Популярные темы

ГЛАВНОЕ НА СЕГОДНЯ

Дата: 18 ноября 2021 в 13:21


ГЛАВНОЕ НА СЕГОДНЯ
Стоковые изображения от Depositphotos

Кеңес Одағы ыдыраған тұста еліміздегі барлық саланың шатқаяқтап, біршама қиындықтарды бастан өткергені белгілі. Сол жылдардағы жарықты апталап, тіпті айлап көрмеген отандастарымыз күндерін майшаммен өткізгені есінде болар. Сол күндердің барлығы қазір естелікке айналды. Энергетика саласына түскен қиыншылықтар мен тәуелсіз жылдары дамуға бет алған саланың жетістіктері жайында білмек болып, «KEGOС» АҚ-ға қарасты Сарыбай жүйеаралық электр тораптары» филиалының аға диспетчері Мейрам Мұқановтан сұраған болатынбыз.


Жиырма бес жылға жуық уақыт KEGOC компаниясында қызмет етіп келе жатқан «KEGOС» АҚ «Сарыбай ЖЭТ» филиалының аға диспетчері Мейрам Қуантайұлы әңгімесін 90-шы жылдардағы еліміздің энергетика саласында болған біршама қиындықтардан бастады.

– 90-шы жылдары кеңес үкіметінің ыдырауы энергетика саласына едәуір әсер етті. ТМД елдерін біріктіріп тұратын және мемлекеттер арасында қалыптасқан электр энергетикасы жүйесіне айтарлықтай нұқсан келді. Бұрынғыдай біртұтас жүйе болып ж ұмыс істеуден қалды. Нәтижесінде, Қазақстанның көптеген өңірлерінде халықты үздіксіз энергиямен қамтамасыз ету мүмкін болмай қалды. Электр энергиясын беруде шектеулер енгізілді. Халыққа жарықты сағатпен беретін кез осы жылдар еді. Уақыт өте келе, халықты үздіксіз жарықпен қамту, еліміздегі өнеркәсіптердің жүйесін қалпына келтіру мақсатында, мемлекет басшысының тапсырмасымен энергетика саласына жауапты ұлттық компания құрылды. Яғни, 1997 жылы «KEGOC» акционерлік қоғамы құрылды, – дейді Мейрам Қуантайұлы.

«KEGOC» акционерлік қоғамы еліміздегі Біртұтас электр энергетикалық жүйесінің Жүйелік операторы қызметін атқарады. Қазір компанияның балансында Ұлттық электр торапты құрайтын ұзындығы шамамен 26,4 мың шақырым болатын 220-1150 кВ электр жеткізу желілері мен трансформаторларының белгіленген қуаты 38,7 ГВА 81 қосалқы электр станциясы бар. Демек, аталмыш компания халыққа жарық беретін энергетика саласының күре тамырларымен жұмыс істейді. «Сарыбай ЖЭТ» солтүстік өңірдегі электр ағындарын бақылайтын «KEGOC» акционерлік қоғамының тоғыз филиалының бірі.

– KEGOC компаниясына релелік қорғаныс және автоматика инженері болып жұмысқа орналастым. Бастапқы кезде құралжабдықтар мен техникалар тапшылығы болғаны анық. Көптеген техникалық жабдықтар ескірген, материалдық ресурс деңгейінен шығып қалған болатын. Жаңадан құрылған компания қысқа мерзімде бұл олқылықтарды жойып, кәсіби ортада жұмыс істеуімізге жағдай туғыза бастады. Қосалқы станцияларда, желілерде жаңартужаңғырту жұмыстары қарқын алды. «KEGOC» АҚ Ұлттық электр нысандарын толығымен жаңартты десе де болады. Кеңес үкіметінен қалған ескі құрал-жабдықтардың барлығын алып тастап, олардың орнына SIEMENS фирмасының жаңа құрал-жабдықтарын орнатты. Электр желілерінің схемасын толық көруге мүмкіндік беретін видео қалқан мен электр энергиясы қуатын есептейтін АСКУЭ кешені енгізілді. Осылайша, білгір мамандар мен заманауи озық технологиялық құрал-жабдықтардың арқасында тұтынушыларды үздіксіз электр қуатымен қамтамасыз етуге м ү мкіндік т уды. Энерги я жүйесіндегі авариялық жағдайлар азайды, – дейді М. Мұқанов.

Сонымен қатар, маманның айтуы бойынша Компания тарихындағы ең ірі ауқымды инвестициялық жобаларды жүзеге асырып келеді. Бұл жобалардың аясында жаңа бағыттағы жаңа электр желілерін тартып, жаңадан қосалқы станциялар іске қосылады. Мұның барлығы елімізді қауіпсіз әрі тиімді электр энергиясымен қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстар екені анық.

KEGOС компаниясы «Сарыбай ЖЭТ» филиалының аға диспетчерлік қызметін атқарып жүрген Мейрам Қуантайұлының осы салада жүргеніне отыз жылға жуықтапты. Өзіне жүктелген міндеттерді жауапкершілікпен атқару өз алдына, компанияның өміріне қатысты барлық ақпараттардан хабардар отыратындығы сүйсінткені рас. Корпоративтік мақтаныш пен рухжігер деген осындайда айтылса керек-ті. Мейрам Қуантайұлының саналы ғұмырының көп бөлігін энергетикамен сабақтастырып келе жатқандығын өз мамандығына деген сүйіспеншілігі мен адалдығынан болар деп түйдік.

– Менің жұмыс күнім электр энергиясы режимінің есебін жүргізуден басталады. Содан кейін электр энергиясының аймақ бойынша кестеге сәйкес таратылуын қадағалаймын, әуе желілердегі өзге де жабдықтарды уақтылы жөндеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік жасау және авариялық апат кезінде жағдайды қалпына келтіру жұмыстарына қатысамын. Осының барлығы тұтынушыларды үздіксіз электр энергиясымен қамтамасыз етуге жағдай туғызады – дейді майталман маман.

Мейрам Мұқанов 1992 жылы Целиноград ауыл шаруашылығы институтын инженер-электрик мамандығы бойынша тәмамдап шығады. 2000 жылдары Қазақстанның білім орындарында, ал 2007 жылы ПЭИПК (Санкт-Петербург) оқу бөлімдерінде мамандығы бойынша білімін жетілдірді. Сонымен қатар, 2020 жылы «Энергоформ» АҚ оқу бөлімінде «Баламалы энергия көздерін қолдану кезінде жедел диспетчерлік басқару» бағыты бойынша білім алып, арнайы сертификатқа ие болған.

Мейрам Қуантайұлының ерен еңбектері еленіп, «KEGOС» АҚ, «KAZENERGY» қауымдастығының а л ғ ыс х ат т а ры мен қ ұ рме т грамоталарының иегері. Сондайақ, KEGOС компаниясының 20 жылдығына орай мерейтойлық медальмен марапатталып, «Сарыбай ЖЭТ» филиалының «Құрмет» тақтасына фотосуреті ілінген екен. Мейрам Қуантайұлының айтуынша, әке жолын қуып, энергетика саласына келген екен. Ендігі өз баласының осы мамандықты таңдап, әке жолын жалғастыратынына сенімді. «Өзім әке жолын қуып, энергетик мамандығын таңдаған едім. Қазіргі кезде қызым Гүлім инженер-электрик мамандығы бойынша білімін алып келіп, осы компанияда қызмет атқарып жүр. Қолынан іс келетін, талапты жастардың осы салада жұмыс істеуіне үлес қосып жүрмін», – дейді энергетик маман.

Әлбетте, компанияның әлеуеті артып, заманауи заманға сай өркендеген сайын қызметкерлердің де өз қызметтеріне деген құлшынысы артары сөзсіз. Сондай шабытты ортада энергетика саласына деген қызығушылық ұлғайып, осы мамандықты таңдаудағы ұрпақтар сабақтастығы арта түспек.

Сандуғаш ӘЛІМЖАНОВА

По сообщению сайта Костанайские Новости

Поделитесь новостью с друзьями