Популярные темы

Қазақстаннан ұшатын ең танымал он рейс аталды

Дата: 14 октября 2024 в 19:28 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Қазақстаннан ұшатын ең танымал он рейс аталды
Стоковые изображения от Depositphotos

Азаматтық авиация комитеті біздің елден ең көп рейс жасалатын 10 бағытты атады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengritravel.kz сайтына сілтеме жасап

«Қазіргі уақытта Қазақстаннан аптасына 778 рейс жиілігімен 132 бағыт бойынша 32 елге тұрақты халықаралық рейстер орындалады (қазақстандық және шетелдік әуекомпаниялар орындайды –авт.еск.). Оның ішінде ең көп рейс жасалатын 10 бағыт: Түркия, Ресей, БАӘ, Грузия, Египет, Қытай, Өзбекстан, Әзербайжан, Үндістан және Германия», – делінген ведомствоның редакцияның ресми сұрауына берген жауабында.

Осылайша, Қазақстаннан ең көп рейстер Түркияға, одан кейін Ресейге, одан әрі Біріккен Араб Әмірліктеріне ұшады.

«Бүгінде Қазақстанның әлемнің 32 елімен тікелей әуе қатынасы бар – Әзербайжан, Армения, Беларусь, Ұлыбритания, Вьетнам, Германия, Грузия, Египет, Үндістан, Иран, Италия, Қатар, Қытай, Кувейт, Қырғызстан, Малайзия, Чехия, Моңғолия, Нидерланды, БАӘ, Польша, Ресей, Сауд Арабиясы, Тәжікстан, Таиланд, Түркия, Өзбекстан, Оңтүстік Корея, Мальдив аралдары, Бахрейн, Черногория, Греция», — деп хабарлады Көлік министрлігі.

Сурет: ашық дереккөздерден

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями