Arna Press,
20 декабря 2024
в 19:18
Семейде дипломды сату желеуімен алаяқтық әрекет анықталды.49 жастағы жергілікті тұрғын сенімге кіру арқылы 28 жастағы әйелге медициналық колледж дипломын «сатамын» деп уәде еткен. Өзінің бұл өтірігі үшін ол 500 000 теңге алып, оны тез арада жұмсап тастаған.«Жәбірленуші ақшасыз және құжатсыз қалды, ал қаскүнемге қатысты алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Arna Press,
18 декабря 2024
в 16:08
Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Семей қаласы тұрғындарымен кездесуі өтті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Кездесуде өңірдің жеткен жетістіктері мен қолға алынған жобалар туралы айтылды.«Семей – талай тарихи оқиғаның кәугері, еліміздің рухани-мәдени орталығы. Сүйікті қаламызды көркейтуге көңіл бөлініп жатқанын білесіздер.
Arna Press,
10 декабря 2024
в 21:38
Абай облысында полиция қызметкерлері вейптерді таратуға бағытталған жасырын онлайн-дүкеннің қызметін тоқтатты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.«Жедел топ қылмыстық топтың ізіне түсті. Іс бойынша үш адам ұсталды: ұйымдастырушы, онлайн-дүкеннің әкімшісі және курьер. Қазіргі уақытта вейптерді заңсыз тарату бойынша тергеу жүріп жатыр.
Arna Press,
30 ноября 2024
в 18:28
Семейдегі жаңартылған Бейбітшілік аралында балалар теміржолы пайдалануға берілді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Балалар теміржолы 1979 жылы теміржолшылар күніне орай ашылған болатын. Алайда 90 жылдардың ортасына қарай жабылған еді. Міне, 20 жылдан астам уақыттан кейін балалар теміржолы қайта қалпына келтірілді.
Arna Press,
29 ноября 2024
в 15:18
Семейде жастар арасында жылдың үздіктері марапатталды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Семей қаласында 80 мыңнан астам жас бар. Олар қоғамның әртүрлі саласында белсенділік танытып, туған қаламыздың дамуына аянбай еңбек етіп келеді. Жастарымыз – болашағымыздың негізі, жарқын күндерге деген сеніміміздің кепілі.
Arna Press,
28 ноября 2024
в 14:48
Бүгінгі таңда Семей қаласындағы көппәтерлі тұрғын үйлерде 849 жеделсаты орнатылған, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Оның ішінде 305 жеделсаты ауыстыруды талап етеді. Бұл көрсеткіш жалпы жеделсатылардың 35,9%-ын құрайды. Семей қаласының жеделсаты шаруашылығындағы негізгі мәселе – нормативтік қызмет мерзімін өтеген жеделсатылардың көптігі.
Arna Press,
27 ноября 2024
в 14:48
Семей қаласындағы Морозов көшесінде колледждердің бірінде бірінші қабатта өрт шықты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Шақыру орнына жеткеннен кейін өрт сөндірушілер кабинетте жиһаз бен төбенің бөлшектері жанғанын анықтады. Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін барлық студенттер мен қызметкерлер өз бетінше далаға шықты.«Құтқарушылардың жедел әрекеттерінің арқасында өрт 15 шаршы метр алаңда сөндірілді.
Arna Press,
19 ноября 2024
в 15:28
Бүгін қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов 18 анаға «Батыр ана» атағын салтанатты түрде табыстады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Мемлекетіміз атаулы әлеуметтік көмек алатын көпбалалы отбасылардың жағдайын әрдайым басты назарда ұстайды. Біз алдағы уақытта да көпбалалы отбасыларды қолдау бойынша жұмыстарды жалғастыратын боламыз», — деді қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов. Қала әкімінің қабылдауында болған батыр аналар да өз кезегінде Мемлекет басшысына, облыс және қала әкіміне қолдаулары үшін алғыстарын білдірді.Айта кетейік, бүгінгі таңда облыс орталығында 5000-ға жуық отбасы көпбалалы ретінде арнайы әлеуметтік көмекпен қамтамасыз етілуде.
Arna Press,
19 ноября 2024
в 14:38
Семей қаласында жеке инвестор аймақтағы ең ірі ойын-сауық кешендерінің біріне айналатын заманауи жабық аквапарктің жобасын әзірлеуде, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Бірегей құрылымда су аттракциондары, SPA орталығы және барлық маусымдық климаттық жайлылық сақталады.
Arna Press,
19 ноября 2024
в 13:18
Қаладағы дүкендердің бірінде тонау қылмысы болды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Ер адам күш қолданып, тоңазытқыштан екі бөтелке сыраны алып кеткен. Дүкен қызметкерлері оны тоқтатпақ болғанымен, қаскөй қашып үлгерді.Полицейлер жедел әрекет етіп, «Сергек» жүйесінің көмегімен күдіктінің жеке басын анықтады.
Arna Press,
09 ноября 2024
в 18:48
Өрт сөндірушілер Семей қаласының Шугаев көшесінде жеке тұрған үш қабатты монша кешенінің өртін сөндірді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі. Бүгін түскі сағат бір шамасында, 112 пультіне қаладағы монша жанып жатқаны жайлы ақпарат түсті. ТЖМ ақпараты бойынша, оқиға орнында, өрт қазандықтың үй-жайында екінші қабатқа және жақын тұрған бір қабатты дүкеннің шатырына өрттің таралуымен болғаны анықталды. Құтқарушылар оқиға орнында жоғары дәрежемен жұмыс істеп, сағат 14:15 шамасында өрт оқшауланды. Қызыл жалын шамамен 15 минуттан кейін 132 ш.м. жалпы алаңда толығымен сөндірілді. Өрт сөндірушілер үш иінді баспалдақтың көмегімен 1992 жылы туған әйел адамды құтқарды.
Arna Press,
01 ноября 2024
в 12:58
Семей қаласында «Дамуында ерекшеліктері бар балалардың ата-аналары» қоғамдық бірлестігінің базасында ментальды бұзылыстары бар балаларға арналған әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау кабинеті ашылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Кабинеттің ашылуына Абай облысы әкімінің бірінші орынбасары Шалқар Байбеков, Германияның Қазақстандағы Елшісінің орынбасары Ульрих Кинне, жергілікті атқарушы билік өкілдері, құрметті қонақтар мен ерекше білім беруді қажет ететін балалардың ата-аналары қатысты.Кабинеттің ашылуы Астанадағы Германия елшілігінің үй-жайларды жабдықтауға бағытталған 2 005 000 теңге көлемінде гранттық қолдауының арқасында іске асырылды.
Arna Press,
29 октября 2024
в 20:28
Бүгін Семей әкімдігінің ұйымдастыруымен Әлеуметтік сала жүйесінің қызметкерлері күніне арналған мерекелік іс-шара өтті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.«Семей қаласында әлеуметтік салада 1000-ға жуық маман еңбек етеді. Әлеуметтік көмек алушылар саны былтырғы жылмен салыстырғанда 23% азайды.
Arna Press,
23 октября 2024
в 17:08
Осыған орай, Республика күні қарсаңында Семей қаласында алғаш рет «ProfCity-2024» іс-шарасы ұйымдастырылды деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Бұл іс-шара елдің экономикалық тұрақтылығын нығайтып, жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға бағытталған.
Arna Press,
23 октября 2024
в 17:08
Бүгін Республика күні қарсаңында Қарағайлы шағын ауданында пәтер кезегінде тұрған әлеуметтік осал топтарға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған азаматтарға 30 отбасыға пәтер кілттерін салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті. Рәсімге қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов қатысты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Arna Press,
17 октября 2024
в 12:38
Қаладағы көпқабатты үйлердің бірінде қоғам мен полиция арасындағы берік байланысты бейнелейтін мурал жасалды деп, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Суретші балаларға құрмет көрсетіп тұрған атты полицейді бейнелеген. Бұл жұмыс қазнетте танымал болып, көпшіліктің жүрегін елжіреткен роликке балама ретінде жасалған.Бұл бейне азаматтарды күн-түн демей қорғап жүрген полиция қызметкерлері өздерінің басты миссиясы — қоғамымыздың қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз етіп жүргенін бейнелейтін маңызды нышан.Сурет: Абай облысы ПД баспасөз қызметі
Arna Press,
14 октября 2024
в 13:58
Елімізде «Сheese open 2024» халықаралық ірімшік байқауы өтті. Оған Абай облысынан ірімшік жасау шебері Екатерина Паязитова қатысып, өнімі «Қазақстанның үздік ірімшігі» атағына ие болды деп, — хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Байқау 2 кезең бойынша өтті.
Arna Press,
08 октября 2024
в 19:18
Іс-шараға облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев, дәрігерлер, денсаулық сақтау саласының ардагерлері, студенттер, қала тұрғындары және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасапЖаңа сквер — жайлы демалыс орны ғана емес, сонымен қатар жергілікті тұрғындардың белсенді өмір салтын насихаттайтын кеңістік болмақ.
Arna Press,
03 октября 2024
в 18:28
Бүгін сағат 08:10-да Семей-Павлодар тасжолы мен Қарағайлы ықшамауданының қиылысында мопед пен автокөліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Алдын ала мәліметтер бойынша, 17 жастағы жүргізуші басқарған мопед алдында қозғалып бара жатқан «ВАЗ-2115» маркалы автокөлікке соқтығысқан. Қақтығыстың нәтижесінде мопед өртеніп кетті.
Arna Press,
22 сентября 2024
в 20:48
Бүгін қала күніне орай әртүрлі іс-шаралар ұйымдастырылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Ертіс өзенінің оң жағалауында Семей қаласының кондитерлері бірлесіп қала күніне орай 20 метрден асатын тәтті торт әзірледі. Тортты кондитерлер қала тұрғындарымен бірлесіп безендірді.Арбатта жас суретшілер арасында өткен «Семей.
Arna Press,
21 сентября 2024
в 19:08
Семей көшелерінде әппақ қойлек киген ханымдар, қалалықтардың назарын өзіне аударды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Қала күніне орай Семейде түрлі мәдени және ойын-сауық шаралар өткізілуде. Соның бірі «Қалындықтар шеруі». Бүгін 50-ден астам нәзік жандылар той көйлегін киіп, орталық саябақтан Арбат бойымен жүріп өтті.
Arna Press,
18 сентября 2024
в 15:58
Семейде лудоман алаяқтық жолмен адамдардың қаражатын иемденген, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Семей полициясына алаяқтың құрбаны болған 32 тұрғын жүгінді. Қаскүнемге сенім артқан жәбірленушілер ол қарызға сұраған үлкен соманы өз қолдарымен берген.Алдау жолымен келген ақша сомасы 250 мың теңгеден 11 млн теңгеге дейін өзгереді.
Arna Press,
15 сентября 2024
в 19:58
Акимат Семея опубликовал программу мероприятий, приуроченных ко Дню города, передает Arnapress.kz.Как сообщает пресс-служба акимата, грандиозное празднование пройдет в этом году под названием «Қала күнімен, Семейім!».В городе состоится большое количество мероприятий для жителей всех возрастов, которые продлятся три дня.Среди них фестиваль «Retro Fest» с ретро-музыкой и веселыми развлечениями, конкурс художников «Образ родного города», а также уличные театральные постановки, которые позволят насладиться живописными уголками Семея.Также будут открыты обновленные общественные пространства в Сквере медиков и на острове «Бейбітшілік» — обновлённом в этом году.В микрорайоне «Заря» состоится торжественное открытие современной школы-лицея № 50 AI Semey, а также филиала Центра «Активное долголетие» на левобережье.Помимо этого, пройдут спортивные соревнования «Семей батыры» и командный турнир по открытым боям в рамках лиги «ARB SEMEY».
Arna Press,
13 сентября 2024
в 20:28
Семейде Сәкен Сейфуллиннің аты-жөнін қате жазғандар сынның астында қалды. Себебі Сейфуллин көшесіндегі тақтайшаны жаңартқанда «Л» әріпі түсіп қалған, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі KTK арнасына сілтеме жасап. Семейде көше тақтайшасына Сейфуллиннің аты-жөнін қате жазған Семейде Сәкен Сейфуллиннің аты-жөнін қате жазғандар сынның астында қалды.
Arna Press,
29 августа 2024
в 15:48
237 семейлік баспаналы болды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов жаңа баспана иелерін құттықтады. – Ең алдымен баршаңызды Қазақстан Республикасы Конституциясы күні меркесімен шын жүректен құттықтаймын! Бүгін Семей қаласында көпбалалы отбасылар, ерекше қажеттіліктері бар азаматтар, бюджет саласының қызметкерлері және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар жаңа пәтерлердің иегерлері атанып отыр.
Arna Press,
29 августа 2024
в 15:48
Семей полигонының жабылуына арналған дәстүрлі «Бейбітшілік акциясы» өтті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.«Невада-Семей» халықаралық антиядролық қозғалысының белсенділері, жергілікті атқарушы орган өкілдері, қоғам қайраткерлері мен қала тұрғындары «Өлімнен де күшті» монументіне гүл шоқтарын қойып, ядролық сынақ құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алды.Шара аясында халықаралық ядролық қарсы іс-қимыл күніне арналған көрме қойылды.
Arna Press,
29 августа 2024
в 12:18
«DIGITAL KAZAKHSTAN: ЖАҢА ЗАМАНДАҒВ БІЛІМ БЕРУ» атты республикалық педагогикалық саммит аясында Семей қаласының педагог қызметкерлерінің кеңейтілген алқа отырысы өтті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Отырыстың спикерлері оқыту сапасын үздіксіз арттыру тәжірибесімен, «943 мақсатты мектепті дамыту» жобасын жүзеге асырумен және «ҰСТАЗ» платформасының жұмысы туралы тәжірибелерімен бөлісті.
Arna Press,
06 августа 2024
в 21:38
Жаңа бағдарлама бойынша ипотека алу үшін құжаттарды қабылдау 20 тамызда басталады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.«Тамызда Семей әкімдігі «Отбасы банк» АҚ-мен бірлесіп «Абай жастары» бағдарламасын іске қосады. Бағдарламаға 18-35 жас аралығындағы жастар, соның ішінде жас мамандар мен түрлі салада жұмыс істейтін жас отбасылар қатыса алады», — деп хабарлады Семей әкімдігі.Қала билігі алдағы бірнеше күнде қатысу шарттарын жариялайды. Құжаттарды қабылдау 20 тамызда басталады.Былтыр мұндай бағдарлама Семейде өткен.
Arna Press,
01 августа 2024
в 17:58
Семейде құтқарушылар саябағының салтанатты ашылуы өтті. — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Сквер аумағында балалар, ойын және демалыс алаңдары бар. Жақын орналасқан көп қабатты үйдің қасбетінде тақырыпқа сай түрлі-түсті мурал салынған. Тақтатас төселіп, абаттандыру және асфальттау жұмыстары жүргізілді.Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев өз құттықтауында жаңа сквердің қоғамның қауіпсіздігі үшін өмірлерін қатерге тігетін жандарға құрмет пен ризашылықтың белгісіне айналатынын атап өтті.
Arna Press,
01 августа 2024
в 17:08
Бүгін Семейде тоғызыншы қабаттың терезесінен бала құлады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Ол екі жаста. Қазіргі уақытта дәрігерлер баланың өмірі үшін күресуде. ТЖМ тағы да еске салады:Сурет: ашық дереккөздерден