Семей қаласында жылу желілерін жөндеу жұмыстарына байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылады, деп хабарлайды Arnapress.kz қала әкімдігінің баспасөзіне сілтеме жасап.
14 қараша күні сағат 08:00-ден 22:00-ге дейін Қайым Мұхамедханов көшесінің Абай көшесінен Ибраев көшесіне дейінгі аралығы автокөліктер үшін толық жабылады.
Осыған байланысты № 2, 3, 5, 9, 17, 28, 29, 31, 33, 35, 36, 41, 43 және 56 бағыттағы автобустардың қозғалыс сызбалары уақытша өзгереді.
Атап айтқанда, № 2, 17 және 35 бағыттағы автобустар Жұмабаев пен Найманбаев көшелері арқылы қатынайды. № 5 бағыт Найманбаев көшесімен, ал № 3 бағыт Шәкәрім даңғылы мен Дулатов көшесі арқылы жүреді.
Ал № 9, 33, 36 және 41 бағыттар Шәкәрім даңғылы мен Қабанбай батыр көшесі арқылы қатынаса, № 28 және 56 бағыттағы автобустар осы көшелерден кейін Қайым Мұхамедханов көшесіне шығады.
№ 29 бағыттағы автобустар Жұмабаев, Найманбаев, Қайым Мұхамедханов және Дулатов көшелерімен жүреді. № 31 және 43 бағыттар Жұмабаев көшесінен Дулатов көшесіне қарай бағытталады.
Кері бағыттағы автобустар да осы сызба бойынша қатынайды.
Уақытша шектеу кезінде «Орталық алаң», «Абай алаңы», «Жастар сарайы», «Медицина академиясы» және басқа да бірқатар аялдамаларға автобустар тоқтамайды.
Сонымен қатар, № 2, 17, 29, 31, 35 және 43 бағыттағы автобустар Жұмабаев көшесіндегі аялдамаға, ал № 3, 9, 28, 33, 36, 41 және 56 бағыттар Шәкәрім даңғылындағы аялдамаларға міндетті түрде тоқтайды.
Қала әкімдігі тұрғындар мен қонақтарды сапарларын алдын ала жоспарлап, қоғамдық көлік қозғалысындағы өзгерістерді ескеруге шақырады. Сондай-ақ жол жүру уақытының ұзаруы мүмкін екенін хабарлайды.
Фото: Жасанды интеллект арқылы
По сообщению сайта Arna Press