Стоковые изображения от Depositphotos
Семейде Ертіс өзеніне жарыс кезінде автокөлік құлап кетті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«2025 жылғы 5 қаңтарда сағат 06:00-де Полковничий аралында, Бүркіт ұясы маңында жеңіл автокөлік жардан құлап, Ертіс өзеніне түскені туралы хабарлама түсті. Алдын ала мәліметтер бойынша, көлік ішінде төрт адам болған», — деп жазылған ресми хабарламада.
Оқиға орнына жедел түрде полиция қызметкерлері мен құтқарушылар жіберілді. Қазіргі уақытта іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.
Полиция жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңыздылығын еске салады және барлық азаматтарды мұндай қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.
Сурет: Абай облысы ПД баспасөз қызметі
По сообщению сайта Arna Press