Популярные темы

Түркия: новости

12 дүркін Қазақстан чемпионы: Семейлік Аяна Исаханның спорттағы тарихы

Arna Press, 28 апреля 2026 в 14:38

12 дүркін Қазақстан чемпионы: Семейлік Аяна Исаханның спорттағы тарихы
Жақында Щучинск қаласында өткен тоғызқұмалақтан ересектер арасында рапид және блиц түрінен жекелей чемпионатта жүлделі орынға ие болған Семейлік Аяна Исаханмен Arnapress.kz тілшісі байланысқа шығып, жақын танысып, тілдесті.Исахан Аяна Жарасқызы — тоғызқұмалақтан Қазақстанның 12 дүркін чемпионы, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, әйелдер арасындаға II дүркін Азия чемпионы, әйелдер арасындағы чемпионаттың күміс жүлдегері, Жасөспірімдер арасында Әлем чемпионы, Жастар арасында Азия чемпионы.«Мен Абай облысы, Семей қаласының тумасымын.

Қазақстан WU-16 құрамасының Халықаралық даму турниріне қатысатын құрамы анықталды

SportInfo, 28 апреля 2026 в 14:16

Қазақстан WU-16 құрамасының Халықаралық даму турниріне қатысатын құрамы анықталды
16 жасқа дейінгі Қазақстан қыздар құрамасы Талғар қаласында өтетін Халықаралық даму турниріне қатысады. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі ҚФФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Турнирге Қазақстаннан бөлек Эстония, Израиль және Өзбекстан қыздар құрамалары қатысады. Матчтар 3, 5 және 8 мамыр күндері Талғардағы ҚФФ Ұлттық құрамалар базасында өтеді.

Қазақстан WU-17 құрамасы Черногорияны ірі есеппен жеңіп, Еуро іріктеуінің А лигасына жолдама алды

SportInfo, 08 апреля 2026 в 10:56

Қазақстан WU-17 құрамасы Черногорияны ірі есеппен жеңіп, Еуро іріктеуінің А лигасына жолдама алды
Қазақстанның 17 жасқа дейінгі қыздар құрамасы 2025/2026 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Черногория құрамасын жеңді. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі ҚФФ сілтеме жасап хабарлайды. Кездесу Юлия Мамонова шәкірттерінің пайдасына 4:1 есебімен аяқталды. Қазақстан құрамасы сапында Ботагөз Жұмажанова дубль авторы атанса, Софья Ягудина мен Балжан Төлеміс бір-бір голдан соқты.

Қазақстан қыздар құрамасының 18 жасқа дейінгі әлем чемпионатына дайындық жоспары белгілі болды

SportInfo, 26 декабря 2025 в 12:06

Қазақстан қыздар құрамасының 18 жасқа дейінгі әлем чемпионатына дайындық жоспары белгілі болды
2026 жылғы 19–25 қаңтар аралығында Стамбул қаласында 18 жасқа дейінгі қыздар арасындағы хоккейден IIA дивизионындағы әлем чемпионаты өтеді. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі ҚХФ сілтеме жасап хабарлайды. Жоғары дивизионға шығу жолындағы бәсекеде біздің қыздардың қарсыластары Корея, Латвия, Нидерланд, Жаңа Зеландия және Түркия құрамалары болады.

18 жасқа дейінгі қыздар арасындағы хоккейден әлем чемпионатындағы Қазақстан құрамасының матчтар кестесі

SportInfo, 25 декабря 2025 в 09:36

18 жасқа дейінгі қыздар арасындағы хоккейден әлем чемпионатындағы Қазақстан құрамасының матчтар кестесі
2026 жылғы 19–24 қаңтар аралығында Стамбул қаласында 18 жасқа дейінгі қыздар арасындағы хоккейден IIA дивизионындағы әлем чемпионаты өтеді. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі ҚХФ сілтеме жасап хабарлайды. Бұл турнирде біздің қыздар бірінші дивизионның «Б» тобына жолдама алу үшін бақ сынайды.

Семсерлесуші София Актаева Ислам ынтымақтастығы ойындарында күміс жүлдеге ие болды

SportInfo, 20 ноября 2025 в 10:06

Семсерлесуші София Актаева Ислам ынтымақтастығы ойындарында күміс жүлдеге ие болды
Семсерлесуден Қазақстан құрамасының өкілі София Актаева Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында күміс жүлдеге ие болды. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz сілтеме жасап хабарлайды. Жерлесіміз рапирамен семсерлесуден Исламиаданы екінші орынмен аяқтады.

Валерий Громыко мансабын Түркия жерінде жалғастырады деп күтілуде

SportInfo, 06 ноября 2025 в 09:06

Валерий Громыко мансабын Түркия жерінде жалғастырады деп күтілуде
28 жастағы жартылай қорғаушыға басқа командалардан ұсыныстар келіп түсуде. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Aladop.kz сілтеме жасап хабарлайды. Валерийдің өзі Түркия Суперлигасында бақ сынап көруге қарсы емес екен. Осы себептенде беларус «Қайраттағы» келісім шартын ұзартуға асықпай отыр. Айта кетейік, Громыко «Қайрат» сапында 2024 жылдан бері өнер көрсетіп келеді.

Қазақстандық балуан Шұғыла Өмірбек жастар арасында әлем чемпионы атанды

SportInfo, 25 октября 2025 в 11:26

Қазақстандық балуан Шұғыла Өмірбек жастар арасында әлем чемпионы атанды
Әйелдер күресінен Қазақстан құрамасының өкілі Шұғыла Өмірбек Сербияның Нови-Сад қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының алтын жүлдегері атанды. Бұл туралы Olympic.kz сілтеме жасай отырып Sportinfo хабарлайды. Отандасымыз 55 келіге дейінгі салмақта қарсылас шақ келтірмеді. Шұғыла финалда Түркия елінің өкілі Туба Демирмен алтын жүлдені сарапқа салды.

Қазақстан мен Түркия теннис саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

SportInfo, 21 октября 2025 в 09:06

Қазақстан мен Түркия теннис саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
Қазақстан мен Түркия теннис федерациялары теннисті дамыту саласында екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған өзара түсіністік туралы меморандум жасасты. Құжатқа ҚТФ президенті Болат Өтемұратов пен ТТФ президенті Шафак Мюдеррисгил қол қойды. Келісімде қос тараптың теннисті ұлттық және халықаралық деңгейде бірлесіп ілгерілетуге, сондай-ақ тәжірибе және спортты дамытудың негізгі бағыттарында озық машықпен алмасуға ұмтылысы көрініс тапқан. Қазақстан мен Түркия мынадай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асырумен жұмыстанатын болады: спортшылар мен бапкерлерді әзірлеу (бірлескен жаттығу жиындары, бапкерлермен алмасу және сарапшылардың ұлттық семинарлар мен конференцияларға қатысуы), жастарды қолдау (жас теннисшілерді даярлаудың табысты үлгілерімен алмасу, бірлескен турнирлерді ұйымдастыру), турнирлер өткізу (ATP, WTA және ITF турнирлерін қосқанда, кәсіби және жастар жарыстары), білім беру және қазылық жасау ( бапкерлер үшін оқу бағдарламаларын бірлесіп жасау, халықаралық тәжірибе алу үшін төрешілермен және басқа ресми адамдармен алмасу), инфрақұрылымды дамыту және инклюзивтік бағдарламалар.

Қазақстан құрамасының боксшыларының әлем чемпионатындағы алғашқы қарсыластары белгілі болды

Arna Press, 04 сентября 2025 в 13:28

Қазақстан құрамасының боксшыларының әлем чемпионатындағы алғашқы қарсыластары белгілі болды
4 қыркүйекке қараған түні өткен жеребе нәтижесінде Қазақстан құрамасының боксшыларының 2025 жылы Ливерпульде өтетін әлем чемпионатындағы алғашқы қарсыластары белгілі болды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында ерлер мен әйелдер арасындағы бірлескен алғашқы бокстан 2025 жылғы әлем чемпионаты басталды.

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ

Магнолия, 16 декабря 2024 в 17:28

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні — тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдына қайта егеменді ел болған күні. 1991 жылы КСРО ыдырап, Одақтың құрамындағы елдер өз алдарына жеке мемлекет болып жатты. Солардың қатарында Қазақстан да болды. 1991 жылы 16-желтоқсанда Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі «Тәуелсіздік пен мемлекеттің егемендігі туралы» заңды қабылдады.

Қазақстаннан ұшатын ең танымал он рейс аталды

Arna Press, 14 октября 2024 в 19:28

Қазақстаннан ұшатын ең танымал он рейс аталды
Азаматтық авиация комитеті біздің елден ең көп рейс жасалатын 10 бағытты атады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengritravel.kz сайтына сілтеме жасап«Қазіргі уақытта Қазақстаннан аптасына 778 рейс жиілігімен 132 бағыт бойынша 32 елге тұрақты халықаралық рейстер орындалады (қазақстандық және шетелдік әуекомпаниялар орындайды –авт.еск.).

Қазақстаннан тікелей рейстер: қайда ұшуға болады?

Arna Press, 09 октября 2024 в 19:28

Қазақстаннан тікелей рейстер: қайда ұшуға болады?
Қазақстаннан қанша елге тікелей рейс бар екені белгілі болды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Көлік министрлігінің баспасөз қызметі мәліметінше, бүгінде әңгіме әлемнің 32 елі туралы болып отыр.Тікелей ұшуға болатын елдер тізімі:Әзербайжан, Армения, Беларусь, Ұлыбритания, Вьетнам, Германия, Грузия, Египет, Үндістан, Иран, Италия, Қатар, Қытай, Кувейт, Қырғызстан, Малайзия, Чехия, Моңғолия, Нидерланды, БАӘ, Польша, РФ, Сауд Арабиясы, Тәжікстан, Тайланд, Түркия, Өзбекстан, Оңтүстік Корея, Мальдив аралдары, Бахрейн, Черногория, Греция.Қазақстаннан халықаралық бағыттар саны 132-ден астам әуе бағытын құрайды; аптасына қазақстандық және шетелдік әуекомпаниялар 778 рейсті орындайды.Көлік министрлігі «шет мемлекеттердің авиациялық билік орындарымен ынтымақтастықты кеңейту туралы тұрақты негізде келіссөздер жүргізіп отыратыны» нақтыланды.Сурет: ашық дереккөздерден

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Еркебұлан Оңалбекұлы Сәпиев Қазақстан Республикасының Албания Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымынан босатылды

Akorda.kz (KZ), 16 июля 2024 в 10:06

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Еркебұлан Оңалбекұлы Сәпиев Қазақстан Республикасының Албания Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымынан босатылды
Қазақстан Республикасы ПрезидентініңҚазақстан Республикасы Президентінің

Әбиба Әбужақынова тарихты жасауға дайын: Париж татамиінде оған қарсы кімдер шығады

Arna Press, 21 июня 2024 в 11:38

Әбиба Әбужақынова тарихты жасауға дайын: Париж татамиінде оған қарсы кімдер шығады
Соңғы екі жылда ол әлем чемпионатында жүлдегерлер қатарынан көрініп, екі рет тұғырдың үшінші сатысына көтерілді.Сондай-ақ, ол іріктеу кезеңінен сүрінбей өтіп, олимпиадалық рейтингті үшінші орынмен аяқтады. Бүгінде Абиба өзінің алғашқы Олимпиадасына дайындалып жатыр, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Биыл Әбиба Әбужақынова әлемдік жарыстарда бес рет жүлде алды.

Қазақстандықтар жыл басынан бері шетелге қанша ақша аударды

Arna Press, 04 июня 2024 в 18:18

Қазақстандықтар жыл басынан бері шетелге қанша ақша аударды
ҚР Ұлттық Банкінің статистикасына сәйкес, 2024 жылдың сәуір айында халықаралық ақша аударымдары жүйесі ХААЖ) арқылы жіберілген ақша аударымдарының жалпы көлемі 67,8 млрд теңге сомасына 209,4 мың транзакцияны құрады, деп хабаралйды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Бұл ретте транзакциялардың жиынтық көлемі 2024 жылғы қаңтар-сәуір аралығында 759,4 мың, ал транзакциялар сомасы – 243,9 млрд теңгені құрады.

Қазақстан енді түркі елдеріне көбірек жүк жібере алады

Arna Press, 29 мая 2024 в 14:48

Қазақстан енді түркі елдеріне көбірек жүк жібере алады
Мәжіліс депутаттары 29 мамырда өткен пленарлық отырыста Түркі мемлекеттері ұйымына қатысушы елдер арасындағы халықаралық аралас жүк тасымалы туралы келісімді ратификациялады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Тиісті келісімге 2022 жылғы 11 қарашада Самарқандтағы түркі мемлекеттері Ұйымының (ТМҰ) мүшелері қол қойды.Көлік министрі Марат Қарабаевтың айтуынша, бұл келісім көліктің әртүрлі түрлерін пайдалана отырып, Халықаралық жүк тасымалын жеңілдетуге, сондай-ақ ТМҰ-ға мүше мемлекеттер арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды дамытуға бағытталған.«2023 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен ТМҰ-ға қатысушы мемлекеттер арасында жүктерді тасымалдау көлемі шамамен 35 млн тоннаны құрады, бұл 2022 жылғы көрсеткіштен 20% — ға артық.

Қазақстанда 13,7 мыңнан астам шетел азаматы жұмыс істейді

Arna Press, 27 мая 2024 в 13:38

Қазақстанда 13,7 мыңнан астам шетел азаматы жұмыс істейді
2024 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 13 733 шетел азаматы еңбек етеді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Шетел жұмыс күшін (бұдан әрі – ШЖК) тартуға рұқсаттардың арасында мынадай санаттар бар: басшылар мен олардың орынбасарлары үшін 564 рұқсат (бірінші санат), құрылымдық бөлімшелердің басшылары үшін 2 599 рұқсат (екінші санат).

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы халықаралық құрамдастырылған жүк тасымалдары туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Akorda.kz (KZ), 06 мая 2024 в 19:56

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы халықаралық құрамдастырылған жүк тасымалдары туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды
Қазақстан Республикасы ПрезидентініңҚазақстан Республикасы Президентінің

Әлемнің 26 елінің радиостанциялары өздері қоятын музыкалар тізіміне қазақ күйлерін енгізді

Arna Press, 20 марта 2024 в 20:38

Әлемнің 26 елінің радиостанциялары өздері қоятын музыкалар тізіміне қазақ күйлерін енгізді
ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров 2024 жылы 20 наурызда өткен баспасөз конференциясында әлемнің 26 елінің радиостанциялары өздерінде ойналатын музыка тізіміне қазақ күйлерін қосқанын да жеткізді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Министр алғаш рет әлемнің радиостанциялары Қазақстан халқын Наурыз мерекесімен құттықтап, өз радио тыңдармандарына атақты қазақ күйлерін ұсынатынын айтады.

Қазақстанда әрбір үшінші еңбек мигранты Қытайдан

Arna Press, 20 февраля 2024 в 12:38

Қазақстанда әрбір үшінші еңбек мигранты Қытайдан
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстанда қанша шетелдік жұмыс істейтінін хабарлады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.2024 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша, жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 12 882 шетел азаматы еңбек етеді.«Шетел жұмыс күшін (ШЖК) тартуға рұқсаттардың арасында мынадай санаттар бар: басшылар мен олардың орынбасарлары үшін 565 рұқсат (бірінші санат), құрылымдық бөлімшелердің басшылары үшін 2 671 рұқсат (екінші санат).

ТӘУЕЛСІЗДІК — ТҰҒЫРЛЫ ҰҒЫМ.

Магнолия, 15 декабря 2023 в 18:08

ТӘУЕЛСІЗДІК — ТҰҒЫРЛЫ ҰҒЫМ.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні — тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдына қайта егеменді ел болған күні. Тәуелсіздік күні мерекесі әр жылдың 16 желтоқсанында аталып өтеді. Бұл күн ұлттық, мемлекеттік деңгейдегі елеулі мереке болғандықтан 16-17-желтоқсан күндері күнтізбеде демалыс болып табылады.

Астанада жолдар бөгеліп, полиция күшейтілген тәртіпке көшті

Arna Press, 31 октября 2023 в 10:08

Астанада жолдар бөгеліп, полиция күшейтілген тәртіпке көшті
Астанаға кіре берісте жеті бекет қойылып, барлық көліктер тексерілуде, полицейлер кезекшіліктің күшейтілген нұсқасына көшті., деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап. 31 қазанда Астана полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, елордалық полицейлер күшейтілген кезекшілікке көшірілді.
Показано 30 новостей из 40