Абай облысында облыс әкімі Берік Уәлидің бастамасымен жүзеге асып жатқан «Қаладан — ауылға» пилоттық жобасы аясында Бесқарағай ауданына еліміздің түрлі өңірлерінен 41 отбасы (135 адам) көшіп келді, деп хабарлайды Arnapress.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоныс аударғандардың қатарында 13 жас отбасы, 7 толық емес және 2 көпбалалы отбасы бар. Олар Семей, Астана, Алматы, Павлодар, Өскемен, Қарағанды, Қызылорда, Талдықорған, Ақсу, Екібастұз және Шортанды қалаларынан келген.
Көшіп келген барлық отбасы тұрақты жұмыспен қамтылған. Оның 16-сы жеке кәсіпорындарға, ал 25-і мемлекеттік мекемелерге жұмысқа орналасып, орман шаруашылығы, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, құқық қорғау, мемлекеттік басқару және төтенше жағдайлар салаларында еңбек етуде.
Жобаға жергілікті кәсіпкерлер де қолдау көрсетіп отыр. Бағдарлама аясында халық саны азайып, мектептердің жабылу қаупі бар Қоянбай, Кривинка, Башкөл және Жетіжар ауылдарына тұрғындарды тартуға басымдық берілген.
Сондай-ақ ауданда арнайы колл-орталық жұмыс істейді. Онда азаматтарға қоныс аудару тәртібі, жұмысқа орналасу, тұрғын үй және мемлекеттік қолдау шаралары бойынша кеңес беріледі.
Фото: ЖИ
По сообщению сайта Arna Press