Популярные темы

«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры жаңа оқу жылына 350 білім беру грантын бөлді

Дата: сегодня в 11:28 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры 2026–2027 оқу жылына талапкерлердің жоғары оқу орындарында білім алуына арналған 350 білім беру грантын бөлді, деп хабаралайды Arnapress.kz Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.

Грантқа ауылдық елді мекендердегі, сондай-ақ шағын және моноқалалардағы мектептердің 25 жасқа дейінгі түлектері үміткер бола алады.

Басты шарт -талапкер төмендегі санаттардың біріне жатуы керек:

жетім балалар және кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған тұлғалар;
мүгедектігі бар тұлғалар;
мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардың балалары;
ата-анасының мүгедектігі бар талапкерлер.

Грант иегерлеріне қандай қолдау көрсетіледі?

— оқу ақысы жылына 1 миллион теңгеге дейін төленеді; — оқу кезеңінде ай сайын 60 мың теңге шәкіртақы беріледі;
— шәкіртақы жазғы демалысты қоспағанда, жыл сайын 10 ай бойы төленеді.

Бұл — әлеуметтік қолдауды қажет ететін жастарға жоғары білім алуға мүмкіндік беретін маңызды жоба.

Егер сіз немесе таныстарыңыз осы талаптарға сәйкес келсе, грантқа қатысу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!

Фото: ЖИ

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями