Популярные темы

Валерий Громыко мансабын Түркия жерінде жалғастырады деп күтілуде

Дата: 06 ноября 2025 в 09:06


Валерий Громыко мансабын Түркия жерінде жалғастырады деп күтілуде

28 жастағы жартылай қорғаушыға басқа командалардан ұсыныстар келіп түсуде. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Aladop.kz сілтеме жасап хабарлайды. 

Валерийдің өзі Түркия Суперлигасында бақ сынап көруге қарсы емес екен. Осы себептенде беларус «Қайраттағы» келісім шартын ұзартуға асықпай отыр. 

Айта кетейік, Громыко «Қайрат» сапында 2024 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Бульбаштар құрамасының ойыншысы сары-қаралар қатарына «Қайсардан» ауысып келді. Содан бері ол Алматы ұжымы жейдесінде 52 матч өткізіп, 7 гол мен 14 голдық пас берді. 

Валерий Премьер-лиганың Дастан Сәтпаевтан кейінгі ең қымбат ойыншыларының бірі саналады. 28 жастағы жартылай қорғаушының трансфер құны қазірде 1,20 млн еуроны құрайды. 

По сообщению сайта SportInfo

Поделитесь новостью с друзьями