және тиімді пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды күшейтуді көздейді.
Arna Press,
26 мая 2026
в 16:58
Шымкенттік ең кішкентай барабаншысы 7 жасар Әли әлеуметтік желіде танымал. Табиғи талант тұнып тұрған. Көрсең көз тояды. Әлидің анасы Шынар Өтепбергенқызымен Arnapress.kz тілшісі сұхбаттасып, ұлының музыкалық қабілеті мен қызығушылығы туралы біліп көрді.«Ұлымның толық аты-жөні Әбсейіт Әли Бекнұрұлы. Әкесі — Әбсейіт Бекнұр Серікұлы. Әлидің барабанға деген қызығушылығы 1,5–2 жасынан басталды. Әкесі кішкентай кезінен өлең айтып, үстелді тарсылдатып ырғақ шығаратын.