Стоковые изображения от Depositphotos
Бүгінгі таңда Семей қаласындағы көппәтерлі тұрғын үйлерде 849 жеделсаты орнатылған, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оның ішінде 305 жеделсаты ауыстыруды талап етеді. Бұл көрсеткіш жалпы жеделсатылардың 35,9%-ын құрайды.
Семей қаласының жеделсаты шаруашылығындағы негізгі мәселе – нормативтік қызмет мерзімін өтеген жеделсатылардың көптігі. Айта кетерлігі, бұл жеделсатылар 25 жылдан астам уақыт бойы жұмыс істеп келеді.
Қала әкімі Нұрбол Нұрсағатовтың тапсырмасы бойынша, 2024 жылы Семей қаласында алғаш рет 2 үйдегі 4 жеделсаты жаңасына ауыстырылады. Олар:
1. Дулатов көшесі, 145 – 2 жеделсаты (оның біреуі бұрын тоқтатылған);
2. 15 шағын аудан, 18 үй – 2 жеделсаты (оның біреуі бұрын тоқтатылған).
Жеделсатыларды жаңғырту бағдарламасының шарттарына сәйкес, тұрғындарға 7 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге 0,01%-бен бюджеттік несие қарастырылған.
«Қала әкімдігі 2025 жылы да көппәтерлі тұрғын үйлердің тұрғындарымен бірлесіп, жеделсатыларды ауыстыру жұмысын жалғастырады», — делінген хабарламада.
Сурет; ашық дереккөздерден
По сообщению сайта Arna Press